"Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қарашада № 25044 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е есептің нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е статистикалық есеп нысанында:

      "Қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері бойынша қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштері" № 5 кестесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды есепті құрастыру бойынша нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е есебі (бұдан әрі – есеп) қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелерін көрсетеді және 7 кестеден тұрады.

      Есепке алудың бірлігі қылмыстық іс болып табылады, есепке алу қайталама қабылданған шешімдермен жүргізіледі.

      Есеп қылмыстық қудалау органдары жұмысының сапасы мен тиімділігін сипаттайтын құқықтық ақпаратты есепке алуға, жинауға және жүйелеуге арналған.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Есепті кезеңнің соңғы күнінде сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) СДТБТ-ға ЭАЕҚ-ны түпкілікті жүктегеннен кейін белгілі бір кезеңде қалыптастырылған есепті есептеу жүргізіледі (статистикалық кесінді), ол есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күні бекітіледі.

      Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылып, бекітілген есепке (статистикалық кесіндіге) қандай да бір түзетулерді енгізуге тыйым салынады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Есептің құрылымы және оны қалыптастыру тәртібі";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Осы кесте қылмыстық істерді тергеп-тексеру мерзімдері туралы мәліметтерді көрсетеді және 6 баған мен 24 жолдан тұрады (қайталама қабылданған шешімдермен қалыптасады).";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. 4-жолда – іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаумен, оның ішінде 5-жолда – ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1) тармағынан, 6-жолда – ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 3) тармағынан және 7-жолда – бұрын тоқтатылғандар санынан, 8 - жолда – тергеулігі бойынша қабылданғандардың санынан.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. 9-15-жолдарда – тергеп-тексеру мерзімдері бойынша бөліп жазумен аяқталған қылмыстық істер көрсетіледі.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. 16-жолда тергеп-тексеру мерзімдері бойынша 17-24-жолдарға бөліп жазумен аяқталмаған істердің қалдықтары көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет және жұмыста пайдалану үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 145 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 102 бұйрығына
1-қосымша

      нысан

№ 5-кесте "Қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері бойынша қылмыстық қудалау органдары жұмысының көрсеткіштері"


Атауы

жол коды

жалпы

тергеу

анықтау

Есепті мерзімде

Ағымдағы айда

Есепті мерзімде

Ағымдағы айда

Есепті мерзімде

Ағымдағы айда

баған коды


1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 192-бабының 1 және 2-бөліктерінде белгіленгеннен астам мерзімде аяқталған істер

1







1-жолдан

ҚР ҚПК-нің 192-бабының 4-бөлігімен көзделген тәртіпте сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін ұзартумен

2







қосымша тергеу жүргізу үшін істің қайтарылуымен байланысты

3







іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаумен

4







оның ішінде

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1) тармағынан

5







ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 3) тармағынан

6







бұрын тоқтатылғандар санынан

7







тергеулігі бойынша қабылданғандардың санынан

8







мынадай мерзімде аяқталған істер:

прокурор белгілеген, бірақ 1 айдан аспайтын мерзім

9







прокурор белгілеген, бірақ 2 айдан аспайтын мерзім

10







1 айдан 2 айға дейін

11







2 айдан 3 айға дейін

12







3 айдан 6 айға дейін

13







6 айдан 9 айға дейін

14







9 айдан астам

15







Мынадай тергеп-тексеру мерзімімен аяқталмаған істер қалдығы:

16







мынадай тергеп-тексеру мерзімімен

прокурор белгілеген мерзімнен асатын, бірақ 1 айдан аспайтын мерзім

17







прокурор белгілеген мерзімнен асатын, бірақ 2 айдан аспайтын мерзім

18







1 айдан 2 айға дейін

19







2 айдан астам, бірақ 3 айдан артық емес

20







3 айдан астам, бірақ 6 айдан артық емес

21







6 айдан астам, бірақ 9 айдан артық емес

22







9 айдан астам, бірақ 12 айдан артық емес

23







12 айдан астам

24








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады