"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 899 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24870 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды алған күні өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдауды, нысанының толтырылу дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді есепке алу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеуді жүргізеді.

      Журналды тек электронды түрде жүргізуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы өтініш бланкінің жырту талонын алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын Портал арқылы ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінішін одан әрі қараудан бас тарту тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізідемелері көрсетілген жеке хатпен рәсімделеді.";

      мындай редакциядағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші:

      қызмет көрсету мерзімі үш күннен кем белгіленген мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды қалыптастырады;

      қызмет көрсету үш күн мерзімінен асатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізеді, күшін жояды немесе қалпына келтіреді, азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қайталама куәлікті не анықтаманы жазады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.";

      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық нұсқаларының көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ақпараттық жүйелері АХАЖ АЖ-мен ықпалдастырылған мемлекеттік органдарды қоспағанда), адвокатура органдарының, нотариустардың (АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілері жазбалары болмаған кезде) сұрау салулары бойынша, басқа мемлекеттерді қосқанда, сондай-ақ басқа мемлекеттердің АХАТ органдарының (қызметтерінің) сұрау салулары бойынша ғана беріледі (жіберіледі).

      Сұрау салуда "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес дербес деректерді жинау және өңдеу мақсатын көрсету қажет.

      Азаматтық хал актілері жазбаларының мұрағаттық көшірмесін алу және бұл туралы сұрау салуда көрсету қажет болған кезде акт жазбасының көшірмесі акт кітабының бірінші данасынан беріледі (жіберіледі), ол азаматтық хал актісінің бастапқы тіркелген жері бойынша ауданның (қаланың) тіркеуші органының мұрағатында сақталады.

      Көшірмелердің дұрыстығы тіркеуші органның елтаңбалық мөрімен және лауазымды тұлғасының қолымен бекітіледі";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады