ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 38 701, 67 теңге (отыз сегіз мың жеті жүз бір теңге алпыс жеті тиын) мөлшерiнде бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министрдің м.а. | Ж. Карагаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі