БҰЙЫРАМЫН:
1. "Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілді:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында астық нарығына қатысушыларға қатысты 2021 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 30 маусымға дейін іске асырылады.
Пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару 2021 жылдың үшінші тоқсанынан 2023 жылғы төртінші тоқсанға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған сомалар бойынша жүзеге асырылады.";
6-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақшаның мақсаттарында тауарларды тұрақты өткізуге ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің алдындағы 2 (екі) жүйелі салық кезеңі ішінде әрбір тоқсанда кемінде бір рет жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын (өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 (жетпіс) пайыз) тауарларды өткізу жатады ҚҚС асып кеткен соманы қайтару туралы талапты көрсете отырып;";
бірінші бөлігі мынандай редакцияда жазылсын:
"7. ҚҚС асып кету сомасын қайтарып алу үшін экспорттаушы мемлекеттік кірістер органына экспорттаушы және/немесе оның өнім берушісі/бірінші және одан кейінгі деңгейдегі өнім берушілер астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап (бұдан әрі – талап) қояды.";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Талап ҚҚС бойынша кезекті декларацияда (300.00-нысан) "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген ҚҚС бойынша декларацияларға "Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер" № 9 қосымшада (бұдан әрі – № 9 қосымша) осы Қағидаларда көзделген ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібі және (немесе) Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіп қолданылатын салық кезеңдерін бөле отырып көрсетіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік кірістер органы, егер:
1) экспорттаушы Меморандум қатысушысы болып табылмаса және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмесе, Пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқықтың жоқтығы туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін экспорттаушының қолдану құқығы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді;
2) экспорттаушының дербес шотында ҚҚС асып кету сомасының болмауы анықталған және (немесе) Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдері бұзылған жағдайда, ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде экспорттаушыға талапты қараудан бас тарту туралы хабарлайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттік кірістер органы олар бойынша экспортер берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер жасау қажет болатын салық төлеушілердің тізімін мынадай мерзімдерде:
банк кепілдігі болған жағдайда, осы Қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
банктік кепілдік болмаған кезде – қорытындыға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырады.";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте экспорттаушының берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер өкім жасалған күні қалыптастырылады.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Расталуға жататын ҚҚС асып кету сомасы "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16669 болып тіркелген) Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарының 53-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
17. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңында айқындалған тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасының аумағындағы уәкілетті банктердегі салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсім түскен тауарлар экспорты;
ЕАЭО кедендік аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде тауарларды әкету фактісі.
Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына экспортталған кезде, осы Қағидаларға сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде Салық кодексінің 447-бабында көрсетілген құжаттардан мәліметтер ескеріледі;
"AstyqQoyma" АЖ-дегі астықтың шығарылуы мен қозғалысы;
ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде ("AstyqQoyma" АЖ арқылы ресімделген) тауарларға ілеспе жүкқұжатқа сәйкес астықты өндірушіден экспорттаушыға дейін өткізу.";
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған Меморандум қатысушылары арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша ҚҚС асып кету сомасы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілердің салықтық бұзушылықтарды жоюына қарай, экспорттаушының Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кейінгі салық кезеңдерінде ҚҚС қайтару туралы талапқа енгізуі арқылы Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіппен қайтаруға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
нысан
Пилоттық жоба шеңберінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының дұрыстығын растау бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды
20 ____ жылғы "___"________ | №________ |
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына және "Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес:
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы (бұдан әрі – МКО)
_________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))
20 ____ жылғы "__" ___________дан 20 ____жылғы "___" ___________ дейінгі
салық кезеңі үшін Пилоттық жоба шеңберінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету
сомаларының дұрыстығын растау мәселелері бойынша камералдық бақылау жүргізді.
1. Экспорттаушы туралы мәліметтер:
1) мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін):
_________________________________________________________________
2) ұйымдастырушылық құқықтық нысан: __________________________
3) меншік түрі: ________________________________________________
4) есепке алынған: ________ МКО коды: ___________________________
5) салық төлеушінің куәлігі: _____________________________________
6) ҚҚС бойынша есепке алынған: _________________________________
7) ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлік: ________________________
8) есепке алу күні: ______________________________________________
9) дара кәсіпкердің тіркелуі туралы мәлімет ________________________
10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) ауысу туралы куәлік:
_____________________________________________________
11) салық салу объектілерін және (немесе) жанама әдіспен салық салуға байланысты
объектілерді айқындау: ___________________________________
12) жарғылық капитал (теңге): ___________________________________
13) салық төлеушінің мекенжайы (заңды): __________________________
14) экономикалық қызмет түрлері жалпы жіктеуішінің кодына (ЭҚЖЖ) сәйкес
қызметтің негізгі (іс жүзіндегі) түрі:_______________________________
15) банк шоттары туралы мәліметтер: _____________________________
16) құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер: ____________________
17) салықтық жүктеме коэффициенті (СЖК): ________________________
2. Осы камералдық бақылаумен мыналар анықталды:
1) ______________ (салық кезеңі) үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты туындаған есепке жатқызылатын ҚҚС-ның есептелген салық сомасынан асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылды.
2) Қайтаруға ұсынылған сома _________________________ теңгені құрайды.
3) Тексерудің басындағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотының деректеріне сәйкес ҚҚС бойынша асып кету ___________________ теңгені құрайды.
4) Талап _________________________________ кезең үшін ұсынылды.
5) ҚҚС есептеуге жатқызылған әдіс: ________________________________
6) Жалпы салық салынатын айналымдағы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымның үлесі құрайды ___________________________
7) ҚҚС асып кетуі ________________________ байланысты туындады
3. ҚҚС асып кету сомасын қайтаруға өтініште (талапта) көрсетілген ҚҚС сомасы
_________ теңге, оның ішінде: __________________________________
4. ҚҚС бойынша декларацияға сәйкес есепті салық кезеңі үшін ҚҚС асып кетуі
_____________________________________________________________
ҚҚС-дан асып кету астықты экспортқа өткізуге байланысты тауарларды
(жұмыстарды) және қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасты
_________________________________________________________________
5. Камералдық бақылаумен қамтылған кезеңдегі астық қозғалысының көрінісі:
__________________________________________________________
(басындағы сальдо, кіріс, шығыс, соңындағы сальдо)
6. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша экспорттың кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкету фактісін растау
__________________________________________________________________
7. Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды: ____________________
8. "Виртуалды қойма" модуліндегі ЭШФ (электрондық шот-фактура) және ТІЖ (тауарларға ілеспе жүкқұжат) сәйкес астықтың өндірушіден экспорттаушыға дейін шығарылуы және өткізілуі туралы мәліметтер _________
___________________________________________________________________
9. "Qoldau" ақпараттық жүйесінде астықтың шығарылуы және қозғалысы туралы мәліметтер __________________________________________________
10. Пирамида талдамалы есебін талдау бойынша мәліметтер ____________
11. Қайтаруға расталмаған ҚҚС асып кету сомасы ____________ теңге
12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша келесі анықталды:
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)
Мөр орны
Қорытынды салық төлеушіге табысталды ____________________________
_____________________________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы,
қолы, мөрі, (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда),
күні)
Қорытынды салық төлеушіге жіберілді ______________________________
____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Ескерту _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
нысан
Пилоттық жоба шеңберінде қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқықтың жоқтығы туралы хабарлама
20___ жылғы "___" ____ | № _______ |
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
_________________________________________________________________
(экспорттаушының атауы)
_________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСН/БСН)
"Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде көзделген қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) мыналарға: (тиісті ұяшықта Х түрінде көрсетіңіз)
экспорттаушы астық айналымы саласындағы Меморандумға қатысушысы болып табылмайтындығына; | |
Қағидалардың 7 тармағымен көзделген талаптардың орындалмауына байланысты қолдануға құқықтың жоқтығы туралы хабарлайды. |
Сонымен бірге Қағидалардың 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Сіз "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 431-бабында көзделген ҚҚС асып кету сомасын қайтару тәртібін қолдануға құқылы екеніңізді хабарлайды.
Қабылданған шешім туралы – Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС қайтару тәртібін қолданудан бас тарту не қолдануға келісу туралы Сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына хабарлауға тиіссіз. Жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)
Мөр орны
Хабарлама табыс етілді ______________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
немесе атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды
тұлғаларды қоспағанда), күні)
Хабарлама алынды __________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
немесе атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды
тұлғаларды қоспағанда), күні)
нысан
Пилоттық жоба шеңберінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша қосылған құн салығының расталмаған асып кету сомасын бюджетке төлеу туралы талап
20 __ жылғы "___"_________ | №________ |
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінің 32-тармағына сәйкес
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(экспорттаушының атауы)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі – бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) осы талапты
табыс еткен (алған) күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде _____________________
№ _______________________________ шотына __________________________ теңге
(Қазынашылық басқармасы, банктік сәйкестендіру коды (БСК)
мөлшерінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС-ның асып
кету сомасын бюджетке төлеу қажет екенін хабарлайды.
______________________________ ____________ _______________________
Мемлекеттік кірістер (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты органының басшысы
(орынбасары) (ол болған кезде)
Мөр орны
Талап табыс етілді _____________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы,
қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда),
күні)
Талап алынды __________________________________________________________
(Меморандумға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы,
қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда),
күні)