"Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 3 қарашадағы № 318 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 100 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25040 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша екі тәуекел тобына бөлінген:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттер мен қала маңындағы ауылдық округтерінің әкімдері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары бөлімдері және көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандар - ауыл және ауылдық округтардың әкімдері.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізілмейді.";

      1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бақылау субъектілері – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын филиалдары;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша екі тәуекел тобына бөлінген:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі – Қоғамның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын филиалдары;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – Қоғамның орталық аппаратының мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.";

      1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 8-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Иргалиев
     
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
__________А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 100 мен
2021 жылғы 3 қарашадағы
№ 318
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Жергілікті атқарушы органдар
қабылдаған шешiмдердiң
заңдылығы үшін жер құқығы
қатынастары саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген өлшемшарттар сақталмаған кезде белгіленеді:)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Жергілікті атқарушы органдар

1.

Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жобалау және құрылыс салу жоспарларына (осы жобалар бар болса) және елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту

өрескел

2.

Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін берудің аукциондық және конкурстық тәсілдері қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікте тұрған және сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру

өрескел

3.

Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін (қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін сұрату жағдайларын қоспағанда, өтініштің келіп түскен сәтінен бастап он бес жұмыс күніне дейін) сақтау

елеулі

4.

Жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау

өрескел

5.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін (жер комиссиясының теріс қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

6.

Жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін (бекiтілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының он қорытындысы келiп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

7.

Жеке меншікте бола алатын жер учаскелеріне ғана жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау

өрескел

8.

Ерекше жағдайларда ғана жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдау (Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын халықаралық мiндеттемелер;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;
пайдалы қазбалар кен орындарының табылуы және оларды қазу;
автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистралдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);
жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету;
елдi мекендердiң бас жоспарларын ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлерді салу бөлігінде орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу)

өрескел

9.

Жер учаскелерін берудің белгіленген нормалары шегінде жер учаскелерін жеке меншікке беру, сондай-ақ жер учаскелерін қайталап тегін беруді болдырмау (ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және танаптық телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн суарылмайтын жерлерде 0,25 гектар және суармалы жерлерде 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар; бақ шаруашылығы, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар)

өрескел

10.

Көрсетілген мақсаттар үшін бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау (шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн; халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;
мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер телімдері түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдардың, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысы кезеңіне, тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғимараттарды (үй-жайларды) және құрылысжайларды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;
ғибадат құрылысжайларының объектiлерi үшiн)

өрескел

11.

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын бермеу

өрескел

12.

Өз құзыреті шегінде жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдау

өрескел

13.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға негіздеменің болуы

өрескел

14.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау мерзімін (жер пайдаланушының өтінішті берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

15.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін (өтініш келіп түскен күннен бастап он үш жұмыс күніне дейін) сақтау

елеулі

16.

Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін (төрт жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

17.

Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар-жоғы туралы ақпаратты беру

болмашы

18.

Бос жер учаскесін сауда-саттыққа (конкурсқа, аукционға) шығару туралы ұсынысты қарау мерзімін (он жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

19.

Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу туралы хабарламаны орналастыру мерзімін (сауда-саттықты өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн) сақтау

елеулі

20.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру

елеулі

21.

Жер учаскесін беру негіздемесі, нысаналы мақсаты, алаңы, орналасқан жері, құқық түрі, жалдау мерзімі көрсетілген жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты орналастыру (халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында және уәкілетті органының интернет ресурсында - ай сайын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында - тоқсанына кемінде бір рет) мерзімін сақтау

елеулі

22.

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу мерзімдерін (жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей) сақтау

елеулі

23.

Өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойғандардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының өтініш берушіге жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудан жазбаша бас тартуды жолдау мерзімін (өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде) сақтауы

елеулі

24.

Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау және жер комиссиясына материалдарды енгізу мерзімін (өтініш келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде) сақтау

болмашы

25.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды (елді мекеннің шегіндегі объектілер құрылысын қоспағанда, объектілердің құрылысы үшін жер учаскесі сұратылған кезде) ұсыну мүмкіндігі туралы ұсыныстарды жер комиссиясына тапсырған сәтінен бастап жер комиссиясының қорытынды жасау мерзімін (екі жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

26.

Өтініш берушінің жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссияның оң қорытындысының бір данасын оған беру мерзімін (бір жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

27.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындау және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімін сақтауы (жеті жұмыс күні ішінде)

болмашы

28.

Келісу органдарының мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімін (он екі жұмыс күні ішінде) сақтауы

елеулі

29.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытындыны дайындау және оны өтініш берушіге жолдау мерзімін (үш жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

30.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар және топография қоса берілген, жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімдерін (оң қорытындылар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) сақтауы

елеулі

31.

Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына шешімнің, жер-кадастрлық жоспардың көшірмелерін жолдау мерзімін (бір жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

32.

Жер учаскесін таңдау және кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және жер комиссиясының қорытындысын дайындау үшін жер комиссиясына жібере отырып, жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу мерзімін (он жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

33.

Жер учаскесіне тиісті құқық беру не беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге табыстау (жолдау) мерзімін (шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) сақтау

елеулі

34.

Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімін (жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей) сақтау

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 100 мен
2021 жылғы 3 қарашадағы
№ 318
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік жер кадастрын
және жерлердің мониторингін
жүргізу бойынша субъектілердің
қызметі үшін мемлекеттік жер
кадастры мен жерлердің
мониторингі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде санамаланған өлшемшарттар сақталмаған кезде белгіленеді:)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді
жүзеге асыратын субъектілер

1.

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру

елеулі

2.

Жерлерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу

өрескел

3.

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жерлердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу

өрескел

4.

Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтау, өңдеу және жүргізу

елеулі

5.

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу

өрескел

6.

Жер-кадастрлық, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу

өрескел

7.

Жер-кадастрлық кітапты және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу

болмашы

8.

Жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсi шығасыларын анықтау

өрескел

9.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру

өрескел

10.

Жер-кадастрлық жоспарды әзірлеу

өрескел

11.

Жер учаскелерінің паспорттарын әзірлеу

елеулі

12.

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

елеулі

13.

Мемлекеттік жер кадастрының анық мәліметтерін беру

елеулі

14.

Жер кадастры мәліметтерін беру мерзімін (өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс) сақтау

елеулі

15.

Жерлердің мониторингін жүргізу

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 100 мен
2021 жылғы 3 қарашадағы
№ 318
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101
бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнің қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парағы

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________________

      (біртекті бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы)

      қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: ___________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық

      бақылау тағайындау туралы акт _________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке

      сәйкестендіру нөмірі___________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жобалау және құрылыс салу жоспарларына (осы жобалар бар болса) және елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту

2.

Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін берудің аукциондық және конкурстық тәсілдері қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікте тұрған және сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру

3.

Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін (қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін сұрату жағдайларын қоспағанда, өтініштің келіп түскен сәтінен бастап он бес жұмыс күніне дейін) сақтау

4.

Жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау

5.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін (жер комиссиясының теріс қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде) сақтау

6.

Жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін (бекiтілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының он қорытындысы келiп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде) сақтау

7.

Жеке меншікте бола алатын жер учаскелеріне ғана жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау

8.

Ерекше жағдайларда ғана жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдау (Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын халықаралық мiндеттемелер;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;
пайдалы қазбалар кен орындарының табылуы және оларды қазу;
автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистралдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);
жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету;
елдi мекендердiң бас жоспарларын ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлерді салу бөлігінде орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу)

9.

Жер учаскелерін берудің белгіленген нормалары шегінде жер учаскелерін жеке меншікке беру, сондай-ақ жер учаскелерін қайталап тегін беруді болдырмау (ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және танаптық телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн суарылмайтын жерлерде 0,25 гектар және суармалы жерлерде 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар; бақ шаруашылығы, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар)

10.

Көрсетілген мақсаттар үшін бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау (шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн; халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;
мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер телімдері түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдардың, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысы кезеңіне, тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғимараттарды (үй-жайларды) және құрылысжайларды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;
ғибадат құрылысжайларының объектiлерi үшiн)

11.

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын бермеу

12.

Өз құзыреті шегінде жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдау

13.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға негіздеменің болуы

14.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау мерзімін (жер пайдаланушының өтінішті берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде) сақтау

15.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін (өтініш келіп түскен күннен бастап он үш жұмыс күніне дейін) сақтау

16.

Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін (төрт жұмыс күні ішінде) сақтау

17.

Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар-жоғы туралы ақпаратты беру

18.

Бос жер учаскесін сауда-саттыққа (конкурсқа, аукционға) шығару туралы ұсынысты қарау мерзімін (он жұмыс күні ішінде) сақтау

19.

Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу туралы хабарламаны орналастыру мерзімін (сауда-саттықты өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн) сақтау

20.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру

21.

Жер учаскесін беру негіздемесі, нысаналы мақсаты, алаңы, орналасқан жері, құқық түрі, жалдау мерзімі көрсетілген жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты орналастыру (халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында және уәкілетті органының интернет ресурсында - ай сайын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында - тоқсанына кемінде бір рет) мерзімін сақтау

22.

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу мерзімдерін (жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей) сақтау

23.

Өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойғандардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының өтініш берушіге жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудан жазбаша бас тартуды жолдау мерзімін (өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде) сақтауы

24.

Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау және жер комиссиясына материалдарды енгізу мерзімін (өтініш келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде) сақтау

25.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды (елді мекеннің шегіндегі объектілер құрылысын қоспағанда, объектілердің құрылысы үшін жер учаскесі сұратылған кезде) ұсыну мүмкіндігі туралы ұсыныстарды жер комиссиясына тапсырған сәтінен бастап жер комиссиясының қорытынды жасау мерзімін (екі жұмыс күні ішінде) сақтау

26.

Өтініш берушінің жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссияның оң қорытындысының бір данасын оған беру мерзімін (бір жұмыс күні ішінде) сақтау

27.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындау және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімін сақтауы (жеті жұмыс күні ішінде)

28.

Келісу органдарының мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімін (он екі жұмыс күні ішінде) сақтауы

29.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытындыны дайындау және оны өтініш берушіге жолдау мерзімін (үш жұмыс күні ішінде) сақтау

30.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар және топография қоса берілген, жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімдерін (оң қорытындылар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) сақтауы

31.

Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына шешімнің, жер-кадастрлық жоспардың көшірмелерін жолдау мерзімін (бір жұмыс күні ішінде) сақтау

32.

Жер учаскесін таңдау және кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және жер комиссиясының қорытындысын дайындау үшін жер комиссиясына жібере отырып, жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу мерзімін (он жұмыс күні ішінде) сақтау

33.

Жер учаскесіне тиісті құқық беру не беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге табыстау (жолдау) мерзімін (шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) сақтау

34.

Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімін (жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей) сақтау

      Лауазымды адам (дар):___________________ ________________

      (лауазымы)            (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      Бақылау субъектісінің

      басшысы ______________________ ___________________

      (лауазымы)            (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 100 мен
2021 жылғы 3 қарашадағы
№ 318
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101
бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тексеру парағы

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      __________________________________________________________________

      (біртекті бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы) қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: _________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық

      бақылау тағайындау туралы акт _________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке

      сәйкестендіру нөмірі___________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру

2.

Жерлерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу

3.

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жерлердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу

4.

Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтау, өңдеу және жүргізу

5.

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу

6.

Жер-кадастрлық, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу

7.

Жер-кадастрлық кітапты және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу

8.

Жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсi шығасыларын анықтау

9.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру

10.

Жер-кадастрлық жоспарды әзірлеу

11.

Жер учаскелерінің паспорттарын әзірлеу

12.

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

13.

Мемлекеттік жер кадастрының анық мәліметтерін беру

14.

Жер кадастры мәліметтерін беру мерзімін (өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс) сақтау

15.

Жерлердің мониторингін жүргізу

      Лауазымды адам (дар):___________________ ________________

      (лауазымы)            (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      Бақылау субъектісінің

      басшысы ______________________ ___________________

      (лауазымы)            (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады