БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат төмендегі анықтамаларды беру түрінде жүзеге асырылады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің нақты объектісіне бар құқықтар (ауыртпалықтар) көрсетіледі;
2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамада жеке немесе заңды тұлғаға тіркелген барлық жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтер (оның ішінде иеліктен айырылған) көрсетіледі;
3) осы Ереженің 3-1-қосымшасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер.
Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтерде жеке немесе заңды тұлғаларға құқықтары тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауыртпалықтар және заңдық талаптары туралы мәліметтер көрсетіледі;
4) жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелері.".
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 1010 бұйрығына қосымша |
|
Құқықтық кадастрдан алынған ақпаратты беру қағидасына 3-1-қосымша |
Нысан
____________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы)
Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер ___ жылғы "___" ______
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және ЖСН; заңды тұлғаның атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) жылжымайтын мүлік объектісіне:___________________________________________________________
растама мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (болған жағдайда)
тіркелген______________ заңды (құқық түрі)
тұлға__________________________________________________________
(атауы, БСН)
1) құқық ауыртпалығы тіркелді:
Ауыртпалық түрі | Мазмұны | Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға) | Ортақ меншік нысаны, үлесі | Ауыртпалықтың туындау негізі | Тіркелген күні, уақыты |
2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқпайтын заңдық талаптар мен мәмілелер тіркелді:
Заңдық талаптар және мәмілелер | Мазмұны | Өтініш беруші (мүдделі тұлға) | Пайда болу негізі тіркеу күні, уақыты | Тоқтату негізі тіркеу күні, уақыты |
Орындаушы: ______________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы: ____________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы: ______________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны (болған жағдайда) __________________________________________
Ескертпе: Ақпараттар берген сәтінде жарамды болып табылады.