"Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қазанда № 24806 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. КББ-нің штат саны, КББ ауысымы мен оның құрамын, оның ішінде қызмет жүргізу кезінде КББ-нің дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін аға қызметкері, Инспекциясының басшысы бөлген қаражатқа және Инспекцияның көлiктегi бақылау бөлiмiнің штат санына сәйкес белгiлейдi.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. КББ ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және Инспекция басшысы (оның жоқ болу кезіне - оны алмастыратын адаммен) алдағы күнтізбелік айға ағымдағы айдың 20 күніне дейін бекітеді және ағымдағы жылдың 25 күніне дейін Комитетке жолдайды.

      Стационарлық КББ тәулік бойы жұмыс істейді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (ол жоқ болған кезде - оны алмастыратын адам) жылжымалы КББ әрбір ауысымына, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут карточкасы екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда бір күнтізбелік жыл сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.

      Жылжымалы КББ маршрут карточкасына бір маршрутты қатарынан үш ауысым бойынша қосуға жол берілмейді.

      Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (оның жоқ болу кезіне - оны алмастыратын адам) аптасына 2 рет Стационарлық және жылжымалы бекеттің жабдығы мен мүлік тізбелерінде көрсетілген КББ жабдығы мен мүлігінің, сондай-ақ Ахуалдық орталықпен байланыс каналының бар болуын және жұмысқа қабілеттілігін тексереді.

      Инспекция басшысы КББ қызметкерлерінің осы Қағиданың талаптарын сақтауын, КББ-де тиесілі құрылғылар мен мүліктердің жөнділігін, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарына тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көліктік бақылау органдарының арнайы автокөлігі мобильді интеллектуалды бақылау аспабымен, арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуы тиіс және "Жылжымалы көліктік бақылау бекеті – Передвижной пост транспортного контроля" жазуымен және Комитеттің логотипімен белгіленеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жылжымалы КББ-де көліктік бақылауды жүргізу кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягы іске қосылады.

      КББ қызметкерлері автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:

      1) "Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерін, кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша нысанды киім (погонсыз) киеді және нөмірлі омырау белгілері бар;

      2) "Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген) бекітілген сипаттамаға сәйкес сәйкестендіру карталары бар;

      3) "Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген) бейнежетонды және (немесе) мобильді интеллектуалды бақылау аспабын қолданып аудио-, бейнежазба жүргізеді;

      4) КББ-да және оның қарамағына жататын алаңдарда (жылжымалы КББ үшін – арнайы көлік шанағының ең жақын жағынан 3 метрден кем емес), тоқтатылған көлік құралдарын, олардың жүргізушілерін және (немесе) тасымалдаушының заңды өкілін есепке алмағанда, сондай-ақ Комитеттің келісімінсіз қоғамдық ұйымдарының, мемлекеттік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін (бірлескен іс-шара өткізу кезіңде) бөгде адамдар мен көлік құралдарының болуына рұқсат етпейді.

      КББ қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында көліктік бақылау қызметкерінің КББ-ны және оған іргелес алаңды босату туралы заңды талаптарын орындамауынан және тиісінше орындамауынан көрінген бөгде адам тарапынан кедергілер туындаған жағдайда КББ-нің аға қызметкері ӘҚБтК көзделген тәртіпте және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. КББ қызметкерi көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:

      1) көлік құралын (жүк автомобильдері, мамандандырылған және арнайы автомобильдері, автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл автомобильдерді) дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен немесе ысқырып сигнал берумен бір уақытта жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп уақтылы берілуі тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе жезлмен сигнал беруі арқылы тоқтатады немесе автомобиль жолына бөлiнген белдеуде тұрған көлік құралының жүргізушінен көліктік бақылауды жүргізу үшін КББ-ға жүріп өтуін талап етеді;

      2) бейнежетонды қосады;

      3) көлік құралына кідірмей жақын келеді, өзін таныстырады, көлік құралын тоқтату себебін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;

      4) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелген құжаттарды есепке алмағанда, мыналарды сұрайды:

      көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты;

      көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не болмаса көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты;

      жол парағын;

      алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты, ілеспе және рұқсат құжаттарды);

      жолаушыларды тасымалдауға арналған құжаттарды (халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлік, билет-есепке алу парағы (тұрақты тасымалдау кезінде), жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның және оған қосымшасының көшірмелерін, борт журналын (тұрақты емес тасымалдау кезінде), жолаушылар тізімін (тұрақты емес тасымалдау кезінде), тұрақты емес тасымалдау қызметіне тапсырыс беруші мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың көшірмесі);

      электрондық (цифрлық) тахографқа арналған әр жүргізушінің карточкасын немесе диаграммалық дискілер, оның ішінде алдағы аптаның өткен 28 күнтізбелік күніне, тахографтан ақпаратты басып шығаруды, тахографты тексеру туралы сертификат, тахографты кезең сайын тексеру туралы куәлік, тахограф істен шыққан жағдайда тахографтан басып шығарылған қағаздың екінші жағында еңбек және демалыс режимінің жазбасы немесе тіркеу парағын;

      жолаушыларда жол жүру құжаттарын (билеттер), багаж түбіртектерін;

      5) тахографтың болуын және оны пайдаланылуын, тақтайшаның бар болуы және оның мазмұнын;

      автобустың, шағын автобустың, такси автомобилінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкестігін;

      автобустарда, шағын автобустарда тасымалдауға жол берілмейтін от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, өткір және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және ілеспе құжаттары жоқ дәрімен атылатын қарудың бар болуын;

      автобус салонында жүк тасымалдауды қарайды;

      6) тахографтан ақпаратты жүктейді;

      7) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне тапсырады;

      8) өлшеу құралын, сонымен бірге стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларды қолдану арқылы, осы Қағидалардың 6-тарауында айқындалған тәртіпте, көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейдi.

      Жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы немесе тексеріске қажетті құжаттарды ұсыну туралы не көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерді өлшеу туралы талаптарды орындамаған жағдайда, ӘҚБтК көзделген тәртіпте және мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне көлік құралының және жүргізушінің (болған жағдайда) деректерін хабарлайды";

      мынадай редакциядағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. КББ қызметкерінің талап етуі бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін негіз болып табылады:

      1) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін асыра отырып, жүріп өтуі;

      2) ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қажет болатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың болмауы;

      3) ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршрутын және (немесе) кестесін сақтамау;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында берілген хабарламаны орындамау;

      5) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдау үшін белгіленген талаптарды тексеру;

      6) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өту тәртібін сақтамау;

      7) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүк және мамандандырылған автокөлік құралдарымен жүк тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызметтер көрсету бойынша тіркеуде болмауы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату негіздері интеллектуалды көлік жүйесімен анықталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында қарастырылған автокөлік құралын тоқтату үшін негіз Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік бес күннен астам тұрған шетелдік автокөлік құралдарына қолданылады.

      КББ қызметкерлеріне осы тармақтың бірінші бөлігінде қарастырылған негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.";

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) интеллектуалды көлік жүйесі арқылы жүк, жолаушылар және багаж тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салмақ өлшеу жабдығының жұмыс істемеуін және ол кезде тек салмақтық параметрлерге бақылау жүзеге аспайтындығын қоспағанда осы тармақтың 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар пайда болған кезде, КББ-де көліктік бақылауды жүзеге асыру ақауларды жойғанға дейін тоқтатылады.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін 1-тармағының он үшінші, он төртінші, елу төртінші, елу жетінші және елу сегізінші абцазтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 13 қазандағы
№ 534 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік бақылау
бекеттерінің жұмысын
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

Стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі

      1. Ғимараттар мен құрылғылар.

      2. Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылары.

      3. Өлшеу құралдары (көлем шеңбері, рулетка, сызғыш, деңгей).

      4. Термометр (жаз мерзімінде бақылау үшін).

      5. Тахографтан деректерді жүктеу үшін жабдық.

      6. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл.

      7. Ысқырғыш.

      8. Компьютер.

      9. Ксерокс.

      10. Байланыс құралы.

      11. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі.

      12. Бейнежетондар.

      13. Аудиобейнежазба құрылғысы.

      14. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі.

      15. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары.

      16. Нормативтік-техникалық құжаттама.

      17. Электрмен жабдықтау жүйесі.

      18. Ақпараттық стенд.

      19. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы.

      20. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабы.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министірінің
2021 жылғы 13 қазандағы
№ 534 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік бақылау
бекеттерінің жұмысын
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жабдығы мен мүлік тізбесі

      1. Арнайы автокөлік құралы.

      2. Жылжымалы мобильді таразылары.

      3. Өлшеу құралдары (көлем шеңбері, рулетка, сызғыш, деңгей).

      4. Термометр (жаз мерзімінде бақылау үшін).

      5. Тахографтан деректерді жүктеу үшін жабдық.

      6. Көлік құралдарын тоқтату үшін жезл.

      7. Ысқырғыш.

      8. Компьютер.

      9. Ксерокс.

      10. Байланыс құралы.

      11. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі.

      12. Бейнежетондар.

      13. Аудиобейнежазба құрылғысы.

      14. Қатаң есептегі бланкілерді сақтау сейфі.

      15. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі жабдығы.

      16. Дыбыстық дабыл жабдығы (дауыс күшейткіш құрылғысы).

      17. Қызметкерлер үшін жұмыс орындары.

      18. Нормативтік-техникалық құжаттама.

      19. Электрмен жабдықтау жүйесі.

      20. Ақпараттық стенд.

      21. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралы.

      22. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады