"Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25597 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13096 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 351 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 8-2/1132 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогі (басқару персоналы)

А1

1

Мыналардың: Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының;
Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың;
Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияның;
Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығының;
Республикалық өсімдіктер карантині орталығының (бұдан әрі – республикалық маңызы бар ММ және РММ) басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ және РММ басшысының орынбасары

2

Мыналардың:
Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталықтың;
Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының;
Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының (бұдан әрі – облыстық маңызы бар РММ) басшысы

2-1

Облыстық маңызы бар РММ басшысының орынбасары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ-ның және РММ-ның бас бухгалтері;
Республикалық маңызы бар РММ облыстық филиалының басшысы;
Республикалық маңызы бар РММ республикалық зертханасының басшысы;
Республикалық маңызы бар РММ өңірлік филиалының басшысы;
Республикалық маңызы бар ММ облыстық (аймақтық, республикалық маңызы бар қала) карантиндік зертханасының басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ-ның және РММ-ның бас бухгалтерінің орынбасары;
Республикалық маңызы бар РММ облыстық филиалы басшысының орынбасары

Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің, мемлекеттік сорт сынау станциясының (Республикалық маңызы бар РММ филиалдары) басшысы;
Республикалық маңызы бар ММ және РММ аудандық филиалының басшысы

2

Облыстық маңызы бар РММ-ның бас бухгалтері;
Облыстық маңызы бар РММ бөлімшесінің басшысы

2-1

Облыстық маңызы бар РММ бас бухгалтерінің орынбасары

А3

1

Республикалық маңызы бар ММ және РММ құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы;
Республикалық маңызы бар РММ зертханасының басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар РММ-ның құрылымдық бөлімшесі (бөлімі) басшысының орынбасары

Бас: агроном, инженер, негізгі персонал инженері, негізгі персонал инспекторы, механик, фитопатолог, экономист, энтомолог, бактериолог, вирусолог, герболог, гельминтолог

2

Облыстық маңызы бар РММ бөлімінің басшысы

2-1

Бас: агроном-агрохимик, гидрогеолог, негізгі қызметтер инженері, экономист

B блогі (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер

3

Аға ғылыми қызметкер

4

Ғылыми қызметкер

5

Кіші ғылыми қызметкер

В2

1

Негізгі персоналдың жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: зертханашы, химик, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

2

Негізгі персоналдың бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, гидрогеолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопатолог, химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

3

Негізгі персоналдың екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, гидрогеолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, талдамашы химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

4

Негізгі персоналдың санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, гидрогеолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

В3

1

Негізгі персоналдың жоғары санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: зертханашы

2

Негізгі персоналдың бірінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: ветеринариялық фельдшер, зертханашы, техник-гидрогеолог

3

Негізгі персоналдың екінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, техник-гидрогеолог

4

Негізгі персоналдың санаты жоқ біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, техник-гидрогеолог

С блогі (әкімшілік персонал)

С1

1

Цех басшысы (меңгерушісі)

С2

2

Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, зертханашы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, инспектор, нұсқаушы, менеджер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, механик, аудармашы, редактор, референт, бағдарламашы, технолог, бағдарламашы инженер (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, экономист, заңгер, сапаны бақылау жөніндегі менеджер

С3

3

РММ-ға шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы: қойма меңгерушісі

Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: кітапханашы, жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, шебер, механик, референт, барлық атаулар технигі, экономист, заңгер

D блогі (көмекші персонал)

D


Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, іс жүргізуші, комендант, хатшы, статистик

      Аббревиатурлардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      РММ – республикалық мемлекеттік мекеме.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады