"Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25029 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22123 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесінде:

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау

      47. Айлық есептік көрсеткішті болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);

      t+1 – болжамды жыл;

      АЕК 1t – базалық жылдың айлық есептік көрсеткіші;

      Орташа инфляция дәлізінің деңгейі t+1 – болжамды жылдағы инфляция дәлізінің орташа деңгейі.

      48. Халықтың орташа жылдық санын болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);

      t+1 – болжамды жыл;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны;

      XOCt – базалық жылдағы халықтың орташа жылдық саны;

      XOCt

– соңғы 5 базалық жылда халықтың орташа жылдық санының орташа өсуі.

      49. ЖІӨ-ні миллиард АҚШ долларында болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы миллиард АҚШ долларымен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.

      50. Миллиард халықаралық долларында алынған сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ-ні болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы миллиард халықаралық долларымен алынған ЖІӨ-нің сатып алу қабілетінің паритеті бойынша номиналды көлемі;

– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамыt+1 – ХВҚ деректері бойынша болжамды жылдағы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамы.

      51. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні АҚШ долларымен алынған болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы жан басына шаққандағы АҚШ долларымен алынған ЖІӨ;

– болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны.

      52. ЖӨӨ-ні миллиард АҚШ долларымен алынған болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы АҚШ долларымен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.

      53. Жан басына шаққандағы АҚШ долларымен алынған ЖӨӨ-ні болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:




– болжамды жылдағы АҚШ долларымен алынған жан басына шаққандағы ЖӨӨ;

– болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;

      Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;

      XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны.".

      2. Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Еңбек және

      халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады