ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01. 2022 ж. қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 686-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2021 жылғы 27 қазандағы | |
№ 1109 Бұйрықпен | |
бекітілген |
Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 686-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
2. "E-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасы (бұдан әрі – мобильдік қосымша) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде арнаулы салық режимін қолдану, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органы әзірлеген.
3. Мобильді қосымшаны пайдаланушылар:
1) арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;
2) мобильді қосымшаны әкімшілендіруді және оның жұмысына мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері болып табылады.
2-тарау. Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібі
4. Мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелу үшін арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер:
1) мобильді қосымшаны жүктеп алады;
2) оны пайдаланушылар ретінде авторизацияланады;
3) жеке тұлғалар салық режимін, қызмет түрін, сондай-ақ дара кәсіпкер қызметінің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органын таңдай отырып, дара кәсіпкер ретінде тіркелуді жүргізеді;
4) дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезеңінде мобильді қосымшаның негізгі құрауыштарын пайдаланады.
5. Салық төлеуші салық есептілігін, ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) үшін, оның ішінде мобильді қосымшаны пайдалана отырып Салық кодексінің 213 және 214-баптарына сәйкес:
1) салықтық өтінішті жібереді;
2) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық есептілігін табыс етеді.
6. Салық кодексінің 66 және 67-баптарында көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салық төлеуші тиісті мынадай:
1) қызметтін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) жойылған салық есептілігін табыс ету туралы деректерді толтырады.
7. Мобильді қосымша мыналарды өндіруге мүмкіндік береді:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою және осындай тіркеу есебінен шығару;
2) салық режимін таңдау және өзгерту;
3) дара кәсіпкердің және деректері дара кәсіпкер мобильді қосымшаға енгізген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер төлейтін жеке тұлғалардың қызметкерлерін есепке алу;
4) қосымша чектерін қалыптастыру, жою, жөнелту, аванстық төлемге (алдағы кірістерге) қосымша чегін беру, өткен кезеңдер үшін осындай деп танылған табыстарды төлеу есебіне ақша қаражатын алу кезінде чектерді беру.
Бұл ретте чектерді қалыптастыру қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер үшін қолжетімді;
5) қосымшаның чектері бойынша кірістерді есепке алу.
Мобильді қосымшада дара кәсіпкердің табысы қосымша чектерінің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банктік шоттарға аударымдар бойынша деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе кәсіпкер қолмен енгізу арқылы енгізген деректер бойынша қалыптастырылады;
6) мобильді қосымша чектерінің деректері, кірістер бойынша, оның ішінде дара кәсіпкер өз бетінше толтырған, келісім-шарттар бойынша қызметкерлер мен жеке тұлғалардың табыстары бойынша деректер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматтандырылған есептеу дара кәсіпкер өздері мобильді қосымшаға мәліметтер енгізген азаматтық-құқықтық сипаттағы;
7) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етудің күшін жоя отырып, салықтың және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) мемлекеттік кірістер органдарына оңайлатылған декларацияны автоматты түрде алдын ала қалыптастыру және ұсыну;
9) Салық кодексінің 213 және 214-баптарына сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
10) Салық кодексінің 67-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті тоқтату;
11) дара кәсіпкер ретінде тіркелу туралы анықтама және табыс туралы анықтама алу;
12) Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағында көзделген жеке хабарламаларды алу;
13) автоматтандырылған есептеу нәтижелері бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу.
8. Салық төлеуші:
1) мобильді қосымшаны пайдалана отырып, Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындайды;
2) мобильді қосымшаны пайдалану тәртібі туралы мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктеме алады.
9. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) салық төлеушілерге мобильді қосымшаны пайдалану мәселелері бойынша түсіндірулер береді;
2) мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелген тұлғаларды мемлекеттік кірістер органдарында есепке алуды жүзеге асырады.
10. Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады