"Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 668 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24617 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15125 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында, көрсетілген бұйрықпен бекітілген:

      1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жұмылдыра даярлау және оларды жұмылдыра өрістету іс-шараларын жүргізуге қатысады;

      қызмет көрсетілетін әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында адам және көлік ресурстарына жұмылдыру жүргізу жоспарын әзірлеуге және нақтылауға қатысады;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жұмылдыру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсетілетін әкімшілік-аумақтық бірліктің әскери-экономикалық мүмкіндіктерін зерделейді;

      жұмылдыру даярлығы жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіру жоспарын, әскерлер қызметін жақсарту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын, жеке құрамды арнайы даярлау бойынша сабақтар кестелерін әзірлеуді ұйымдастырады және оған қатысады;

      қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімі, қызметі басшысының жалпы басшылық етуімен өз міндеттерін жүзеге асырады;

      қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімінің, қызметінің істерімен байланысты жоспарларды әзірлеуге қатысады, оларды орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

      аттестаттауды жүргізу және жұмыс орындарын ұтымды ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      тиісті қызмет саласы бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді қамтамасыз етеді, бағынысты ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      тиісті бөлімнің, қызметтің құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімінің, қызметінің басшысына ұсынады;

      қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімі, қызметі басшысының бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы орындауды қамтамасыз етеді;

      қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлімі, қызметі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын және жұмыс режимін сақтауды қамтамасыз етеді;

      ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен нәтижелерін зерделейді және талдайды, оларды жинақтайды және жүйелендіреді, қажетті есептерді жүргізеді;

      қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін шығармашылық бастаманы, рационализаторлықты, өнертабыстылықты дамытуға, отандық және шетелдік ғылымның, техниканың жетістіктерін енгізуге, озық тәжірибені пайдалануға ықпал етеді;

      лауазымдық міндеттер ауқымында және бір сатыға жоғары басшылық құжаттардың талаптарын зерделейді және орындайды.";

      12 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: жоғары білімі(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: жоғары білімі(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: жоғары білімі(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары білімі;

      2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі."

      15 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

      2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.";

      18 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "18. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

      2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.";

      21 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі;

      2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.

      24 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі;

      2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықты лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
М. Бектанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады