"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25924 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 09.01.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1)осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есеп нысаны;

      2)осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. "Экстремизмге, терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалау жағдайы туралы" № 1-ЭТ нысанды есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту, экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар және сот экстремистік, террористік деп таныған ұйымдар туралы деректер қорын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 9 қазандағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9863 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының міндетін атқарушы
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының міндетін
атқарушы
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 161 бұйрығына
1-қосымша

"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебі

1-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер А кестесі (қылмыстар бойынша)

Атауы

Жолдың коды

Есептік кезеңде қылмыстық істері өндірісте болған қылмыстардың саны

Есептік кезеңде СДТБТ-не тіркелген қылмыстар саны

Есептік кезеңде іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істер бойынша қылмыстардың саны

Есептік кезеңде қылмыстық істері сотқа жіберілген қылмыстардың саны

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 35-бабының 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтары және 36-бабы бойынша қылмыстардың саны қылмыстық істері қысқартылған

ҚПК-нің 35-бабы 1- бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша қылмыстар саны тармақтар бойынша қысқартылған қылмыстық істер

А

Б

1

2

3

4

5

6









      кестенің жалғасы:

есептік кезеңде ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстардың саны

Барлығы

1) тармақ

2) тармақ

3) тармақ

4) тармақ

5) тармақ

6) тармақ

7) тармақ

8) тармақ

9) тармақ

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Экстремистік және террористік қылмыстар










      Кестенің жалғасы

есептік кезеңде қылмыстық істері іс жүргізумен аяқталған қылмыстар

Кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен

Адамдар тобы

Қылмыстық топ

Қылмыстық қоғамдастық

Қылмыстық ұйым

17

18

19

20

21






"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ нысаны

2-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстарды жасаған адамдар туралы

Атауы

Жолдың коды

Барлығы

оның ішінде

сотқа жолданды

бұрын жасаған адамдар

кәмелетке толмағандар

әйелдер

Қазақстан азаматтары

ТМД азаматтары

шетел азаматтары

азаматтығы жоқ адамдар

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Экстремистік және террористік қылмыстар











      кестенің жалғасы:

оның ішінде

кәсібінің түрі

Білімі

мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдар

жұмыссыз

оқушылар

қатысушылар

студенттер

жеке кәсіпкерлер

дін қызметшілері

әскери қызметкерлер

мәдениет және өнер қызметкерлері

фермерлер

жоғары

орта және арнайы орта

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21













"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ нысаны

3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер А-кестесі. Экстремистік материалдарды алу туралы мәліметтер

Атауы


Экстремистік материалдар тәркіленді

А

Б

1

Материалдардың барлығы

1


олардың ішінде

парақшалар

2


кітаптар

3


басқа тасымалдаушылар

4


"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ нысаны

3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер Б-кестесі. Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер (террористік іс-әрекетке байланысты қестесі бойынша)

Атауы


Қозғалған қылмыстық істер бойынша қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар тәркіленді

А

Б

1

Қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың барлығы

1


олардың ішінде

қару

2


оқ-дәрілер

3


жарылғыш заттар

4


"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ нысаны

4-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер

Атауы


Барлығы

оның ішінде:

кәмелетке толмағандар

әйелдер

Қазақстан азаматтары

ТМД азаматтары

шетел азаматтары

азаматтығы жоқ адамдар

а

б

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды
(бұдан әрі - ӘҚтК)

1








Олардың ішінде қолданумен:

айыппұлдар

2








қызметті тоқтата тұру, оған тыйым салу

3








салынған айыппұл сомасы

4








өндіріп алынған айыппұл сомасы

5








ӘҚтК-нің 149-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды

6








"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ нысаны

5-бөлім. Экстремизмге қарсы іс-қимылды және терроризмге қарсы күрес үшін прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер

Атауы

жолдың коды

барлығы

а

б

1

тексерулер жүргізілді

1


заң бұзушылықтар анықталды

2


жүргізілген талдаулар

3


енгізілген наразылықтар

4


оның ішінде наразылықтар қанағаттандырылды

5


оның ішінде наразылықтар қабылданбады

6


қаралған ұсыныстар

7


"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы тәртібінде қанағаттандырылды

8


Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 376-бабы тәртібімен енгізілген сот қанағаттандырған өтініштердің саны (47 тарау)

9


9-жолдан

экстремистік және террористік деп танылған ұйымдардың саны

10


"Терроризмге қарсы іс – қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ) 21-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны

11


"Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы" Заңның (бұдан әрі – "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ) 8-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны

12


"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 10-4-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны

13


"Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 12-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны

14


заң түсіндірмелері берілді

15


ден қою шаралары бойынша заңсыз актілердің күші жойылды және өзгертілді

16


тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны

17


әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны

18


материалдық жауапкершілікке тартылған адамдардың саны

19


тексеру және талдау нәтижесінде ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі-АЕК) тіркелген фактілер саны

20


тергеу аяқталған (заңды күшіне енген сот үкімі не іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды) АЕК-те тіркелген фактілер саны (20-бағаннан)

21


тексеру және талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны

22


сотқа дейінгі аяқталған тергеулер саны (заңды күшіне енген немесе іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған сот үкімі) (22-бағаннан)

23


ақпараттық-профилактикалық (түсіндіру) жұмысы (барлығы):

24


24-жолдан

оның ішінде конференциялар, баспасөз конференциялары, семинарлар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді

25


оның ішінде БАҚ-та (баспасөзде, радио, теледидар, ақпараттық агенттіктерде, веб-сайттарда) жарияланған барлық материалдар)

26


"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ нысаны

6-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер

Атауы

Жолдың коды

өздеріне қатысты сотпен қылмыстық істері тоқтатылған адамдардың саны

медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған есі дұрыс емес адамдардың саны

ақталғандар саны

сотталғандар саны

оның ішінде бас бостандығынан айыруға

бас бостандығын шектеуы

тұтқындау

Қосымша жазалау шарасы: мүлікті тәркілеу

А

Б

1

2

4

5

6

7

8

9

Экстремистік және террористік қылмыстар










  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының міндетін
атқарушы
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 161 бұйрығына
2-қосымша

"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы есепті (бұдан әрі - есеп) қалыптастыруды нақтылайды.

      2. Есептің субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі және прокуратура органдары болып табылады.

      3. Есепті қалыптастыру негіздері:

      1) "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) (1, 2, 3, 6-бөлімдері) бекітілген Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – СДТБТ) электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – нысан);

      2) "Қадағалау" бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде (5-бөлім) "Әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерулерді және заңдылықты прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық есепке алу құжаты" № 1 нысанның;

      3) "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) (4-бөлім) бекітілген "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы" 1-ӘЖ және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалу, қаралу барысы және әкімшілік жазаны орындау тәртібі туралы" 1-ӘҚ нысандарындағы ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтері болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі-ҚР ҚПК) сәйкес прокурордың келісуі немесе бекітуіне жататын іс жүргізу шешімдерін есепке алу прокурор шешімді немесе ЭЦҚ нысанын куәландырғаннан кейін жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі –ҚР ҚПК) сәйкес прокурордың келісуі немесе бекітуіне жататын процестік шешімдерді есепке алу, прокурор шешімді немесе нысанды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылғаннан кейін жүргізіледі.

      5. Есеп өңір бойынша құқық бұзушылықтар туралы жиынтық есептен және осы өңірдің әрбір субъектісі бойынша есептерден тұрады.

      6. Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары жергілікті жерлердегі Комитеттің ақпараттық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. № 1-ЭТ есебін қалыптастыру мерзімдері

      7. Республика бойынша, сондай-ақ өңір және әрбір субъекті бойынша жиынтық есеп үдемелі қорытындымен тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) орталық аппаратында автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.

      Нысандарды Комитеттің ақпараттық жүйелеріне соңғы рет есепті кезеңнің соңғы күнінде 00:00 сағатқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жүктегеннен кейін белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) есепті есептеу жүргізіледі.

      Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) бекітілген есепке кез-келген түзетулер енгізу тыйым салынады.

      8. Комитет жиынтық есепті және әрбір қылмыстық қудалау органы бойынша есептерді мүдделі субъектілерге, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлімшелеріне есепті кезеңнен кейінгі айдың 6-күніне олардың ресми электрондық мекенжайларына электрондық форматта жібереді.

      Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда мерзімнің соңғы күні одан кейінгі бірінші жұмыс күні болып есептеледі.

3-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер (есептің 1-бөлімі)

      9. Есептің 1-бөлімі есептік кезеңде істері іс жүргізуде болған (сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, сотқа жолдаумен аяқталған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері тоқтатылған, үзілген) қылмыстар туралы мәліметтерді қамтиды.

      Жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер бейнеленеді (бұдан әрі – ҚР ҚК).

      10. 1-бөлімнің 1-бағанында істері есепті кезеңде өндірісте болған қылмыстардың саны көрсетіледі.

      Көрсетілген бағанда сондай-ақ есепті кезеңдегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бейнеленеді.

      Оларға есептік кезеңде тіркелген қылмыстар, сондай-ақ есептік кезеңде қылмыстық істі сотқа жіберу, мерзімін үзу немесе іс жүргізуді тоқтату (есептен шығарумен қысқартылғандардан басқа) туралы процестік шешім қабылданған немесе жоғарыда аталған шешімдердің бірде біреуі қабылданбаған өткен жылдардағы қылмыстар жатады.

      11. 2-бағанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді кімнің: анықтау органының, тергеушінің, прокурордың бастағанына қарамастан, есепті кезеңде тіркелген қылмыстардың саны көрсетіледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бір қылмыстық қудалау органы бастаған және кейіннен тергеулігі бойынша басқа органға берген жағдайда, 2-бағанда құқық бұзушылық сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған органның есебінде көрсетіледі. Бұл жағдайда 2-баған көрсеткіштерінің 1-баған көрсеткіштерінен асып кетуіне жол беріледі.

      12. 3-бағанда тіркеу уақытына қарамастан аяқталған қылмыстық істер бойынша (ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен сотқа жіберілген не ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтарына және 36-бабына сәйкес тоқтатылған) қылмыстардың саны бейнеленеді.

      4-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен және құқық бұзушылықты тіркеу уақытына қарамастан, ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілген қылмыстардың саны бейнеленеді.

      13. 5-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтарына және 36-бабына сәйкес тоқтатылған қылмыстар (есептен шығарусыз) көрсетіледі.

      6-бағанда істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтарына сәйкес тоқтатылған қылмыстардың саны (құқық бұзушылықты есептен шығарумен) көрсетіледі.

      7-бағанда есептік кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстардың жалпы саны бейнеленеді.

      7-бағанның 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 -бағандарда ағымдағы есептік кезеңде ашылмағаны ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істері бойынша қылмыстардың саны көрсетіледі (ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1), 2, 3), 5), 6), 7), 8), 9) тармақтары бойынша).

      14. 17-бағанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстар бейнеленеді.

      18-бағанда адамдар тобы жасаған қылмыстар бейнеленеді.

      19-бағанда қылмыстық топ жасаған; 20-бағанда қылмыстық қоғамдастық жасаған; 21-бағанда қылмыстық ұйым жасаған мәліметтер бейнеленеді.

4-тарау. № 1-ЭТ есептің "Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтер" 2-бөлімін қалыптастыру

      15. Есептің 2-бөлімі экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтерді қамтиды.

      Бөлімнің жолдарында бөлімнің "А" бағанында көрсетілген ҚР ҚК-нің баптары мен тарауларына сәйкес қылмыстар туралы мәліметтер бейнеленеді.

      16. 1-бағанда экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыс жасаған анықталған адамдардың жалпы саны бейнеленеді.

      2-бағанда 1-бағаннан қылмыстық істері сотқа жіберілген адамдардың саны көрсетіледі.

      17. 1-бағаннан 3-21-бағандарда қылмыс жасаған адамдардың жекелеген санаттарының саны бөлінеді: бұрын қылмыс жасаған адамдар, әйелдер, Қазақстан Республикасының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі-ТМД) азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың жас топтары, кәсібі, білімі.

5-тарау. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер (есептің 3-бөлімі)

      18. Бұл бөлімде қылмыстық істер бойынша экстремистік материалдарды, қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Есептің бөлімі "Экстремистік материалдарды алып қою туралы мәліметтер" А және "Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер" Б -кестелерінен тұрады.

      А-кестесінің жолдарында алынған экстремистік материалдардың атаулары туралы мәліметтер бейнеленеді.

      19. 1-бағанда алып қойылған экстремистік материалдардың жалпы саны бейнеленеді.

      Б-кестесінің жолдарында алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың атауы туралы мәліметтер бейнеленеді.

      1-бағанда қылмыстық істер бойынша алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың жалпы саны бейнеленеді.

6-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер (есептің 4-бөлімі)

      20. Бұл бөлім әкімшілік практика субъектісінің экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды.

      Кестелердің жолдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесін қамтиды.

      21. 1-бағанда әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың жалпы саны көрсетіледі.

      2-7-бағандарда 1-бағаннан кәмелетке толмағандардың, әйелдердің, Қазақстан Республикасы, ТМД азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың саны көрсетіледі.

7-тарау. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылда заңдылықты сақтауда прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер (есептің 5-бөлімі)

      22. Есептің 5-бөлімі экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылды прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.

      23. 1-жолда ағымдағы есепті кезеңде экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың қолданылуын прокурор аяқтаған тексерулердің жалпы саны көрсетіледі.

      Заңнаманың қолданылуын тексеруді прокурор "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Прокуратура туралы" ҚРЗ) 7-бабы 3-тармағына сәйкес тексеру жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін жүргізеді. Тексеруді көрсетудің қажетті шарты оның нәтижелері туралы анықтаманың не осы тексерудің қорытындылары бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актісінің болуы болып табылады.

      24. 2-бағанда анықталған заң бұзушылықтардың саны бейнеленеді, көрсеткіштерді есепке алу үшін тексеру нәтижелері туралы анықтамалар негіз болады.

      25. 3-бағанда ағымдағы есепті кезеңде заңдардың қолданылуына прокурор аяқтаған талдаулардың жалпы саны бейнеленеді.

      26. 4-бағанда енгізілген наразылықтардың саны көрсетіледі.

      27. 5-бағанда прокурордың заңсыз актінің күшін жою не оны Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз іс-әрекетін тоқтату және бұзылған құқықты қалпына келтіру туралы талаптарының орындалуы туралы жазбаша хабарлама негізінде ескерілетін қанағаттандырылған наразылықтар туралы мәліметтер бейнеленеді.

      28. 6-бағанда қабылданбаған наразылықтар туралы мәліметтер бейнеленеді.

      29. 7-бағанда бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдай отырып, есепті кезеңде қаралған ұсынымдардың саны (оларды енгізу уақытына қарамастан) ескеріледі.

      Прокурордың ұсынымдарын қарау нәтижелері және заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы лауазымды адамдардың немесе органдардың жазбаша хабарламалары осы бағанда есепке алу үшін негіз болып табылады.

      30. 8 жолда "Прокуратура туралы" ҚРЗ-ның 30-бабы тәртібінде қанағаттандырылған өтініштер саны ескеріледі.

      31. 9 жолда сот қанағаттандырған өтініштердің саны көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 376-бабы тәртібінде прокурормен енгізілген, оның ішінде келесі жолдарда: 10 жолда - экстремистік және террористік деп танылған ұйымдардың саны; 11 жолда – "Терроризмге қарсы іс – қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырған өтініштерінің саны; 12 жолда - "Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы" Заңның 8-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны (бұдан әрі - "Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы" ҚРЗ); 13 жолда - "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 10-4-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны; 14 жолда - "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 12-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны ескерілген.

      32. 15-жолда "Прокуратура туралы" ҚРЗ-ның 32-бабы тәртібімен берілген және прокурорлар органға немесе лауазымды адамға не азаматқа жіберген заң түсіндірмелері ескеріледі.

      33. 17, 18 және 19-жолдарда прокуратураның қаулылары мен ұсыныстары бойынша тәртіптік, әкімшілік және материалдық жауапкершілікке тартылған адамдардың саны көрсетіледі.

      34. 20-бағанда тексеру және талдау нәтижесінде ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі-АЕК) тіркелген фактілер саны, оның шінде 21-бағанда көрсетілетін тергеу аяқталған (заңды күшіне енген сот үкімі не іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды) АЕК-те тіркелген фактілер саны көрсетіледі.

      35. 22-бағанда тексеру және талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны, сонымен қатар сотқа дейінгі аяқталған тергеулер саны (заңды күшіне енген немесе іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған сот үкімі) көрсетіледі.

      36. 24, 25, 26-тармақтарда ақпараттық-профилактикалық (түсіндіру) жұмыс туралы мәліметтер көрсетіледі.

8-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер (есептің 6-бөлімі)

      37. 6-бөлім соттар оларға қатысты сот актілерін шығарған адамдар туралы ҚР ҚК-нің баптары көрсетілген жолдардан және көрсететін бағандардан тұрады:

      қылмыстық істері (қылмыстық қудалауы) тоқтатылған, оның ішінде есі кіресілі-шығасылы адамдар саны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдар саны (1 және 2-бағандар);

      ақталғандардың (3-баған) және сотталғандардың (5-баған) саны;

      қылмыстық жазалау шаралары: бас бостандығынан айыру мерзімдері (6, 7, 8-бағандар) және қосымша жазалау шарасы (мүлікті тәркілеу) 8-бағанда бейнеленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады