Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 1034 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25661 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларында:

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшадағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер "Cот сарапшысы біліктілігін беру" стандартының (бұдан әрі – 1-Стандарт) және "Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" стандартының (бұдан әрі - 2-Стандарт) 8-тармақтарына сәйкес біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне қосымшаны алу үшін құжаттарды портал арқылы электрондық құжат нысанында жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-Стандартта және 2-Стандартта жазылған.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы портал арқылы түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде 1-стандарттың және 2-стандарттың 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Дәлелді бас тарту үшін негіздер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес 1-Стандарттың және 2-Стандарттың 9-тармақтарында келтірілген.

      Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімінің өтуі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      1-Стандарттың және 2-Стандарттың 9-тармақтарында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі немесе оған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1-стандартында және 2-стандартында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы біліктілік емтиханын өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындайды - орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      6. 4 (төртінші) жұмыс күні қызмет алушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезең бойынша емтихан өткізіледі:

      1) компьютерлік тестілеу 100 сұрақ: қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ); азаматтық процестік құқық бойынша (20 сұрақ); криминалистика бойынша (20 сұрақ); әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ); сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтар үшін Заң бойынша (20 сұрақ);

      Компьютерлік тестілеу сұрақтары көрсетілетін қызметті алушының біліктілік даярлау бағдарламасының тақырыптары негізінде қалыптастырылады.

      Ғылыми дәрежесі немесе сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшылары компьютерлік тестілеу сұрақтарын әзірлеушілер болып табылады.

      2) сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша білімді тексеру көрсетілетін қызметті алушылар үшін үш сұрақты қамтиды.

      Емтихан билеттері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік даярлау бағдарламасының тақырыптары негізінде қалыптастырылады.

      Барлық емтихан билеттерінде бірдей емтихан талаптары болуы керек-емтихан материалдарының бірдей көлемі, сұрақтардың, мысалдар мен тапсырмалардың бірдей күрделілік дәрежесі. Емтихан билеті біліктілік даярлау бағдарламасының әртүрлі бөлімдерінен (модульдерінен) үш сұрақтан (теориялық) қалыптастырылады.

      Ғылыми дәрежесі немесе сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшылары емтихан билеттерін әзірлеушілер болып табылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не "цифрлық құжат" сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.

      Тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы емтиханды тапсыру кезінде қосымша құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын, қандай да бір электрондық тасмалдағыштағы жазбаларды қолдануға рұқсат берілмейді.

      Тестілеу аудиториясы аудио және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      26. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мере кекүндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде 1-стандарттың және 2-стандарттың 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Дәлелді бас тарту үшін негіздер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес 1-стандарттың және 2-стандарттың 9-тармақтарында келтірілген.

      Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімінің өтуі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      1-стандарттың және 2-стандарттың 9-тармақтарында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі немесе оған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1-стандартта және 2-стандартта көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын аттестаттау үшін дайындайды-орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не "цифрлық құжат" сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.

      Тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Тестілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді. Көрсетілетін қызметті алушыларға қосалқы құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақты бірінші рет бұзған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ауызша түрде ескертіледі, қайта бұзған кезде көрсетілетін қызметті алушы компьютерлік тестілеуден одан әрі өтуден шеттетіледі.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызмет беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      34. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарышөнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа
1 қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
1-қосымша

"Сот сарапшысы біліктілігін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-1)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелері

1) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
2) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайдағы оны алу тәсілі

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің www.adilet.gov.kz ресми нтернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаныдағы өтініш;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қызмет алушы және (немесе) ұсынған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде талаптар

1. Қызмет алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа
2 қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
2-қосымша

"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-2)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі

www.egov.kz, www. elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелері

1) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
2) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайдағы оны алу тәсілі

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаныдағы өтініш; Стандарттарға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қызмет алушы және (немесе) ұсынған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегіқызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде талаптар

1. Қызмет алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа 3 қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

"Сот сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-1)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелері

аттестациялық комиссияның қорытындысы немесе негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелерін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайдағы оны алу тәсілі

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің www.adilet.gov.kz ресми нтернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары үшін: Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған кәсіби даярлық деңгейі көрсетілген сот сарапшысына мінездеменің электрондық көшірмесі; сот сарапшысының соңғы жылдағы қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі; Стандарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамға: Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; сот сарапшысының соңғы жылдағы қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі; Стандарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қызмет алушы және (немесе) ұсынған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегіқызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде талаптар

1. Қызмет алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
2. Мемлекеттіккөрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа
4 қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау"" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі– 2-Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсынутәсілі

www.egov. kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелері

Аттестациялық комиссияның қорытындысы немесе негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайдағы оны алу тәсілі

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің www.adilet.gov.kz ресми нтернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары үшін: Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған кәсіби даярлық деңгейі көрсетілген сот сарапшысына мінездеменің электрондық көшірмесі; сот сарапшысының соңғы жылдағы қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі; Стандарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамға: Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; сот сарапшысының соңғы жылдағы қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі; Стандарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қызмет алушы және (немесе) ұсынған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгедеталаптар

1. Қызмет алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қол жетімді
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады