"Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24640 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 188 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20331 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жергілікті атқарушы орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде барлауға рұқсат алу құқығының болуы, өтініштің көзделген нысанға сәйкестігі, талап етілетін мәліметтердің толықтығы мен жеткіліктілігі және оларды растайтын құжаттар тұрғысынан осы Қағидалардың 22-тармағының ережелерін ескере отырып қарайды. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге сұралып отырған жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын айқындау мен келісу және осы аумақты басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және мемлекеттік орман қорының жерлерімен, су қорғау аймақтарының аумақтарымен қоса атқару мүмкіндігін анықтау қажеттігі туралы хабарлама жібереді, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органда және су ресурстарын реттеу мен пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияда жүзеге асырылады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл шеңберінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және орман қорының жерлерімен ықтимал қоса атқаруын анықтау үшін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап бастап он бес жұмыс күні ішінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұратылып отырған учаскелердің) аумағы (аумақтары) туралы құжаттарды (сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы) қарайды.

      Су ресурстарын реттеу және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекция сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын су қорғау аймақтарының, белдеулерінің және су объектілерінің аумақтарымен қоса атқару мәселесін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Егер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұрау салынатын учаске аумағының шекарасы мен нысанын қараған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, сұрау салынатын жер қойнауы учаскесінің (сұрау салынатын учаскелерінің) аумағын (аумақтарын) басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен толық немесе ішінара қоса атқару анықталса, өтініш беруші жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 22-тармағының 6) және 7) тармақшаларында, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұрау салынатын жер қойнауы учаскесі (сұрау салынатын учаскелері) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысанын келіскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      Көрсетілген мерзімді өткізіп алу мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады.

      Осы Қағидалардың 29-тармағының ережелерін ескере отырып, сұрау салынатын учаске (сұрау салынатын учаскелер) аумағының шекаралары мен нысандары (аумақтарының нысандары) келісілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның барлауға рұқсат беруді келісу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісуі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі шегінде қызмет салдарын жою бөлімі бар жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында жүзеге асырылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Жергілікті атқарушы орган өтінішті ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өндіруге рұқсат алу құқығының болуы, өтініштің көзделген нысанға сәйкестігі, талап етілетін мәліметтер мен оларды растайтын құжаттардың толықтығы мен жеткіліктілігі тұрғысынан осы Қағидалардың 42-тармағының ережелерін ескере отырып қарайды. Осы Қағидалардың 54-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес өндіруге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге сұралып отырған жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын айқындау және келісу және осы аумақты басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және мемлекеттік орман қорының жерлерімен, су қорғау аймақтарының аумақтарымен қоса атқару мүмкіндігін анықтау қажеттігі туралы хабарлама жібереді, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органда және су ресурстарын реттеу мен пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияда жүзеге асырылады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл шеңберінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және орман қорының жерлерімен ықтимал қоса атқаруын анықтау үшін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап бастап он бес жұмыс күні ішінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұратылып отырған учаскелердің) аумағы (аумақтары) туралы құжаттарды (сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы) қарайды.

      Су ресурстарын реттеу және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекция сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын су қорғау аймақтарының, белдеулерінің және су объектілерінің аумақтарымен қоса атқару мәселесін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

      Егер барлауға рұқсат беру жөніндегі айрықша құқық негізінде берілген өтінішті беру кезінде осы Қағидалардың 54-тармағының 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болса, жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдайды және өтініш берушіге анықталған ескертулерді жою қажеттігі туралы он жұмыс күні ішінде хабарлайды. Бұл жағдайда жергілікті атқарушы органның өтінішті қарау мерзімінің өтуі көрсетілген кезеңге тоқтатыла тұрады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұрау салынған жер қойнауы учаскесінің (сұрау салынған учаскелердің) шекаралары мен аумағының нысанын (аумақтар нысандарын) келіскеннен кейін осы Қағидалардың 49-тармағының ережесін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде өндіруге рұқсат беруді келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш пен қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін жібереді.

      Өндіруге рұқсат беруді келісу осы тармақтың үшінші абзацының ережесі ескеріле отырып, жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Егер сұрау салынатын жер қойнауы учаскесінде (сұрау салынатын учаскелерде) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі белгіленіп отырған қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет жобасына міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді көздейтін болса, көрсетілген келісу тау-кен жұмыстарының жоспары бойынша белгіленіп отырған қызметтің мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында жүзеге асырылады, сұрау салынған жер қойнауы учаскесі (сұрау салынған учаскелері) бойынша жеке немесе мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі шегінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекеттік меншіктегі теміржолдарды салудың (реконструкциялаудың), жөндеудің, гидроқұрылысты және (немесе) гидротехникалық құрылысты реконструкциялаудың және жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы құрамында әзірленетін жер қойнауының гидроқұрылысы және (немесе) гидротехникалық құрылысы. Бұл жағдайда өтініш беруші мұндай келісуді он екі ай ішінде қамтамасыз етеді. Көрсетілген мерзімді өткізіп алу мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚПҚ бойынша Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады