"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қарашадағы № ҚР ДСМ-119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25247 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7–бабының 64) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру алгоритмін айқындайды.";

      3-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      36 және 37-тармақтар алып тасталсын;

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. ЖК көрсететін денсаулық сақтау субъектке "БХТ" АЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға ЖК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативтің есебі айына кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

      ШКНкеп.ЖК = (ШКНҚРкеп.ЖК х ЖТКЖК + ШКНҚРкеп.ЖК х (Кобл.тығыз - 1) + ШКНҚРкеп.ЖК х (Кобл.жылу - 1) + ШКНҚРкеп.ЖК х (Кобл.ауыл - 1) + ШКНҚРкеп.ЖК х (Кэколог - 1)) х *Каймақ, мұнда:

      ШКНҚРкеп.ЖК – Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын түзету коэффициенттерін ескерместен айқындалған айына "БХТ" АЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға арналған ЖК базалық жан басына шаққандағы нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      ШКНбаз.ЖК(ҚР)= ШКНорташ.ЖК(ҚР)/ (ЖТКҚР+ (КҚР обл.тығыз-1) + (КжылуҚР-1) + (КауылҚР-1) + (КэкологҚР-1)), мұнда:

      ШКНорташ.ЖК(ҚР) - алдағы қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы бойынша айына бір тұрғынға арналған БК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативтің орташа компоненті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ШКНорташ.ЖК(ҚР) = VЖК_ҚР/СҚР / m, мұнда:

      VЖК(ҚР) - халыққа ЖК көрсетуге арналған Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      СҚР – халықты еркін тіркеу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын ай күнгі жағдай бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген елдің ЖК көрсету бойынша барлық денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халықтың саны;

      m – ЖК-ны қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлар саны.

      ЖТКҚР – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша "БХТ" АЖ деректері негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының орташа жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

      Көңір тығыз. – осы сала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Көңір тығыз = 1 +С х Т ҚР.орта халық / Т обл. халық, мұнда:

      С – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халқы тығыздығының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халық санынан ауытқуы есепке алынатын салмақ (Пирсон сызықтық корреляция коэффициентінің есебі);

      ТҚР.орта халық - алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын кезеңдегі жағдай бойынша ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың тығыздығы;

      Тобл. халық – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын кезеңдегі жағдай бойынша ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес облыстағы халықтың тығыздығы.

      ЖК және білікті мамандарды санитариалық автокөлік көрсететін білікті мамандарды тарта отырып ауыратын науқасты тасымалдаумен байланысты медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалар, астана мен облыс орталықтары үшін халық тығыздығының коэффициент 1-ге тең.

      ЖТКҚР = (ЖТКобл 1 + ЖТКобл 2 + .. + ЖТКобл i)/СҚР

      ЖТКобл – өңір бойынша халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТКобл = (Собл k/n х ЖТКМСАК(n))/ Собл, мұнда:

      Собл – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің тіркелген халқының саны;

      Собл k/n – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген халқының саны жыныстық-жас тобына жататын халықтың к нөмірі N;

      ЖТКМСАК(n) - МСАК кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентін есептеудің кешенді формуласының кестесіне сәйкес N нөмірі жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті.

      ЖК денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген халықтың саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына арналған ЖК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықты еркін бекіту науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күнгі жағдай бойынша "БХТ" АЖ базасындағы Халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

      КҚРжылыту - Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚРжылыту = (Кжылу.обл. 1 + Кжылуобл. 2 + … + Кжылу.обл. i)/СҚР

      Кжылыту.обл. = 1 + ШҮжылу. х (Кобл. - КҚР/орт)/ККР/орт., мұнда:

      Кжылыту.обл – облыс үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      ШҮжылыту – өткен жылы облыста (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілердің деректері негізінде облыстар (республикалық маңызы бар қалалар және астана) бойынша ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылудың жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

      Кобл. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде айқындалған облыс (республикалық маңызы бар қалалар және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орта. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен жылыту маусымының кезеңі.

      КҚРауыл – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚРауыл = (Кауыл.обл. 1 + Кауыл.обл. 2 + … + Кауыл.обл. i)/СҚР

      Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кауыл.обл. = 1+0,25 х (Сауыл/ Собл. х ШҮауыл), мұнда:

      ШҮауыл - ауыл денсаулық сақтау субъектілердің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге арналған шығындар үлесі;

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, ЖК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектке бекітілген халықтың саны).

      Каймақ – тарифті түзету және өңірдегі денсаулық сақтау субъектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін түзету коэффициенті.

      Түзету экологиялық коэффициенті Арал өңірінің және ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын қызметкерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне тағайындалады.

      Кэколог. = (Vжк + Vэкол.)/ Vжк

      Vжк - жедел медициналық көмек және білікті мамандарды және (немесе) науқасты тасымалдауға байланысты медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъекті үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

      Vэкол. - Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарындағы жұмыс үшін үстеме ақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін, ЖК көрсететін және білікті мамандарды тарта отырып санитариялық автокөлік көрсететін медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффиценті ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін – коэффициент 1-ге тең.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
М. Шоранов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады