Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте № 24493 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 337-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрдің м.а
С. Кожаниязов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрдің м.а
2021 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 380 бұйрығымен бекітілген

Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 337-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік субъектілерінің субъектілері (бұдан әрі - кәсіпкерлік субъектілері) тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті Кәсіпкерлік субъектілерден хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін (бұдан әрі - кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі) қалыптастырады және жүргізеді.

      3. Кодекстің 337-бабының 3-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етпестен, қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

      4. Қағидалардың осы талаптары қалдықтарды түзушілер болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жинағанға дейін олар түзілген жерде меншікті қалдықтарды жинақтау және сұрыптау бөлігінде қолданылмайды.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі

      5. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      6. Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес Кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі қызметтің бастау немесе тоқтату туралы хабарлама беруге міндетті.

      7. Хабарлама "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194) сәйкес беріледі.

      8. Кодекстің 337-бабының 4-тармағына сәйкес Кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде мынадай жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен шығарылады:

      1) Кәсіпкерлік субъектісі таратылған;

      2) сот шешімі заңды күшіне енген;

      3) Кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген жағдайларда.

      Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісі өтініш бергенге дейін өз міндеттемелерінің барлығын орындауға тиіс.

      9. Кодекстің 337-бабының 5-тармағына сәйкес Кәсіпкерлік субъектілер сот шешімі негізінде мынадай жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен шығарылады:

      1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұза отырып, қызметін жүзеге асырған;

      2) кәсіпкерлік субъектілері тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қызмет жүзеге асырылмаған жағдайларда.

      10. Кәсіпкерлік субъектісі таратылған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Кәсіпкерлік субъектісінің таратылғанын растайтын құжатты алған кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде алып тастау мерзімін көрсете отырып, оны кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдайды.

      11. Соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Кәсіпкерлік субъектісін шешімді алған кезден бастап 5 күн ішінде алып тастайды.

      12. Кәсіпкерлік субъектісі қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі қызметті ерікті түрде тоқтатқан жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ерікті тоқтату туралы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік 15 күн ішінде оны кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен шығару туралы шешім қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады