"Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қарашадағы № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қарашада № 25090 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17084 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша;

      2) мыналардың:

      физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың;

      шектелмеген адамдар қатарының;

      егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін;

      3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың жолданымдарын, хабарларын, ұсыныстарын, үн қосуларын және сұрау салуларын қарайды.

      Прокуратура органдары осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жолданымдарды және хабарларды мынадай:

      құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықтың бұзылуы немесе олардың орын алу қаупі болған;

      уәкілетті әкімшілік органның не оның лауазымды адамының шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келіп түскен жағдайларда қарайды.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың және мән-жайлардың санаты "Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16894 болып тіркелген) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта нақтыланған (бұдан әрі – Мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар қызметінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық).".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының прокуратурасы ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының прокуратурасы ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады