"Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24580 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 86 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 139 бұйрығымен
бекітілген

Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері үшін үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде және олар әрбір үш жылда өзгерген кезде қолданылады.

2-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау

      2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті бюджеттерінің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЖСТі=КБКі - ШБКі, мұнда:

      ЖСТі – і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі;

      КБКі – і-облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) кірістерінің болжамды көлемі;

      ШБКі – і-облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) шығындарының болжамды көлемі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне бюджеттік субвенциялар белгіленеді.

3-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып бекітілген) бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

4-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 54, 55, 56 және 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізуге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеуге, азық-түлік пен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге, күрделі шығындар мен басқа да шығындарға (бұдан әрі – ағымдағы шығындар) арналған шығындардан тұрады.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері шығындарының болжамды көлемдерінен жергілікті бюджет бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілмеу сомаларын ескеретін өткен үш жылда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарының орташа көлемі алып тасталады.

      "Білім беру" функционалдық тобы бойынша "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" кіші функциялары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес функционалдық кіші топтар, жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялар, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффиценттер тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша есептеледі.

1-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындары болжамды көлемінің есеп-қисабы

      5. Осы Әдістемеге сәйкес есептелген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау үшін ғана пайдаланылады.

      6. Ағымдағы шығындардың есеп-қисабы үшін тұтастай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар:

      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлерге сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

      2) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауынан кейін жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін ережелері;

      4) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен өңірлер бойынша абсолюттік сомалармен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар ескеріледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінен Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша бұрын жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізілген шығындар алып тасталуы мүмкін;

      5) Тізбенің "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобы бойынша "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясы бойынша Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептелген қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша түсімдер;

      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың республикалық бюджеттің есебінен салынған, жаңадан іске қосылатын объектілерін күтіп-ұстауға арналған, тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары ұсынатын шығындар;

      7) Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде облигациялық қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсету шығындары;

      8) үш жылдық кезеңге бұрын қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болжамы ескеріледі;

      9) құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге арналған шығындар.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есеп-қисаптық базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша нақтыланған жоспар ескеріле отырып, ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      10. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінің есеп-қисабы Тізбеде келтірілген көрсеткіштер мен коэффиценттер ескеріле отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының бөлінісінде жүргізіледі.

      Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санын бағалау қолданылады.

      11. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарының есеп-қисабы мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      ЕШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есеп-қисап шығындары;

      Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың саны;

      К1іj,..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      12. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:



      Халі – і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халық санының болжамы;

      Халіауыл – і-облысының ауыл халқының болжамды саны;

      – j функционалдық кіші тобы бойынша (барлық өңірлер бойынша жиынтығында) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициентінде жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстардың қажеттілігі ескеріледі;

      2) кедейлікті есепке алу коэффициенті (кірісі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):



      bі – і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жалпы халық санында кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициентінде кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының ұлғаюы ескеріледі.

2-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің есеп-қисабы

      13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемінің есеп-қисабы әрбір облыс республикалық маңызы бар қала, астана бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = АШi* k1* k2, мұнда:

      БДБШі – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есеп-қисап шығындары;

      АШi – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындары;

      k1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      k2 – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін қолданылатын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасына жоғарылату коэффициенті.

      14. Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k1 14,6% теңеседі.

      k1 шамасы орта мерзімдегі кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдың жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміне жергілікті бюджеттерді дамытудың бюджеттік бағдарламасы бойынша орташа арифметикалық шама ретінде айқындалады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда):

      2019 жылы – 3 228 466 037 мың теңгені;

      2020 жылы – 4 219 107 377 мың теңгені құрайды.

      2021 жылға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындары (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспар 4 239 113 286 мың теңгені құрайды.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі:

      2019 жылы – 558 939 727 мың теңгені;

      2020 жылы – 563 163 740 мың теңгені құрайды.

      2021 жылға арналған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар бойынша жоспар 555 100 000 мың теңгені құрайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы:

      2019 жылға – 17,3 %;

      2020 жылға – 13,3 %;

      2021 жылға – 13,1%-ды құрайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің өткен үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 14,6%-ды құрайды.

      15. Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ерекше мәртебесіне сәйкес олардың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне 1,5 жоғарылату коэффициенті қолданылады.

      k2 жоғарылату коэффициенті орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдағы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша орташа арифметикалық ретінде айқындалады.

      Нұр-Сұлтан қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда):

      2019 жылға – 200 605 897 мың теңгені;

      2020 жылға – 251 144 222 мың теңгені құрайды.

      Нұр-Сұлтан қаласының 2021 жылға арналған ағымдағы шығындары (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспар 290 436 352 мың теңгені құрайды.

      Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі:

      2019 жылға – 45 816 055 мың теңгені;

      2020 жылға – 59 717 882 мың теңгені құрайды.

      Нұр-Сұлтан қаласының 2021 жылға арналған бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар жоспары 48 088 882 мың теңгені құрайды.

      Нұр-Сұлтан қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы:

      2019 жылға – 22,8 %;

      2020 жылға – 23,8 %;

      2021 жылға – 16,6% құрайды.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Нұр-Сұлтан қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 21,1%-ды құрайды.

      Алматы қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда):

      2019 жылға – 282 974 972 мың теңгені;

      2020 жылға – 405 637 359 мың теңгені құрайды.

      Алматы қаласының 2021 жылға арналған ағымдағы шығындар (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспары 442 672 981 мың теңгені құрайды.

      Алматы қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі:

      2019 жылға – 56 641 533 мың теңгені;

      2020 жылға – 71 430 594 мың теңгені құрайды.

      Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар жоспары 134 781 865 мың теңгені құрайды.

      Алматы қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы:

      2019 жылға – 20,0 %;

      2020 жылға – 17,6 %;

      2021 жылға – 30,4%-ды құрайды.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Алматы қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 22,7%-ды құрайды.

      Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындары көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 21,9%-ды құрайды.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің орташа пайыздық қатынасының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ағымдағы шығындары көлеміне 21,9% пайыздық қатынасы k1 шамасына (14,6%) 1,5 құрайды.

5-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылы

      16. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдерін айқындау;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау;

      3) осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау үшін мәліметтер ұсынуы және келісуі кезінде жүзеге асырылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін айқындау үшін жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындаудың есеп-қисаптарын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      18. Республикалық бюджет комиссиясында қаралғаннан кейін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы тиісті заңда белгіленеді.

      19. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.

      20. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 86 Жалпы сипаттағы
трансферттердің есеп-қисаптары
әдістемесіне
1-қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы Көрсеткіштер Коэффициенттер
1 2 3

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны


Қаржы қызметі


Жоспарлау және статистикалық қызмет


Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер


2. Қорғаныс

Әскери қажеттіліктер

18-ден бастап 27 жасқа дейінгі әскерге шақырылатын жастағы ер азаматтар


Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Тұрақты халық саны

төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етудің орташа республикалық деңгейі

3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

Құқық қорғау қызметі

Тұрақты халық саны


Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны


4. Білім беру

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту



Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру



Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

14-тен 18 жасқа дейінгі адамдар

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

Мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

Тұрақты халық саны


Білім беру саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

5. Денсаулық сақтау

Халықтың денсаулығын қорғау

Тұрақты халық саны

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

Мамандандырылған медициналық көмек


Емханалар

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

Медициналық көмектің басқа да түрлері

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер


6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

6-18 жастардағы балалар саны және зейнеткерлік жасынан асқан халық саны

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

кедейлікті есепке алу (кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер


7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр)


Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны

жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу жағдайы

Елді мекендерді абаттандыру


8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;

Спорт

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі

Ақпараттық кеңістік

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу

Туризм

Туризм, тәулігіне төсек орын саны


Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де көрсетілетін қызметтер

Тұрақты халық саны


10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті көлемі


Су шаруашылығы

Суды тұтыну (миллион текше метр)


Орман шаруашылығы

Мемлекеттік орман күзетінің нормативтік саны

ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу

Қоршаған ортаны қорғау

Тұрақты халық саны


Жер қатынастары

Тұрақты халық саны


Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

Тұрақты халық саны


11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Тұрақты халық саны


12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар, оның ішінде елді мекендер ішіндегі автожолдардың және көшелердің ұзындығы (километр)

жолдардың жай-күйінің үлесін есепке алу

Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны


13. Өзгелері

Экономикалық қызметті реттеу

Тұрақты халық саны


Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау



Өзгелері

Тұрақты халық саны


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 86 Жалпы сипаттағы
трансферттердің есеп-қисаптары
әдістемесіне
2-қосымша

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындауға арналған мәліметтер

р/с
Атауы Өлшем бірлігі Ақпарат көзі
1 2 3 4

1

Халық саны:

адам

Еңбекмині

қала халқының саны

6 жасқа дейінгі балалардың саны

1-5 жастағы балалардың саны

6-18 жастағы балалардың саны

14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың саны

18-ден 27 жасқа дейінгі ер адамдардың саны

зейнеткерлік жастан асқан халық саны

2

Су тұтыну көлемі

миллион текше метр

ЭГТРМ

3

Мемлекеттік орман күзетінің нормативтік саны

штаттық бірлік

ЭГТРМ

4

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің әлеуетті көлемі

миллион теңге

АШМ

5

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы

мың шаршы километр

СЖРА ҰСБ

6

Жергілікті маңызы бар, оның ішінде елді мекендер және көшелер ішіндегі автожолдардың ұзындығы

километр

ИИДМ
ЖАО

7

Тәулік-төсек саны

тәулік-төсек

МСM

8

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

%

Еңбекмині

9

Облыстардың ауылдық жерлеріндегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу

%

ЖАО

10

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу жағдайы

%

ИИДМ

11

Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі

%

МСМ

12

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу

%

ТЖМ

13

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі

%

ИИДМ

14

Жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша нақтыланған жоспарды ескере отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындары

мың теңге

ЖАО

15

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың "Білім беру" функционалдық тобы бойынша "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" кіші функциялары бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі

мың теңге

БҒМ

16

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жаңадан іске қосылатын объектілерін күтіп-ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығындардың болжамды көлемі

мың теңге

ОMО

17

Жергілікті бюджет бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілмеу сомаларын ескеретін өткен үш жылда қалыптасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджет қаражатының бос қалдықтары

мың теңге

Қаржымині
ЖАО

18

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде облигациялық қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсету шығындарының болжамды көлемі

мың теңге

Қаржымині
ЖАО

19

Үш жылдық кезеңге бұрын қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болжамы

мың теңге

Қаржымині
ЖАО

20

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортасына теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша кірістердің болжамды көлемі

мың теңге

ҰЭМ

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ОМО – Орталық мемлекеттік орган;

      СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады