Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 15033 болып тіркелді.

      "Сот сараптамасы қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 18) тармақшасына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.05.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 30 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығына
1-қосымша

Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.05.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сот-сараптамасы қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 18) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сот сарапшыларын аттестаттау" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер қарастырылған:

      1) Бірыңғай байланыс-орталығы -ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік қызметтер және өзге де қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызмет алушыларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша ақпараттық-анықтамалық қызметінің функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      3) сот сарапшысын кезекті аттестаттау - сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырған адамдарды қоспағанда, әрбір бес жыл сайын кезеңмен өткізілетін рәсім;

      4) сот сарапшысын кезектен тыс аттестаттау - Заңның 20-бабымен белгіленген біліктілік талаптарына сот сарапшысының сәйкес келмеген жағдайдағы жүргізілетін рәсім;

      5) сот сарапшысын аттестаттау (бұдан әрі - аттестация) - Заңмен белгіленген біліктілік талаптарына сот сарапшысының сәйкес келуін айқындау бойынша кезекті және кезектен тыс аттестаттауды қамтитын рәсім;

      6) сот сарапшысы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) - сот сараптамалары органының қызметкерлері болып табылатын сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшылар, сондай-ақ, лицензия негізінде сот-сараптамасы қызметімен айналысатын адамдар;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталыwww.egov.kz., www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) -электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Бала күтімі демалысында болған көрсетілетін қызметті алушылар қызметке шыққаннан кейін үш айдан кейін не алты айдан кешіктірілмей аттестатталады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Аттестаттауға жататын, лицензия негізінде сот-сараптамасы қызметімен айналысатын адамдардың тізімі оны өткізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрінің не болмаса оны ауыстыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.

      5. Аттестаттауға жататын, сот сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының тізімі мен аттестацияны өткізу кестесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәспорынның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) басшысымен не боламаса оны ауыстыратын адаммен бекітіледі.

      6. Лицензия негізінде сот-сараптамасы қызметімен айналысатын адамдарды кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) сот-сараптамасы қызметін лицнзиялау бойынша комиссиясымен қабылданады, ал сот-сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларын кезектен тыс аттестаттау осы Қағидаға 13-тармағымен белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен қабылданады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны, аттестацияға жіберілгендерді аттестацияны өткізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өткізілетін орны, уақыты, аттестацияның өткізілу тәртібі туралы жазбаша хабарландырады.

      8. Аттестацияға жататын көрсетілетін қызметті алушылар жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап оны өткізгенге дейін күнтізбелік үш жұмыс күннен кешіктірмей сот сарапшыларын аттестаттау, аттестацияны өткізу жөніндегі Комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) құжаттарды жолдайды.

      9. Аттестацияны өту үшін, көрсетілетін қызметті алушы аттестацияны өткізу не аттестацияны өткізу бойынша аттестациялық куәлік бойынша комиссия отырысының қорытындысын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы "Сот сарапшылар аттестаттау" Стандартының (бұдан әрі - Стандарт1) және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармақтарына сәйкес электрондық құжат нысаны түрінде құжаттарды жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің негізгі талаптар тізімі үрдіс сипаттамасын, нысанды, көрсету мазмұны мен нәтижиесін, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ерекшеліктері есебімен мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стандарт 1 және Стандарт 2-де көрсетілген.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы белгі жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталған уақытта, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еібек заңнамасына сәйкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілген қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтыңы мен сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Көрсетуден себептемелі бас тарту негіздемелері "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 19-1-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стандарт 1 және Стандарт 2 9-тармақтарында көрсетілген.

      Көрсетілген қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші жетекшісінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде өтінішті бұдан әрі қарастырудан себептемелі бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стандарт 1 және Стандарт 2 көрсетілген толық құжаттар пакетін ұсынған, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге себептемелі бас тарту үшін негізделердің болмағаны жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аттестацияны өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушының материалдарын дайындайды - орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.

      11. Комиссия төртінші жұмыс күні көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен аттестацияны өткізеді.

      Тестілеу аудиториясы аудио және бейне бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша аттестация 2 кезеңде қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

      1) тестілеу: қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ); азаматтық - процестік құқық бойынша (20 сұрақ); криминалистика бойынша (20 сұрақ); әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ); Заң бойынша (20 сұрақ) барлығы 100 сұрақты құрайды.

      Тестілеу сұрақтары қызмет алушының жұмыс үрдісінде қолданатын негізгі заңдарды білуін тексеруге бағытталған.

      Ғылыми атағы немесе сараптама мамандығы бойынша бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар қызмет алушының бас сарапшылары компьютерлік тестілеу сұрақтарының әзірлеушілері болып табылады.

      2) білімін тексеру: сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша ауызша әңгімелесу (мамандығы бойынша 5 сұрақтан көп емес).

      13. Қызмет алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.

      Тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Қызмет алушылар тестілеу кезінде өзара сөйлесе алмайды. Қызмет алушыларға көмекші құжаттарды (анықтамаларды, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдары мен электрондық тасығыштағы жазбаларды пайдалануға жол берілмейді. Аталған тармақты қызмет алушы бірінші рет бұзған жағдайда, ауызша түрде ескертілетін болады, ал қайталама бұзған жағдайда қызмет алушы компьютерлік тестілеуді ары қарай өтуден шеттетілетін болады.

      14. Тестілеудің өтудің шекті мәні қойылған сұрақтың жалпы санынан дұрыс жауаптың 70% құрайды.

      Тестілеудің нәтижелерін есептеу автоматты түрде, компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізіледі.

      Нәтижиелер екі данада басып шығарылады, оларға түпнұсқалық пен анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамалары органының мөрімен куәландырылады. Оның бір данасы қызмет алушыға беріледі, ал екінші данасы қызмет алушының қолымен қызмет алушының аттестациялық ісінде сақталады.

      15. Егер тестілеудің нәтижиелері белгіленген шекті мәннен кем болса, аттестаттауға жататын қызмет алушы аттестацияның келесі кезеңіне жіберілмейді.

      16. Білімін тексеру сараптамалық мамандықтың белгілі бір түрі бойынша өтеді және қызмет алушының кәсіптік деңгейі бағаланады.

      Қызмет алушының ауызша әңгімелесу нысанында білімін тексеру барысында қойылған сұрақтың жалпы санынан 70% дұрыс жауап берген жағдайда, қызмет алушы аттестациядан өткен деп саналады.

      17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стандарт 1 және Сатандарт 2 көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ, аттестацияның екі кезеңінен өткен нәтижиелерді қарап, Комиссия келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) қайталама аттестаттауға жатады.

      Аттестаттаудың нәтижиелері аттестаттау өткізілген күні жарияланады және осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет алушының аттестациясын, өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі - хаттама) көрсетіледі.

      18. Аттестаттаудан өтпеген көрсетілетін қызметті алушы, бір реттік қайталама аттестаттаудан өтуге жатады.

      19. Қайталама аттестация осы Қағидалардың 13-тармағымен белгіленген тәртіпте аттестацияны өткізген күнінен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан кем емес мерзімде өткізіледі.

      20. Қайталама аттестацияда, аттестаттауда тестілеудің шекті мәнін өткен соң, көрсетілетін қызметті алушы қайталама тест тапсырмай әңгімелесуге жіберіледі.

      Комиссия, көрсетілетін қызметті алушының қайталама аттестацияны өткен кезде, келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) аттестатталмады.

      Лицензия негізінде сот-сараптамасы қызметімен айналысатын адамдардың Заңның 14-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қайталама аттестацияны өтпеген жағдайда, Министрлік талап арыз бойынша сот тәртібінде сот-сараптамасы қызметімен айналысуға лицензиядан айыруды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы кезекті аттестацияны өтпеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес көрсетілген қызметті алушымен жасалған еңбек шарты бұзылады.

      21. Аттестацияның нәтижиелері хаттамада көрсетіледі.

      22. "Сот сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша аттестаттау Комиссияның шешімімен осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес аттестацияны, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды), ал "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір данада аттестациялық куәлік (бұдан әрі - аттестациялық куәлік) түрінде ресімделінеді.

      23. Қызмет берушінің жауапты орындаушысы электрондық нұсқада қорытынды немесе куәлік жобасын ресімдейді және қызмет берушінің басшысымен келіседі - орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні.

      Аттестациялық комиссияның төрағасы қорытынды немесе куәлікті қарастырады және қол қояды - орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қорытынды немесе куәлік-қызметті берушінің комиссия төрағасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" - портал арқылы жіберіледі.

      24. Ақпараттық жүйеде жаңылу болған жағдайда, электрондық байланыс болмағанда немесе хабарламаны жіберуге кедергі болатын өзгеде жағдайлар туындағанда, көрсетілетін қызметті көрсетушінің уәкілетті бөлімшесі "электрондық үкімет" ақпаратттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын (бұдан әрі - оператор) хабардар етеді, оператор техникалық жаңылулардың туындауын анықтаған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін (жұмыс күндері сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейін) шараларды қабылдайды.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласында уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      26. Мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде рұқсаттар мен хабарламалар, оның кезеңі туралы деректер автоматты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторнигінің ақпараттық жүйесіне түседі.

3-тарау.Комиссия шешімін қайта қарау (аппелляция) тәртібі

      27. Қызмет алушы аттестация нәтижиелерімен қанағаттанбаған жағдайда, апелляциялық комиссияға қайта қарау өтінішін беруге құқығы бар.

      28. Қызметті алушы ерікті түрде апелляциялық комиссиясының атына өтінішті жазады. Қайта қарау үшін берілген өтініш аттестацияны өткенен кейін екі жұмыс күні ішінде қабылданады және апелляциялық комиссиямен белгіленген кестеге сәйкес апелляциялық комиссияның отырысында қарастырылады.

      Апелляциялық комиссияның отырысы келіп түсетін өтініштерге байланысты қажеттілігі болған жағдайда жүргізіледі.

      29. Қайта қарауға өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан шағымдану кезінде қабылданады:

      1) нақты сұрақтардың дұрыстығы (компьютерлік тестілеу және билеттері бойынша);

      2) техникалық ақауларға сілтеме жасап тестілеу нәтижиелері бойынша;

      3) тестілеу ережелерін бұзу туралы акт;

      30. Апелляциялық комиссия отырысында қайта қарауға өтініш берген қызмет алушының компьютерлік тесттер мен сұрақтарына қайтарған дұрыс емес жауаптары мен оның нұсқалары және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының тестілеу кезіндегі бейне - және аудио жазба үрдісі қарастырылады.

      31. Апелляциялық комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан комиссияның басым мүшелерінің берген дауыстарымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыс беру шешімі бірдей болған жағдайда, шешуші дауыс комиссия төрағасының дауысы болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған хаттамамен ресімделеді және оған осы отырыста қатысқан барлық апелляциялық комиссияның мүшелерімен қол қойылады. Апелляциялық комиссия отырысы хаттамасының екінші нұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі және бір жыл көлемінде сақталады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның жалпы санынан 2/3 (екі де үш) мүшелерінің болғаны кезінде дұрыс болып саналады.

      Апелляциялық комиссия комиссия төрағасын қоса алғанда бес комиссия мүшесінен тұрады.

      32. Апелляциялық комиссия қайта қарауға түскен өтінішті қарастыру нәтижиелері бойынша өтініш түскен күннен бастап екі күн ішінде келесі екі шешімнің біреуін қабылдайды:

      1) қайта қарауды қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) қызмет алушының өтінішін қанағаттандырып, оны қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызметті тапсыруға жіберу.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      33. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жіберілуі мүмкін.

      34. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына көрсетілетін қызметті алушыдан түскен шағым оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      35. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына көрсетілген қызметті алушыдан түскен шағым оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      36. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша

"Сот сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі - Стандарт 1)

1

Қызмет берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі - 7 (жеті) жұмыс күндері.

4

Көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелері

Аттестациялық комиссияның қорытындысы немесе аттестациялық комиссияның қорытындысы не негіздемелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы себептемелі жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелерін ұсыну нысаны.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайдағы оны алу тәсілі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоса алмағанда, белгіленген жүмыс кестесіне сай жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзілісімен дүйсенбіден жұма аралығында.
2) портала - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушының жұмыс уақытының аяқталған, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтінішті берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлкеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы жұмыс істейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің www.adilet.gov.kz ресми нтернет-ресурсында орналастырылған.

8

Құжаттар тізімі

1) қызмет берушінің қызметкеріне:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіби дайындық деңгейі көрсетілген, аумақтық бөлімше басшысының не болмаса оны ауыстыратын адамның қолы қойылған сот сарапшысына берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындысына берілген рецензияның электрондық көшірімесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.
2) лицензия негізінде сот-сараптамасы қызметін жүзеге асыратын адамға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындысына берілген рецензияның электрондық көшірімесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған матреиалдар мен деректердің (мәліметтердің) сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түрінде көрсету ерекшеліктерінің есебімен өзгеде талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинет" порталы, сонымен қатар бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жойылған рұқсат режімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен белгісі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көру қабілеті кеміс адамдар үшін қызметті алу нұсқалары қол жетімді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет ресурсында"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

Стандарт государственной услуги"Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты (бұдан әрі - Стандарт 2)

1

Қызмет берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі

www.egov.kz, www.elicense,kz"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі - 7 (жеті) жұмыс күндері.

4

Көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелері

Аттестациялық куәлік немесе аттестациялық қорытынды не негіздемелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы себептемелі жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелерін ұсыну нысаны.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайдағы оны алу тәсілі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1)қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоса алмағанда, белгіленген жүмыс кестесіне сай жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзілісімен дүйсенбіден жұма аралығында.
2)портала - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушының жұмыс уақытының аяқталған, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтінішті берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлкеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы жұмыс істейді.
Қазақстан Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Құжаттар тізімі

1) қызмет берушінің қызметкеріне:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіби дайындық деңгейі көрсетілген, аумақтық бөлімше басшысының не болмаса оны ауыстыратын адамның қолы қойылған сот сарапшысына берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындысына берілген рецензияның электрондық көшерімесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.
2)лицензия негізінде сот-сараптамасы қызметін жүзеге асыратын адамға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 1-қосымшасына сәйкесэлектрондық құжат нысанындағы өтініш;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындысына берілген рецензияның электрондық көшерімесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған матреиалдар мен деректердің (мәліметтердің) сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түрінде көрсету ерекшеліктерінің есебімен өзгеде талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинет" порталы, сонымен қатар бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жойылған рұқсат режімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен белгісі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
3.Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көру қабілеті кеміс адамдар үшін қызметті алу нұсқалары қол жетімді.
4.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kzинтернет ресурсында"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.

  Стандарт 1 және Стандарт 2-ге
1-қосымша
  Нысан
  Сот сарапшылары
аттестациясын, оның ішінде
кезектен тыс аттестаттауды
өткізу жөніндегі
комиссия төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.

      Сонымен қатар, аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өту үшін келесі құжаттарды жолдаймын:

      1. ____________________________________

      2. ____________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін:

      ____________________________________

      қолы (Т. А. Ә (болғанжағдайда)

  Стандарт 1 және Стандарт 2-ге
2-қосымша
  Нысан

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі

      2. Құру күні

      Негізгі мәліметтер

      3. Жеке сәйкестендіру номері

      4. Тегі

      5. Аты

      6. Әкесінің аты (болған жағдайда)

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      7. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

      8. Нөмірі

      9. Сериясы

      10. Берілген күні

      11. Аяқталу күні

      12. Берген органы

      Мекен-жайы

      13. Пошталық индекс

      14. Мемлекет, облыс, аудан, елді мекен

      15. Көшенің аты

      16. Үйдің, ғимараттың нөмірі

      17. Пәтердің, кеңсенің нөмірі

      18. Телефон нөмірі

      Жоғары білімі туралы мәліметтер

      19. Жоғары білім беру ұйымының толық атауы

      20. Дипломның сериясы мен нөмірі

      21. Оқуға түскен жылы

      22. Оқуды аяқтаған жылы

      23. Диплом бойынша мамандығы

      24. Диплом бойынша біліктілігі

      25. Дипломдарды нострификаттау (қажеттілігі болған жағдайда)

      Ынталандыру және тәртіптік жазаларының болуы туралы мәліметтер (олардың болғаны жағдайда)

      26. Бұйрықтың нөмірі мен күні

      27. Бұйрықтың атауы

      28. Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс (керегінің астын сызу қажет)

      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру туралы куәліктің болуы туралы мәлімет

      29. Нөмірі

      30. Ұйымның атауы

      31. Циклдың атауы

      33. Берілген күні

      Қызметті жүзеге асыру туралы деректер

      34. Сот сараптамасы қызметін жүзеге асыру бойынша өзіңіздің тәсіліңізді таңдаңыз:

      35. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге)

Біліктілік куәлігінің (қосымшасымен бірге) номері

Рұқсат беру құжатының мерзімі

Мамандығы

      Сот сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам

      36. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге)

Біліктілік куәлігінің (қосымшасымен бірге) номері

Рұқсат беру құжатыныңмерзімі

Мамандығы

Лицензия нөмірі

Лицензияныбергенкүні

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша



 

Себептемелі бас тарту



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сіздің жылғы (өтініш күні) № (өтініш нөмірі) өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды.
Бас тарту себебі.

 

Қол қоюшының лауазымы

Қол қоюшының аты-жөні, тегі (болған жағдайда)

 


 

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сот сарапшылары аттестациясын, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия отырысының № хаттамасы

      20___жылғы " ____ " _________________

      _____________________ қаласы

      Төраға ____________________________________

      Комиссия мүшелері ____________________________________

      Хатшы ____________________________________

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны ауыстыратын адамның) 20__

      жылғы "__"_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясының қарауына

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы) құжаттары ұсынылды. 1._________________________

      2._________________________

      3._________________________

      (ұсынылған құжаттар)

      1 кезеңнің (компьютерлік тестілеу өткізу) нәтижелері:

      _______ балл, екінші кезеңге: "жіберіледі"/"жіберілмейді".

      Сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша өткізілген ауызша әңгімелесудің/ емтихан

      билетінің қысқаша мазмұны:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      Шешім қабылдау жөніндегі комиссиясы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

      "қолдаған" ______, "қарсы" _______ дауыс.

      Комиссиясы былай деп шешті:

      1) _______________________ аттестатталды

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      2) _______________________ қайта аттестаттауға жатады

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      3) ________________________ аттестатталмады

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы: ___________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері: ___________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      ___________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      ___________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Хатшы:            ___________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Аттестациялық комиссияның № қорытындысы

      20___жылғы " ____ " _________________

      ____________________ қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны

      ауыстыратын адамның) 20__ жылғы "__"_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін

      комиссиясы құрамында:

      Төраға __________________________________________

      Комиссия мүшелері _________________________________________

      ___________________________________________

      ___________________________________________

      Хатшы ___________________________________________

      _______________________________________________________________

      (аттестацияның түрі, тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),

      сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)

      құжаттарды қарап,

      Былай деп шешті:___________________ ____

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      ___________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Аттестациялық куәліктің№

      20___жылғы " ____ " _________________

      ____________________ қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны

      ауыстыратын адамның)

      20__ жылғы "__"_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:

      Төраға _____________________________________

      Комиссия мүшелері ________________________________________

      ___________________________________________

      ___________________________________________

      Хатшы ___________________________________________

      _____________________________________________________________

      (аттестацияның түрі, тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),

      сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)

      құжаттарды қарап,

      Былай деп шешті:___________________ ____

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      ___________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10490 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 522 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12281 тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13874 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндеттін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 660 бұйрығы 1 тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12783 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады