"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24478 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйым - нысаналы ғылыми , ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі (бұдан әрі – ҒҒТҚН) - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге электрондық түрде www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) немесе қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көзделген құжаттар тізбесін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында мазмұндалған.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) мемлекеттік көрсетілетін қызметті 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетеді: электрондық түрде мемлекеттік көсетілетін қызмет нәтижесі ақпараттық жүйесі арқылы беру жүзеге асырылады, қағаз түрінде мемлекеттік көсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беру жүзеге асырылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.";

      қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Утверждены
приказом Білім және
ғылым министрінің
2021 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 481 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобалар
мен бағдарламаларды және
олардың орындалуы жөніндегі
есептерді мемлекеттік есепке
алу қағидаларына
1-қосымша

"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

1) электрондық түрде (www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе); 2) қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі:
электрондық – 5 (бес) жұмыс күні;
қағаз түрінде – 5 (бес) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

Электронды (ішінара автоматтындырылған) / қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға – мемлекеттік тіркеу нөмері берілген тіркеу картасы;
2) ғылыми-техникалық бағдарламаға – шифр берілген куәлік;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың орындалуы бойынша есепке - инвентарлық нөмір берілген ақпарат картасы;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне - мемлекеттік тіркеу нөмері берілген өтінім.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің электронды нысаны нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Қағаз түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Ақпараттық жүйе: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (727) 378-05-67, 378-05-09.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тіркеу картасы;
2) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға келесі қосымшалар:
2-1) 4-қосымшаға сәйкес "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" Ф1-біріздендірілген нысаны;
2-2) 5-қосымшаға сәйкес "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" Ф1-біріздендірілген нысанға титулдық беті;
2-3) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама жетекшісінің қолы қойылған түсіндірме жазба;
2-4) ағымдағы жылы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын, бағдарлама жетекшісі қол қойған құжат;
2-5) 6-қосымшаға сәйкес "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" Ф1-түзету нысаны;
2-6) 7-қосымшаға сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы (жылдық) есеп;
2-7) 8-қосымшаға сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы мәлімет;
3) 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат картасы бар "Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп" Мемлекетаралық стандартына МЕМСТ 7.32-2017 сәйкес ресімделген ғылыми, ғылыми-техникалық жоба/бағдарламаның орындалуы туралы есеп;
4) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін тіркеуге өтінім түрінде ресімделген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі және 11-қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді еспке алу жөніндегі нысандар; (қажет болған жағдайда) ұсынылады: 12-қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі - ҒҒТҚН) туралы мәліметтердің өзгергені туралы хабарлама; 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін пайдалану туралы мәліметтер; 14-қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін мемлекеттік тізілімінен ҒҒТҚН-ны алып тастау туралы хабарлама.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, заттардың, мәліметтер мен ақпараттың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну және олардың тиісінше рәсімделмеуі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың басқа негіздері белгіленуі мүмкін;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызмет алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі).

10.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болған жағдайда, ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан қол жеткізу режимінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері ақпарат алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады