"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қыркүйекте № 24550 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық нормативтік актілердің тіркеу тізіліміне № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

      Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ХҚКО АЖ) "Жеке тұлға" мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі - ЖТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) болуына сұрау салуды қалыптастырады;

      ЖСН болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың электрондық көшірмелері бекітіле отырып, ХҚКО АЖ-да өтінім қалыптастырылады.

      ХҚКО АЖ-дан КҚП АЖ-ға өтінім келіп түскеннен кейін не көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      көрсетілетін қызметті беруші:

      1) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті КҚП АЖ-ға енгізеді (мәліметтер болмаған кезде);

      2) тұрақты сақтау мерзімімен жеке есеп ісіне қабылданған материалдарды қалыптастырады, олар осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың істерін есепке алу журналында тіркеледі. Журнал бойынша реттік нөмірі біруақытта істің реттік нөмірі болып табылады;

      3) күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде:

      Қазақстан Республикасының азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтағына тиесілі екені анықталмаған, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз елімізде тұрып жатқан көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты жауап алудың толық хаттамасын құрайды, онда көрсетілетін қызметті алушы қашан және қайда туылғаны, оның туу сәтінде ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының қайсысы және олардың азаматтығы, қайда тұрғаны және қазіргі уақытта қайда тұратыны, мән-жайларға қарай басқа да мәселелер көрсетіледі;

      КҚП АЖ арналары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - ПД КҚҚБ) келісуге есепке алу ісі жолданады;

      банктік мекемеге төлем қабілеттігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалылығы мәніне сұрау салуды жолдайды;

      ішкі істер органдарының есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      "Бүркіт" БАЖ арналары арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды.

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары материалдарды келісуді күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде жүзеге асырады;

      4) күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде тексеріс нәтижесі бойынша мүдделі органдардан жауап алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы не осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығарады;

      5) күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы не рұқсатты беруден бас тарту туралы осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жолданады.";

      3-қосымшада:

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі


Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн.

      ";

      6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, төлем мөлшері – мемлекеттік баж төленетін күнге анықталған 4 АЕК

      ";

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Рұқсат беру туралы өтінішті қызмет көрсетуші немесе Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес; 2)
көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс; бірлесіп өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
3) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
5) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
7) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
8) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
9) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
10) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылуы туралы анықтама (жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлға жүгінген кезде оның туғаны немесе басқа мемлекеттің аумағында тұрғаны анықталса);
11) мемлекеттік бажды төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат беріледі. 4), 5), 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Өзге мемлекеттің азаматтығын Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме арқылы рәсімдеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар қызмет алушы 1), 2), 5), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызмет алушы, егер оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, жанашыры) Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын болып табылған жағдайда 1), 2), 6) 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасынан шет елде тұратын екінші ата-анасынан нотариалдық расталған өтініш-келісім қағазын ұсынады. Басқа мемлекеттің азаматтық мәртебесі жоқ Қазақстан Республикасына келген көрсетілетін қызметті алушы тұлғаға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін беру туралы қорытынды шығарылады. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударылғанын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады. Шетел мемлекеті билігінің қатысуымен немесе сол биліктен шығатын құжаттар мен актілер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған Халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына сәйкес заңдастыру болған кезде қарауға қабылданады.";

      ";

      4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 573 бұйрығына
қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты
тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
4-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ – САУАЛНАМА _______________________________________________________________________ полиция органының атауы

  Фотосуреттің
орны
(35 x 45 мм)

Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер

      1. Құқықтық мәртебесі______________________________________________________

      _______________________________________________________________________

                              (азаматтығы жоқ адам, шетелдік)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса)

      _______________________________________________________________________

                  (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

      2. Аты,жөні, тегі (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (егер атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен болса, бұрынғы атын, әкесінің

      атын (ол болған жағдайда) көрсету қажет, өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке

      басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және латын алфавиттерінің

      әріптерімен жазылады)

      3. Туған күні, айы, жылы және жері ___________________________________________

      _________________________________________________________________________

      4. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар

      ________________________________________________________________________

      5. Бұрынғы азаматтығы (тиесілігі)

      ________________________________________________________________________

      (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)

      6. Жынысы ______________________________________________________________

      7. Отбасы жағдайы _______________________________________________________

      (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

      ________________________________________________________________________

      ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

      8. Ұлты _________________________________________________________________

      (қалауы бойынша көрсетіледі)

      9. Жеке басын куәландыратын құжат _______________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (Мемлекет, құжаттың түрі, нөмірі, сериясы, берілген күні, жарамдылық мерзімі)

      10. Факт бойынша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны_____________________

      _______________________________________________________________________

      11. Отбасы мүшелері:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда









      12. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен

      жүгіндіңіз ба ____________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды

      13. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Қабылданған және босатылған күні, айы және жылы

Мекемені көрсете отырып, лауазымы

Жұмыс орнының мекенжайы

      14. Сіз ауыр және аса ауыр қылмыстық теріс қылық не рецидиві қауіпті деп танылған

      қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен

      сотталдыңыз ба, егер сотталсаңыз, қанша рет және қашан

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      15. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін бірге жүгінген отбасы

      мүшелері туралы мәліметтер:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда









      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын: ___________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттан бас тартылатыны не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылатыны туралы маған ескертілді.

      Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

      20__ жылғы "___" _______________             ________________________

      (өтініш берілген күні)             (өтініш берушінің қолы)

      20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің дұрыс толтырылғанын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім,

      өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын

      растаймын _____________________________________________

      _________________________________________________________________________

      арнаулы атағы (егер бар болса),

      __________________________________________________________________________

      құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

      __________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.

      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны қойылады.

      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.

      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігіні нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады