Ағымдағы және тұрақты бағалардағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 25 қарашадағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қарашада № 25444 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ағымдағы және тұрақты бағалардағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов

  Басшысының
2021 жылғы 25 қарашадағы
№ 37 бұйрығымен
бекітілген

Ағымдағы және тұрақты бағалардағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ағымдағы және тұрақты бағалардағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны;

      2) дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш;

      3) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі;

      4) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны;

      5) жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару;

      6) жеке түпкілікті пайдалануға арналған шығарылым – өндіруші өзінің түпкілікті тұтынуы немесе жинақтауы үшін пайдаланатын өнімдер;

      7) институционалдық бірлік – активтерді иеленетін, міндеттемелер қабылдайтын, экономикалық қызметке қатысатын және басқа институционалдық бірліктермен операцияларға кіретін экономикалық бірлік;

      8) қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) – бұл кәсіпорындар кезең-кезеңімен өндіріп алатын, бірақ ақыр соңында түпкілікті сатып алушылар толық көлемде төлейтін тауарлар мен қызметтерге салынатын салық;

      9) нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – салыстырмалы кезеңде саладағы өндіріс көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Базистік кезеңде есептелген және базистік кезеңдегі бағасына белгілі бір құнның ағымдағы кезеңге бөліндісімен есептеледі;

      10) нарықтық емес шығарылым – үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар немесе мемлекеттік басқару органдары өндірген тауарлар мен жеке немесе ұжымдық қызметтерді қамтиды, олар институционалдық бірліктерге немесе тұтастай қоғамға тегін немесе экономикалық тұрғыдан болмашы бағалар бойынша ұсынылады;

      11) нарықтық шығарылым – экономикалық маңызы бар бағамен сатылатын немесе нарықта басқаша сатылатын өнім;

      12) негізгі баға – өндіруші тауардың немесе шығарылым ретінде өндірілген көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін сатып алушыдан алуға тиіс, төленуге жататын кез келген салықты алып тастағанда және өндіруші оларды өндіру немесе сату нәтижесінде алуға тиіс кез келген субсидияны қоса алғандағы сома, оған өндірушінің шот-фактураларында жеке ұсынылған кез келген көлік шығындары кірмейді;

      13) өндірушінің бағасы – кез келген есептелген қосылған құн салығын немесе осыған ұқсас шегерілетін салықты алып тастағанда, өндіруші шығарылым ретінде өндірілген тауардың немесе көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін сатып алушыдан алуға тиіс сома. Ол өндіруші шот-фактурада жеке ұсынған көлік шығындарын қамтымайды;

      14) резидент – институционалдық бірлік, экономикалық мүдделер орталығы, ол осы елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта салыстырмалы түрде ұзақ уақыт (бір жыл немесе оданда көп) экономикалық қызметпен айналысады;

      15) тұтынушының бағасы – сатып алушы белгілеген мерзімде және жерде тауар немесе қызмет бірлігін жеткізгені үшін сатып алушы шегеруге жататын кез келген ҚҚС немесе соған ұқсас шегерілетін салықты қоспағанда, сатып алушы төлеген сома. Тауарды сатып алушының бағасы сатып алушының белгіленген мерзімде және орынға жеткізгені үшін бөлек төлеген кез келген көлік шығыстарын қамтиды;

      16) ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) – елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын шоттар мен кестелердің белгілі бір жиынтығы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштер жүйесі.

2-тарау. Ағымдағы бағаларда өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу 1-параграф. Жалпы шығарылымды бағалау

      3. ҰШЖ-да жалпы шығарылымның үш типі жіктеледі: тауарлар мен қызметтердің нарықтық, нарықтық емес шығарылымы және өзіндік түпкілікті пайдалануға арналған шығарылым.

      4. Нарықтық шығарылым құны мынадай баптардың сомасы ретінде айқындалады:

      1) экономикалық маңызы бар бағалар бойынша сатылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны;

      2) басқа тауарлар мен қызметтерге немесе активтерге бартер бойынша айырбасталған тауарлар мен қызметтердің құны;

      3) заттай нысанда еңбекақы төлеуді қоса алғанда, заттай нысанда төлемдер ретінде пайдаланылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны;

      4) өндірістік процесті жалғастыруға байланысты тәуекел тауарлармен бірге берілген кезде бір мекеме сол нарықтық кәсіпорынға тиесілі басқа мекемеге аралық тұтыну ретінде пайдалану үшін берген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны;

      5) дайын, бірақ сатылмаған тауарлардың және пайдалануға арналған аяқталмаған өндіріс қорларының өзгеру құны;

      6) тауарлар мен қызметтерді жеткізуге арналған саудалық үстеме баға, көлік шығыстары, қаржы активтерін сатып алу және өткізу жөніндегі операциялардағы үстеме бағасы.

      5. Нарықтық емес қызметтердің құны өндіріс шығындарының сомасы бойынша мынадай баптар бойынша бағаланады:

      1) аралық тұтыну;

      2) еңбекке ақы төлеу;

      3) негізгі капиталды тұтыну;

      4) өндіріске басқа субсидиялар шегеріле отырып, өндіріске салынатын басқа да салықтар.

      6. Өзіндік түпкілікті пайдалану үшін шығарылым құны мынадай баптардың сомасы ретінде айқындалады:

      1) үй шаруашылығының корпорацияланбаған кәсіпорны өндірген және сол бір үй шаруашылығы тұтынған тауарлардың құны;

      2) жалдамалы ақы төленетін үй қызметшісінің үй шаруашылығына көрсеткен қызметтерінің құны;

      3) тұрғын үй иелері өзінің тұтынуы үшін өндірген шартты түрде есептелген тұрғын үй қызметтерінің құны;

      4) мекеме өзінің пайдалануы үшін өндірген, сол кәсіпорында болашақта өндірісте пайдалану үшін қалатын негізгі қорлардың құны (негізгі капиталдың жалпы жинақталуы);

      5) жоғарыда аталған әртүрлі пайдалану түрлеріне арналған дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс қорларын өзгерту құны.

      7. Жалпы шығарылымды бағалау негізгі бағаларда жүргізіледі. Баға түрлері өнімдерге салықтар мен субсидиялардың, сондай-ақ көлік шығыстарының қалай көрсетілетініне байланысты ерекшеленеді.

      8. Жалпы шығарылымды және аралық тұтынуды бағалау кезінде тұрақты статистикалық зерттеулер мен әкімшілік деректер негізінде бағаланған шығарылым және аралық тұтыну шамасына бақыланбайтын экономиканың (бұдан әрі – БЭ) шығарылым және аралық тұтыну құны қосылады.

      9. БЭ-ны бағалау мынадай әдістемелерге:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19215 болып тіркелген) Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесіне;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15848 болып тіркелген) Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Жалпы шығарылымды есептеу экономиканың бес институционалдық секторы деңгейінде біріктіріледі және экономикалық қызметтің мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

      "Ауыл, орман және балық шаруашылығы" секциясы;

      "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуды" секциясы;

      "Өңдеу өнеркәсібі" секциясы;

      "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау" секциясы;

      "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою" секциясы;

      "Құрылыс" секциясы;

      "Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу" секциясы;

      "Көлік және жинақтау" секциясы;

      "Тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсету" секциясы;

      "Ақпарат және байланыс" секциясы;

      "Қаржылық және сақтандыру қызметі" секциясы;

      "Жылжымайтын мүлікпен операциялар" секциясы;

      "Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет" секциясы;

      "Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет" секциясы;

      "Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету" секциясы;

      "Білім беру" секциясы;

      "Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету" секциясы;

      "Өнер, ойын-сауық және демалыс" секциясы;

      "Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну" секциясы;

      "Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі" секциясы.

      11. Жалпы шығарылымды қалыптастыру үшін ақпарат көздері жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері және әкімшілік деректері:

      өнеркәсіп өндірісінің статистикасы;

      ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы;

      құрылыс статистикасы;

      сауда статистикасы;

      қызмет көрсету статистикасы;

      денсаулық сақтау статистикасы;

      білім беру статистикасы;

      байланыс статистикасы;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

      12. "Қаржылық және сақтандыру қызметі" секциясы бойынша жалпы шығарылым мынадай әдістемелерге сәйкес қалыптастырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14362 болып тіркелген) Қаржы делдалдығы қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесі;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 қазандағы № 226 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14393 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15627 болып тіркелген) Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесі;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 16 тамыздағы № 118 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15687 болып тіркелген) Зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметтерін есепке алу әдістемесі.

      13. "Жылжымайтын мүлікпен операциялар" секциясы бойынша жалпы шығарылым жеке меншік тұрғын үйде тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шартты есептелген құнынан қалыптастырылады.

      14. Көтерме және бөлшек сауданың жалпы шығарылымы қайта сату үшін сатып алынған тауарлар үшін алынған сауда маржасының жалпы құнынан қалыптасады. Ағымдағы тәжірибеде тауар айналымынан 30% мөлшерінде орташа тауарлық үстеме пайдаланылады.

2-параграф. Аралық тұтынуды бағалау

      15. Аралық тұтыну шығыстардың мынадай баптары бойынша қалыптастырылады:

      1) материалдық шығындар (тауарлар және материалдық қызметтер);

      2) материалдық емес қызметтерге ақы төлеу;

      3) жол жүру және қонақ үй қызметтерін төлеу бөлігінде іссапарларға арналған шығыстар.

      16. Материалдық шығындар мынадай баптар бойынша қалыптастырылады:

      1) өндірістік процесте пайдаланылған шикізат пен материалдар;

      2) жартылай фабрикаттар мен кәсіпорында құрастырылатын бөлшектер;

      3) энергияның барлық түрлерін өндіруге, жылытуға, өз өндірісіне қызмет көрсету бойынша көлік жұмыстарына жұмсалатын барлық түрдегі отын;

      4) кәсіпорынның технологиялық және өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын барлық түрдегі энергия, кәсіпорынның өзінің электр және энергия түрлерін өндіруіне және сатып алынатын энергияны оны тұтыну орнына дейін түрлендіруге және беруге жұмсалатын шығыстар;

      5) өнім өндіруге, шикізатты қайта өңдеуге, жөндеу және пайдалану жұмыстарына қатысты жекелеген операциялар сияқты кәсіпорындар орындайтын жұмыстар мен қызметтер;

      6) өнімдерді жеткізуге байланысты, кәсіпорынның өзі шеккен шығыстар, кәсіпорындардың көліктік көрсетілетін қызметтері; кәсіпорынның өзінің ішінде өнімдерді тасымалдау жөніндегі шығыстар;

      7) байланыс және есептеу орталықтарының қызметтеріне ақы төлеу;

      8) буып-түю материалдарының таза құны;

      9) қызметкерлердің құралдарға, жұмыс киімдеріне шығындарын өтеу;

      10) қонақ үйлердің, мейрамханалардың және дәмханалардың тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін сатып алуы;

      11) ауруханалар мен медициналық мекемелердің пациенттеріне, оқушыларға арналған оқу орындарының тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді сатып алуы;

      12) үй шаруашылықтарының өз шаруашылық қызметі үшін құрал-саймандарды, жұмыс киімдерін, құрылыс материалдарын, тұқымдар мен жемшөп сатып алуы;

      13) тұрғын үй иелерінің ағымдағы жөндеуге арналған материалдарының шығыстары;

      14) әскери қызметшілерге арналған тамақ өнімдері мен киім-кешек.

      17. Материалдық емес қызметтер мынадай баптар бойынша қалыптастырылады:

      1) тауарлардың сапасын бақылауға ақы төлеу;

      2) қаржылық қызметтер үшін төлемдер;

      3) оқу орындарына кадрларды кәсіптік даярлаумен байланысты төлемдер;

      4) денсаулық сақтау мекемелеріне диспансерлеу, вакцинациялау қызметтері үшін ақы төлеу;

      5) ғимараттар, имараттар, машиналар мен жабдықтар үшін жалдау төлемдері;

      6) коммуналдық қызметтерге, қалдықтарды жинау және кәдеге жаратуға ақы төлеу;

      7) заң қызметтері үшін ақы төлеу;

      8) жарнама және кәсіпкерлік қызметтер, көшіру жұмыстары, билеттерді резервтеу, кәсіби бірлестіктерге төлемдер;

      9) тауарларды лицензиялауға және сертификаттауға ақы төлеу;

      10) өрт күзеті үшін төлемдер.

      18. Аралық тұтынуды есептеу үшін ақпарат көздері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы және шағын кәсіпорынның қызметі туралы статистикалық нысандар және әкімшілік көздердің әкімшілік деректері болып табылады.

      19. Экономикалық қызмет түрлері бойынша аралық тұтыну шамасына жанама түрде өлшенетін қаржы делдалдығы қызметтерінің (бұдан әрі – ҚДЖӨҚ) шамасы қосылады. ҚДЖӨҚ шамасы қаржылық делдалдық қызметтерін ұсынатын екінші деңгейдегі банктердің шығарылымы ретінде және осы қызметтерді тұтынатын салалардың аралық тұтынуы ретінде бір мезгілде көрсетіледі.

3-параграф. Жалпы қосылған құнды есептеу

      20. ЖҚҚ ҰШЖ-дағы өндіріс шотының теңгерімдеуші бабы болып табылады.

      21. Номиналды және нақты ЖІӨ бар. Номиналды ЖІӨ ағымдағы жылдың бағасымен немесе өнім өндіруге қатысты кезеңдегі ағымдағы бағалармен есептеледі. Нақты ЖІӨ белгілі бір уақыт аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемінің өзгеруін бағалау үшін тұрақты бағамен есептеледі.

      22. ЖІӨ-ні өндіріс әдісімен есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


GDP = GVA + NT

(1)

      мұнда:

      GDP – ЖІӨ;

      GVA – ЖҚҚ;

      NT – өнімдерге таза салықтар.

      ЖҚҚ-ны есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


GVA = Out – IC

(2)

      мұнда:

      Out – жалпы шығарылым;

      IC – аралық тұтыну.

      Өнімдерге таза салықтарды есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


NT = T – S

(3)

      мұнда:

      T – өнімдерге салынатын салықтар;

      S – өнімдерге субсидиялар.

4-тарау. Тұрақты бағаларда өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу

      23. ЖІӨ мен оның компоненттерін тұрақты бағаларда бағалау физикалық көлем индекстерін есептеу үшін қажет, олар экономиканың даму деңгейінің маңызды көрсеткіштері, экономикалық жағдайдың ауытқуы және құрылымдық өзгерістерді анықтау болып табылады. ЖІӨ мен оның компоненттерінің динамикалық қатарлары ұзақ уақыт бойы тұрақты бағаларда экономикалық модельдеу мен болжауда пайдаланылады.

      24. ЖІӨ-нің нақты көлем индексі базистік кезеңнің бағаларында бағаланған ағымдағы кезеңдегі ЖІӨ-нің құнын базистік кезеңдегі оның құнына бөлу арқылы Ласпейрес көлемінің индексі формуласы бойынша есептеледі:




(4)

      мұнда:


- ЖІӨ нақты көлемінің индексі;

- базалық кезеңнің бағаларындағы ағымдағы кезеңдегі ЖІӨ-нің құны;

- базалық кезеңдегі ЖІӨ-нің құны.

      25. Уақыт өте келе базистік кезеңдегі салыстырмалы бағалардың құрылымы кейінгі кезеңдердің экономикасына тән болмайды. Ұзын репрезентативті динамикалық қатарларды алу мақсатында ескі қатарларды жаңа қатарлармен (өзгертілген таразылармен) байланыстыру (біріктіру) жүргізіледі.

      26. ЖІӨ-нің жылдық тізбектік индекстері әр жыл үшін жаңартылған салмақтары бар екі жылдық жылдық индекстерді есептеу арқылы алынады. Бұл сілтемелер бірізді көбейту арқылы динамикалық қатарларға біріктіріледі. 0 және t кезеңдерін байланыстыратын Ласпейрес көлемінің тізбектік индексінің формуласы мынадай:




(5)

      мұнда:


- ЖІӨ нақты көлемінің тіркелген индексі;

- 0 кезең бағасындағы 1 кезеңдегі ЖІӨ құны;

- 2 кезеңдегі ЖІӨ құны 1 кезеңнің бағаларында;

- t-1 кезеңінің бағаларындағы t кезеңіндегі ЖІӨ құны;

- 1 кезеңдегі ЖІӨ құны;

- t-1 кезеңіндегі ЖІӨ құны;

- базалық кезеңдегі ЖІӨ құны.

      27. ЖІӨ-ні тұрақты бағамен бағалау ЖІӨ-ні ағымдағы бағаларда жеке құн компоненттеріне бөлуді және оларды базалық жылдың бағаларында бағалау үшін тиісті әдістерді қолдануды қамтиды. ЖІӨ мен оның компоненттерін тұрақты бағамен бағалаудың негізгі әдістері дефляторлау және экстраполяциялау әдістері болып табылады.

      28. Дефляторлау әдісі ағымдағы кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің құнын базистік кезеңдегі бағалармен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруін көрсететін индекске бөлуден тұрады. Бұл қайта бағалау процедурасы Пааше типі бойынша есептеуге сәйкес келеді және жалпы түрде келесідей сипатталады:




(6)

      мұнда:


- базалық кезеңнің бағаларындағы ағымдағы кезеңдегі ЖІӨ құны;

- ағымдағы кезеңдегі ЖІӨ құны;

- базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі баға индексі.

      29. Экстраполяциялау әдісі базистік кезеңдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің (немесе осы жиынтық үшін репрезентативтік тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) осы жиынтығының нақты көлемінің өзгеруін көрсететін индекске көбейтуден тұрады. Есептеу Ласпейрес индексінің формуласынан алынады:




(7)

      мұнда:


- базалық кезеңнің бағаларындағы ағымдағы кезеңдегі ЖІӨ құны;

- базалық кезеңдегі ЖІӨ құны;

- базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі нақты көлем индексі.

      30. Қосылған құн тауарлар мен қызметтердің бақыланатын ағындарымен байланысты емес, бағалар мен көлемдердің өнімі ретінде ұсынылмайды. Сондықтан тұрақты бағалардағы қосылған құнды бағалаудың негізгі әдісі "қос дефляторлау" болып табылады, онда тұрақты бағалардағы қосылған құнның мәні тұрақты бағаларда бағаланған шығарылым құны мен аралық тұтыну құны арасындағы айырмашылық ретінде алынады. Қос дефляторлау ағымдағы бағалар мен баға индекстерінде өндірістердің шығарылымы және аралық тұтынылуы туралы сенімді ақпарат болған жағдайда қолданылады.

      Бұл ақпарат болмаған жағдайда "бір дефляторлау" әдісі қолданылады, тұрақты бағаларда тікелей ЖҚҚ салаларын бағалау. Ол келесі жолдармен жасалады:

      ағымдағы бағалардағы есепті жылдағы ЖҚҚ шамасы мынадай жолдармен:

      1) шығару үшін баға индексімен;

      2) аралық тұтыну үшін баға индексімен;

      3) тұтыну бағаларының индексімен;

      4) өндірушілердің баға индексімен;

      5) жалақының өзгеру индексімен тікелей дефляторлаумен жасалады.

      ағымдағы бағаларда өткен жылғы ЖҚҚ шамасын тікелей экстраполяциялау арқылы:

      1) шығарылымның нақты көлемінің индексімен;

      2) аралық тұтынудың нақты көлем индексімен;

      3) өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) заттай көріністегі көлемінің өзгеруін сипаттайтын индекспен;

      4) заттай көріністегі шығындардың (еңбек шығындарынан басқа) жекелеген элементтерінің индекстерімен;

      5) еңбекақы индексі, ол өз кезегінде жалақы индексімен дефляторланған;

      6) жұмыспен қамтылғандар санының өзгеру индексімен;

      7) еңбек шығындарының индексімен (жұмыспен өтелген адам-сағат);

      8) еңбек өнімділігінің өзгеруіне түзетілген еңбек шығындарының индексімен айқындалады.

      31. Тұрақты бағадағы өнімдерге салықты есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 1 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15957 болып тіркелген) Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Методики расчета валового внутреннего продукта методом производства в текущих и постоянных ценах

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 25 ноября 2021 года № 37. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 ноября 2021 года № 25444

      В соответствии c подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", а также подпунктом 22) пункта 17 Положения об Агентстве по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета валового внутреннего продукта методом производства в текущих и постоянных ценах.

      2. Департаменту национальных счетов совместно с Юридическим департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан (Джаркинбаев Ж.А.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Н. Айдапкелов

  Утверждена
приказом руководителя
от 25 ноября 2021 года № 37

Методика расчета валового внутреннего продукта методом производства в текущих и постоянных ценах

Глава 1. Общие положения

      1. Методика расчета валового внутреннего продукта методом производства в текущих и постоянных ценах (далее – Методика) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии с международными стандартами и утверждаемой в соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике".

      2. В настоящей Методике используются следующие понятия:

      1) промежуточное потребление – стоимость товаров и услуг, трансформируемых или полностью потребляемых в процессе производства;

      2) дефлятор – показатель, характеризующий среднее изменение цен в экономике за определенный период;

      3) валовой внутренний продукт (далее – ВВП) – один из важнейших показателей системы национальных счетов, характеризующий конечный результат экономической деятельности страны;

      4) валовая добавленная стоимость (далее – ВДС) – стоимость валового выпуска за вычетом стоимости промежуточного потребления, служащая показателем вклада в ВВП, внесенного отдельными производителями, отраслями или секторами экономики;

      5) валовой выпуск – выпуск товаров и услуг, представляющий суммарную стоимость товаров и услуг, являющихся результатом производственной деятельности единиц-резидентов национальной экономики в отчетном периоде;

      6) выпуск для собственного конечного использования – продукты, используемые производителем для его собственного конечного потребления или накопления;

      7) институциональная единица – экономическая единица, владеющая активами, принимающая обязательства, участвующая в экономической деятельности и вступающая в операции с другими институциональными единицами;

      8) налог на добавленную стоимость (далее – НДС) – это налог на товары и услуги, поэтапно взимаемый предприятиями, но в конечном итоге уплачиваемый в полном объеме конечными покупателями;

      9) индекс физического объема (далее – ИФО) – относительный показатель, характеризующий изменение объемов производства в сравниваемых периодах. Рассчитывается путем деления стоимости определенного показателя в текущем периоде, оцененного в ценах базисного периода, на его стоимость в базисном периоде;

      10) нерыночный выпуск – товары и индивидуальные или коллективные услуги, произведенные некоммерческими организациями, обслуживающими домашние хозяйства или органами государственного управления, которые предоставляются институциональным единицам или обществу в целом бесплатно или по экономически незначимым ценам;

      11) рыночный выпуск – выпуск, предназначенный для продажи по экономически значимым ценам;

      12) основная цена – это сумма, подлежащая получению производителем от покупателя за единицу товара или услуги, произведенных в качестве выпуска, минус любой налог, подлежащий уплате, и плюс любая субсидия, подлежащая получению производителем как следствие их производства или продажи. Она исключает любые транспортные расходы, представленные отдельно в счетах-фактурах производителем;

      13) цена производителя – это сумма, подлежащая получению производителем от покупателя за единицу товара или услуги, произведенную в качестве выпуска, минус любой начисленный налог на добавленную стоимость или аналогичный вычитаемый налог. Она не включает транспортные расходы, представленные производителем отдельно в счете-фактуре;

      14) резидент – институциональная единица, центр экономических интересов которой находится на экономической территории данной страны, то есть она занята в течение относительно длительного периода (год и более) экономической деятельностью на этой территории;

      15) цена потребителя – это сумма, уплаченная покупателем, исключая любой НДС или аналогичный вычитаемый налог, которые подлежат вычитанию покупателем, за поставку единицы товара или услуги в установленные покупателем сроки и место. Цена покупателя товара включает любые транспортные расходы, оплаченные отдельно покупателем за поставку в установленные сроки и место;

      16) система национальных счетов (далее – СНС) – система статистических показателей, построенная в виде определенного набора счетов и таблиц, характеризующих результаты экономической деятельности страны.

Глава 2. Расчет валового внутреннего продукта методом производства в текущих ценах

Параграф 1. Оценка валового выпуска

      3. В СНС различаются три типа валового выпуска: рыночный, нерыночный выпуск товаров и услуг и выпуск для собственного конечного использования.

      4. Стоимость рыночного выпуска определяется как сумма следующих статей:

      1) стоимость товаров и услуг, проданных по экономически значимым ценам;

      2) стоимость товаров и услуг, обмененных по бартеру на другие товары и услуги или активы;

      3) стоимость товаров и услуг, использованных в качестве платежей в натуральной форме, включая оплату труда в натуральной форме;

      4) стоимость товаров и услуг, поставленных одним заведением другому заведению, принадлежащему тому же рыночному предприятию, для использования в качестве промежуточного потребления, когда риск, связанный с продолжением производственного процесса, передается вместе с товарами;

      5) стоимость изменения запасов готовых, но не проданных товаров, и незавершенного производства, предназначенных для использования;

      6) торговая наценка на поставку товаров и услуг, транспортные расходы, наценка в операциях по приобретению и реализации финансовых активов.

      5. Стоимость нерыночных услуг оценивается по сумме затрат на производство по следующим статьям:

      1) промежуточное потребление;

      2) оплата труда;

      3) потребление основного капитала;

      4) другие налоги на производство за вычетом других субсидий на производство.

      6. Стоимость выпуска для собственного конечного использования определяется как сумма следующих статей:

      1) стоимость товаров, произведенных некорпорированным предприятием домашнего хозяйства и потребленных тем же самым домашним хозяйством;

      2) стоимость услуг, предоставленных домашнему хозяйству наемной оплачиваемой прислугой;

      3) стоимость условно исчисленных жилищных услуг, произведенных владельцами жилищ для собственного потребления;

      4) стоимость основных фондов, произведенных заведением для собственного использования, которые остаются на том же предприятии для использования в будущем производстве (валовое накопление основного капитала);

      5) стоимость изменения запасов готовых продуктов и незавершенного производства, предназначенных для различных видов использования, упомянутых выше.

      7. Оценка валового выпуска производится в основных ценах. Виды цен отличаются в зависимости от отражения налогов и субсидий на продукты и транспортных расходов.

      8. При оценке валового выпуска и промежуточного потребления к величине выпуска и промежуточного потребления, оцененных на основе регулярных статистических обследований и административных данных, добавляется стоимость выпуска и промежуточного потребления ненаблюдаемой экономики (далее – ННЭ).

      9. Оценка ННЭ осуществляется согласно следующим методикам:

      1) методике оценки ненаблюдаемой экономики, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2019 года № 4 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19215);

      2) методике оценки объемов незаконной деятельности, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 8 сентября 2017 года № 125 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15848).

      10. Расчет валового выпуска агрегируется на уровне пяти институциональных секторов экономики и производится по следующим видам экономической деятельности:

      секции "Сельское, лесное и рыбное хозяйство";

      секции "Горнодобывающая промышленность и разработка карьеров";

      секции "Обрабатывающая промышленность";

      секции "Деятельность, связанная со снабжением электроэнергией, газом, паром, горячей водой и кондиционированием воздуха";

      секции "Деятельность, связанная с водоснабжением, сбором, обработкой и удалением отходов и деятельность по ликвидации загрязнений";

      секции "Строительство";

      секции "Оптовая и розничная торговля; ремонт автомобилей и мотоциклов";

      секции "Транспорт и складирование";

      секции "Предоставление услуг по проживанию и питанию";

      секции "Информация и связь";

      секции "Финансовая и страховая деятельность";

      секции "Операции с недвижимым имуществом";

      секции "Профессиональная, научная и техническая деятельность";

      секции "Деятельность в области административного и вспомогательного обслуживания";

      секции "Государственное управление и оборона; обязательное социальное обеспечение";

      секции "Образование";

      секции "Здравоохранение и социальное обслуживание населения";

      секции "Искусство, развлечения и отдых";

      секции "Предоставление прочих видов услуг";

      секции "Деятельность домашних хозяйств, нанимающих домашнюю прислугу; деятельность домашних хозяйств по производству товаров и услуг для собственного потребления".

      11. Источниками информации для формирования валового выпуска являются данные общегосударственных статистических наблюдений и административные данные:

      статистики промышленного производства;

      статистики строительства;

      статистики сельского, лесного, охотничьего и рыбного хозяйства;

      статистики торговли;

      статистики услуг;

      статистики здравоохранения;

      статистики образования;

      статистики связи;

      статистики транспорта;

      Министерства финансов Республики Казахстан;

      Национального Банка Республики Казахстан.

      12. Валовой выпуск по секции "Финансовая и страховая деятельность" формируется согласно следующим методикам:

      1) методике учета выпуска услуг финансового посредничества, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 сентября 2016 года № 217 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14362);

      2) методике учета финансовых услуг банков второго уровня, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 октября 2016 года № 226 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14393);

      3) методике учета услуг страхования, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 114 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15627);

      4) методике учета услуг пенсионных фондов, утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 118 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15687).

      13. Валовой выпуск по секции "Операции с недвижимым имуществом" формируется из условно исчисленной стоимости услуг по проживанию в собственном жилище.

      14. Выпуск предприятий оптовой и розничной торговли формируется из общей стоимости торговой наценки, вырученной за товары, которые они приобретают для перепродажи. В текущей практике применяется средняя торговая наценка в размере 30 % от товарооборота.

Параграф 2. Оценка промежуточного потребления

      15. Промежуточное потребление формируется по следующим статьям расходов:

      1) материальные затраты (товары и материальные услуги);

      2) оплата нематериальных услуг;

      3) расходы на командировки в части оплаты проезда и услуг гостиниц.

      16. Материальные затраты формируются по следующим статьям:

      1) сырье и материалы, использованные в производственном процессе;

      2) полуфабрикаты и детали, монтируемые на предприятии;

      3) топливо всех видов, расходуемое на производство всех видов энергии, на отопление, транспортные работы по обслуживанию собственного производства;

      4) энергия всех видов, расходуемая на технологические, производственные и хозяйственные нужды предприятия, расходы на производство электрической энергии самим предприятием и на трансформацию и передачу покупной энергии до места ее потребления;

      5) работы и услуги, выполняемые другими предприятиями, такие как отдельные операции, относящиеся к производству продукции, переработка сырья, ремонтные и эксплуатационные работы;

      6) расходы, связанные с доставкой продуктов, понесенные самим предприятием, транспортные услуги предприятий и расходы по транспортировке продуктов внутри самого предприятия;

      7) оплата услуг связи и вычислительных центров;

      8) чистая стоимость упаковочных материалов;

      9) возмещение работникам затрат на инструменты, рабочую одежду;

      10) покупки продуктов питания, напитков и табачных изделий гостиницами, ресторанами и кафе;

      11) покупки продуктов питания и медикаментов больницами и медицинскими учреждениями для их пациентов, учебными заведениями для учащихся;

      12) покупки домашними хозяйствами инструментов, рабочей одежды, строительных материалов, семян и кормов для собственной хозяйственной деятельности;

      13) расходы материалов собственниками жилищ на их текущий ремонт;

      14) продукты питания и обмундирование для военнослужащих.

      17. Нематериальные услуги формируются по следующим статьям:

      1) оплата контроля качества товаров;

      2) платежи за финансовые услуги;

      3) платежи учебным заведениям, связанные с профессиональной подготовкой кадров;

      4) оплата учреждениям здравоохранения за услуги диспансеризации, вакцинации;

      5) арендные платежи за здания, сооружения, машины и оборудования;

      6) оплата за коммунальные услуги, уборка и утилизация отходов;

      7) оплата за юридические услуги;

      8) оплата за рекламу и предпринимательские услуги, копировальные работы, резервирование билетов, платежи профессиональным объединениям;

      9) оплата лицензирования и сертификации товаров;

      10) платежи за пожарную охрану.

      18. Источниками информации для расчетов промежуточного потребления являются статистические формы о финансово-хозяйственной деятельности предприятия и о деятельности малого предприятия и административные данные административных источников.

      19. К величине промежуточного потребления по видам экономической деятельности добавляется величина услуг финансового посредничества, измеряемых косвенным образом (далее – УФПИК). Величина УФПИК отражается одновременно как выпуск банков второго уровня, представляющих услуги финансового посредничества и как промежуточное потребление отраслей, потребляющих данные услуги.

Параграф 3. Расчет валовой добавленной стоимости

      20. ВДС является балансирующей статьей счета производства в СНС.

      21. Различают номинальный и реальный ВВП. Номинальный ВВП рассчитывается в ценах текущего года или текущих ценах, преобладающих в период, к которому относится производство продукции. Реальный ВВП рассчитывается в постоянных ценах с целью оценки изменения физического объема ВВП за определенный промежуток времени.

      22. Расчет ВВП методом производства осуществляется по следующей формуле:


GDP = GVA + NT

(1)

      где:

      GDP – ВВП;

      GVA – ВДС;

      NT – чистые налоги на продукты.

      Расчет ВДС осуществляется по следующей формуле:


GVA = Out – IC

(2)

      где:

      Out – валовой выпуск;

      IC – промежуточное потребление.

      Расчет чистых налогов на продукты осуществляется по формуле:


NT = T – S

(3)

      где:

      T – налоги на продукты;

      S – субсидии на продукты.

Глава 4. Расчет валового внутреннего продукта методом производства в постоянных ценах

      23. Оценка ВВП и его компонентов в постоянных ценах для исчисления индексов физического объема, которые являются важными показателями уровня развития экономики, колебания экономической конъюнктуры, выявления структурных изменений. Динамические ряды ВВП и его компонентов в постоянных ценах за длительные периоды времени используются в экономическом моделировании и прогнозировании.

      24. Индекс физического объема ВВП рассчитывается по формуле индекса объема Ласпейреса путем деления стоимости ВВП в текущем периоде, оцененной в ценах базисного периода, на его стоимость в базисном периоде:




(4)

      где:

     

- индекс физического объема ВВП;

     

- стоимость ВВП в текущем периоде в ценах базисного периода;

     

- стоимость ВВП в базисном периоде.

      25. С течением времени структура относительных цен в базисном периоде становится не характерной для экономики более поздних периодов. С целью получения длинных репрезентативных динамических рядов производится увязка (сцепление) старых рядов с новыми рядами (с измененными весами).

      26. Годовые цепные индексы ВВП получаются с помощью исчисления годовых индексов двух смежных лет с обновленными весами для каждого года. Эти звенья объединяются в динамические ряды последовательным перемножением. Цепной индекс объема Ласпейреса, связывающий периоды 0 и t, имеет следующую формулу:




(5)

      где:

     

- сцепленный индекс физического объема ВВП;

     

- стоимость ВВП в периоде 1 в ценах периода 0;

     

- стоимость ВВП в периоде 2 в ценах периода 1;

     

- стоимость ВВП в периоде t в ценах периода t-1;

     

- стоимость ВВП в периоде 1;

     

- стоимость ВВП в периоде t-1;

     

- стоимость ВВП в базисном периоде.

      27. Оценка ВВП в постоянных ценах предполагает разделение ВВП в текущих ценах на отдельные стоимостные компоненты и применение к ним соответствующих методов для получения их оценки в ценах базисного года. Основными методами оценки ВВП и его компонентов в постоянных ценах являются методы дефлятирования и экстраполирования.

      28. Метод дефлятирования состоит в делении стоимости товаров и услуг в текущем периоде на индекс, отражающий изменение цен на товары и услуги в текущем периоде по сравнению с ценами базисного периода. Процедура переоценки соответствует расчету по типу Пааше и описана в общем виде следующим образом:




(6)

      где:

     

- стоимость ВВП в текущем периоде в ценах базисного периода;

     

- стоимость ВВП в текущем периоде;

     

- индекс цен в текущем периоде по сравнению с базисным периодом.

      29. Метод экстраполирования состоит в умножении стоимости товаров и услуг в базисном периоде на индекс, отражающий изменение физического объема данной совокупности товаров и услуг (или товаров и услуг, репрезентативных для данной совокупности) в текущем периоде по сравнению с базисным периодом. Расчет выводится из формулы индекса Ласпейреса:




(7)

      где:

     

- стоимость ВВП в текущем периоде в ценах базисного периода;

     

- стоимость ВВП в базисном периоде;

     

- индекс физического объема в текущем периоде по сравнению с базисным периодом.

      30. Добавленная стоимость не связана с потоками товаров и услуг и, следовательно, не представляет произведение цен и объемов. Основным методом оценки добавленной стоимости в постоянных ценах является "двойное дефлятирование", при котором величина добавленной стоимости в постоянных ценах получается как разность между стоимостью выпуска и стоимостью промежуточного потребления, оцененных в постоянных ценах. Двойное дефлятирование используется в тех случаях, когда имеется информация о выпуске и промежуточном потреблении отраслей в текущих ценах и индексах цен.

      При отсутствии данной информации применяется метод "одинарного дефлятирования" - оценка в постоянных ценах непосредственно ВДС отраслей. Она производится следующими способами:

      прямым дефлятированием величины ВДС за отчетный год в текущих ценах:

      1) индексом цен для выпуска;

      2) индексом цен для промежуточного потребления;

      3) индексом потребительских цен;

      4) индексом цен производителей;

      5) индексом изменения заработной платы.

      прямым экстраполированием величины ВДС за предыдущий год в текущих ценах:

      1) индексом физического объема выпуска;

      2) индексом физического объема промежуточного потребления;

      3) индексом, характеризующим изменение объема товаров (услуг) - представителей в натуральном выражении;

      4) индексами отдельных элементов затрат (кроме затрат труда) в натуральном выражении;

      5) индексом оплаты труда, которая в свою очередь дефлятирована индексом заработной платы;

      6) индексом изменения численности занятых;

      7) индексом затрат труда (отработанные человеко-часы);

      8) индексом затрат труда, скорректированным на изменение производительности труда.

      31. Расчет налогов на продукты в постоянных ценах осуществляется согласно Методике учета налогов на продукты и импорт, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 1 ноября 2017 года № 145 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15957).