"Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қазандағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24742 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15810 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратураның ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары:

      1) прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасасын, қабылдау кестесін әзірлесін, қабылдауды ұйымдастыру үшін жауапты қызметкерлерді анықтасын, олардың байланыс телефондары мен қабылдау кестелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

      2) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын тиісінше қабылдау мен қарауды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қамтамасыз етсін;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Арыз иелерінің келісімі бойынша қабылдауды Бас Прокурор және оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, олардың орынбасарлары, аудандық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, сондай-ақ қабылдауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген прокурорлар бейнеконференц-байланыс арқылы жүзеге асырады.

      Төтенше жағдай, шектеу іс-шараларын (карантинді қоса алғанда) енгізу жағдайларында немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да мән-жайларда қабылдау бейнеконференц-байланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бас Прокурордың, оның орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдауды ұйымдастыруды арыз иесі ұсынған құжаттар мен хат алмасу материалдары зерделегеннен кейін Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.

      Құрылымдық бөлімшелер қабылдауға жазу туралы жолданымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде Орталыққа арыз иесі мәселесінің мәні бойынша анықтама береді.";

      4-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1-тарау. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлардың қабылдау тәртібі.";

      39-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      39-1. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар жүгінген адамдарды қабылдауды ұйымдастыруды, олардың жолданымдарын қарауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтық мәселелері бойынша кеңес береді.

      Қабылдау арнайы бөлінген үй-жай – Азаматтарды қабылдау орталығында жүзеге асырылады.";

      39-2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      39-2. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар қабылдауды жұмыс уақытында жүзеге асырады.";

      39-4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      39-4. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар қабылдауды арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.";

      39-5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      39-5. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурордың әрекеттері "Азаматтарды қабылдау орталығы" автоматтандырылған жұмыс орны" (бұдан әрі – "АҚО" АЖО) ақпараттық жүйесінде тіркеледі.";

      39-6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      39-6. Қабылдау барысында қабылданған жазбаша жолданым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге және қарауға жатады.

      Ауызша жолданымның мазмұны "АҚО" АЖО-ға енгізіледі.

      Ауызша жолданымда баяндалған фактілер мен мән-жайлар қосымша тексерісті талап етпеген жағдайда, жолданымға берілетін жауап жүгінген адамның келісімімен қабылдау барысында ауызша нысанда беріледі, ол туралы "АҚО" АЖО-да тиісті жазба енгізіледі.

      Қажет болған жағдайда, жүгінген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ауызша түсіндірмелер беріледі.";

      39-7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      39-7. Егер жолданымда оны шешу үшін жеткілікті мәліметтер болмаған не мәселенің мәнін түсіну мүмкін емес болған жағдайда, қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурор қабылдау барысында арыз иесіне жолданымға қойылатын талаптарды түсіндіреді және оған жетіспейтін деректерді толықтыруды ұсынады.";

      39-8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      39-8. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар негіздер болған кезде, жүгінген адамдарға прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін шақырады немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орны туралы келіседі.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратураның ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымының басшыларына, облыстар, аудандар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорларға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, облыстар, аудандар прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады