"Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25963 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 7) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) орындаушы ұйым – пестицидтердің биологиялық, шаруашылық тиімділіктерін бағалауды жүзеге асыратын, бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтылымы, тиісті бейіндегі және білікті мамандары, "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына сәйкес аккредитациясы бар ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдар, сондай-ақ, пестицидтерді талдау әдістерін әзірлеуді, токсикологиялық бағалауды, бейімдеуді және байқаудан өткізуді, олардың қалдық мөлшерлерін зерделеуді жүзеге асыратын "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредитациясы бар ұйымдардың зертханалары;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу үшін тіркелуші (өтінім беруші) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда Ведомствоға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінімді ұсынады.

      Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, толтырылады.

      Пестицидті мемлекеттік тіркеуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның мазмұны мен пестицидке тіркеу куәлігін беру процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны, сондай-ақ өзге де мәліметтер Стандартта жазылған.

      Тіркелушінің (өтініш берушінің) порталдағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраным қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Ведомство кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Тіркелуші (өтініш беруші) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Тіркелуші (өтініш беруші) құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және тіркелушіге (өтініш берушіге) жолдайды.

      Тіркелуші (өтініш беруші) Стандартта көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға 10 жыл мерзімге пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісу немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісуден бас тарту туралы ұсынымдарды қамтыған сараптама қорытындысын жібереді.

      Келісуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған кезде, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес пестицидті мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.

      Уәкілетті мемлекеттік органдармен келісулер мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидті ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданудан ықтимал тәуекелдердің болуы немесе болмауы және пестицидтің әсер етуші затының немесе пестицидтің өзінің Тізбеде және (немесе) Тізілімде болмауы тұрғысынан жүзеге асырылады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомство пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;

      2) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);

      3) балара шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);

      4) пестицидті өндіруші немесе тіркелуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;

      5) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмелері;

      6) қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындысының (нотариалды куәландырылған көшірмесі) электрондық көшірмесін қоса береді.

      Пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындыда Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақта санитарлық шараларды қолдану туралы" санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөлімінің 17-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.

      Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке арналған тіркеу дерекнамасының материалдарын қарағаннан және уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімін алғаннан кейін мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) пестицидті мемлекеттік тіркеу және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы қорытынды;

      2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту.

      Келісуші уәкілеттті мемлекеттік органдардың жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер анықталған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері тіркелушіге (өтініш берушіге) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындысы бойынша Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Нәтиже Ведомство басшысының не оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында тіркелушінің (өтініш берушінің) "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.

      Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған электрондық өтінімді қарауды, пестицидті мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді, шешім қабылдауды және пестицидке тіркеу куәлігін ресімдеуді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды тіркелуші (өтінім беруші) осы Қағидаларда белгіленген тиісті құжаттары бар электрондық өтінімді ұсынған күннен бастап 18 (он сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей Ведомство жүзеге асырады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілген қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер шағымды қарайтын орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, онда шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен тіркелушінің (өтінім берушінің) шағымы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен тіркелушінің (өтінім берушінің) шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 14-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау

      министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 378 бұйрығына
1-қосымша
  Пестицидтерді тіркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік)
сынақтарынан өткізу және
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
11-қосымша

"Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілі
( қол жеткізу каналдары)

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) пестицидке арналған тіркеу куәлігін берген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
2) тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
3) пестицидтерді уақытша тіркеген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
4) тіркелген пестицидті өндіру рецептурасы мен технологиясы сақтала отырып, оны өндіруші ауысқан немесе қосылған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні;
5) пестицидтерді қайта тіркеген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
6) тіркелуші (өтінім беруші) ауысқан кезде – 30 (отыз) жұмыс күні;
7) тіркелушінің (өтінім берушінің) атауы өзгерген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Пестицидке арналған тіркеу куәлігі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде.

7

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Пестицидке арналған тіркеу куәлігін алу үшін:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім;
2) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылық тиімділігін бағалау жөніндегі ұсақмөлдекті сынақтардың нәтижелері туралы есеп және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылық тиімділігін бағалау жөніндегі өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмелері (бұдан әрі – пестицидтің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер);
3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшелерінің құрамын анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;
5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерге арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
6) рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындысының (нотариалды куәландырылған көшірмесі) электрондық көшірмесі;
7) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмесі (рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
8) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
9) пестицидтегі әсер етуші затты анықтаудың талдамалық әдісінің электрондық көшірмесі. Тіркелуші (өтінім беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді;
10) пестицидтің тамақ өнімдеріндегі, ауыл шаруашылығы өніміндегі, Қазақстан Республикасының қоршаған орта объектілеріндегі және биологиялық ортадағы қалдық мөлшерлерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмесі;
11) өсімдік шаруашылығы өнімі және қоршаған орта объектілері құрамындағы пестицид нормативтерінің электрондық көшірмелері (пестицидтің өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең жоғары рұқсат етілген деңгейі, пестицидтің су айдындары суындағы шекті жол берілген концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК), пестицидтің жұмыс аймағындағы ауадағы ШЖК, пестицидтің жұмыс аймағындағы ауадағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейі, топырақтағы ШЖК (Қазақстан Республикасының немесе Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен);
12) өндіруші мен тіркелуші (өтінім беруші) арасында пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің электрондық көшірмесі, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензия немесе рұқсат;
13) пестицидті өндіруші немесе пестицидті тіркеуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;
14) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмесі;
15) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыстағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.
Пестицидке арналған тіркеу куәлігін алу үшін (тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейген кезде):
1) Қағидаларға 14-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласын кеңейтуге арналған өтінім;
2) пестицидтің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмелері;
3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;
4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерінің құрамын анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
5) пестицидтің тамақ өнімдеріндегі, ауыл шаруашылығы өніміндегі, қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін (қажет болған жағдайда метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі);
6) өсімдік шаруашылығы өнімі және қоршаған орта объектілері құрамындағы пестицид нормативтерінің электрондық көшірмелері (пестицидтің өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең жоғары жол берілген деңгейі, су айдындары суларындағы ШЖК, жұмыс аймағындағы ауадағы ШЖК, пестицидтің жұмыс аймағындағы ауадағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауіпсіз әрекет ету деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасының немесе Украинаның, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы бекіткен);
7) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмесі;
8) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыстағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.
Пестицидтерді уақытша тіркеу үшін:
1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті уақытша тіркеуге арналған өтінім;
2) ғылыми зерттеу мекемесінің анықталған зиянды немесе аса қауіпті зиянды организмдерге немесе карантиндік объектілерге қарсы қолданылатын пестицидтің, тәуекелі төмен биологиялық препараттың уақытша тіркелуін талдай және негіздей отырып, олардың уақытша тіркелуін жүргізудің орындылығы туралы кемінде 2 (екі) ұсынымының болуы;
3) Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде ұқсас қолдану саласы бойынша (сол дақылда және сол зиянды организмдерге қарсы) пестицидтің, тәуекелі төмен биологиялық препараттың мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың болуы.
Тіркелген пестицидті өндіру рецептурасы мен технологиясы сақтала отырып, оны өндіруші ауысқан немесе қосылған кезде:
1) осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелген пестицидті өндіру рецептурасы мен технологиясы сақтала отырып, оны өндірушіні ауыстыруға немесе қосуға арналған өтінім;
2) тіркелуші (өтінім беруші) және пестицидті өндіруші арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісім (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы жоқ болса, нотариалды куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ пестицидтің жаңа өндірушісіне тиісті мемлекеттік уәкілетті органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензия немесе рұқсат (Қазақстан Республикасының резиденті емес тіркелушілерге (өтінім берушілерге) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары жоқ болса, нотариалды куәландырылған көшірмелері);
3) пестицидтің және оның әсер етуші заттары (оның ішінде әсер етуші заттағы ілеспе қоспалар бойынша) құрамының тіркелген пестицидтің және оның әсер етуші затының құрамымен бірдейлігін растайтын, аккредиттелген (сертификатталған) зертханаларда жүргізілген зертханалық талдаудың деректері;
4) бұрын берілген пестицидке арналған тіркеу куәлігі түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке арналған тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда).
Пестицидтерді қайта тіркеу үшін:
1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті қайта тіркеуге арналған өтінім;
2) бұрын берілген пестицидтерге арналған тіркеу куәлігі түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке арналған тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерге арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
4) рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындысының (нотариалды куәландырылған көшірмесі) электрондық көшірмесі;
5) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмесі (рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
6) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмесі (рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулері нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
7) пестицидтегі әсер етуші затты анықтаудың талдамалық әдісінің электрондық көшірмесі. Тіркелуші (өтінім беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді;
8) пестицидтің тамақ өнімдеріндегі, ауыл шаруашылығы өніміндегі, Қазақстан Республикасының қоршаған орта объектілеріндегі және биологиялық ортадағы қалдық мөлшерлерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмесі;
9) өсімдік шаруашылығы өнімі және қоршаған орта объектілері құрамындағы пестицидтің нормативтерінің электрондық көшірмелері (пестицидтің өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең жоғары рұқсат етілген деңгейі, су айдындары суындағы пестицидтің шекті жол берілген концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК), пестицидтің жұмыс аймағындағы ауадағы ШЖК, пестицидтің жұмыс аймағындағы ауадағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейі, топырақтағы ШЖК (Қазақстан Республикасында немесе Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен);
10) өндіруші мен тіркелуші (өтінім беруші) арасында пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің электрондық көшірмесі, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензия немесе рұқсат;
11) пестицидті өндіруші немесе пестицидті тіркеуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмесі;
13) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыстағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.
Тіркелуші (өтінім беруші) ауысқан кезде:
1) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушіні (өтінім берушіні) ауыстыруға арналған өтінім;
2) тіркелушінің (өтінім берушінің) атынан жазылған тіркелушінің ауысқаны туралы хат, сондай-ақ пестицидті мемлекеттік тіркеу құқықтарын жаңа тіркелушіге (өтінім берушіге) беруді немесе тіркелушінің (өтінім берушінің) қайта ұйымдастырылуын растайын құжаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары жоқ болса нотариалды куәландырылған көшірмелері);
3) жаңа тіркелушінің (өтінім берушінің) атынан жазылған пестицидті мемлекеттік тіркеу құқықтарын алғанын және пестицидтің саудалық атауының, әсер етуші затты өндіруші мен пестицидтің препараттық нысанын өндірушінің сақталғанын, пестицидті қолдану (пайдалану) регламенттерін растаған хат;
4) бұрын берілген пестицидке арналған тіркеу куәлігі түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке арналған тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
5) Стандарттың 8-тармағында көрсетілген, жаңа тіркелушінің (өтінім берушінің) атынан ресімделген құжаттар;
6) заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама (Қазақстан Республикасының резиденттері емес тіркелушілер (өтінім берушілер) үшін салыстырып тексеруге арналған түпнұсқасы жоқ болса, нотариалды куәландырылған көшірмесі).
Тіркелушінің (өтінім берушінің) атауы өзгерген кезде:
1) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушінің (өтінім берушінің) атауын өзгертуге арналған өтінім;
2) тіркелушінің (өтінім берушінің) атынан пестицидтің саудалық атауын, әсер етуші затты өндірушіні және пестицидтің препараттық нысанын өндірушіні, пестицидті қолдану (пайдалану) регламенттерін сақтай отырып, тіркелушінің (өтінім берушінің) атауын өзгерту туралы хат, сондай-ақ тіркелушінің (өтінім берушінің) атауыың өзгергенін растайтын құжаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары жоқ болса, нотариалды куәландырылған көшірмелер);
3) бұрын берілген пестицидке арналған тіркеу куәлігі түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке арналған тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
4) заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама (Қазақстан Республикасының резиденттері емес тіркелушілер (өтінім берушілер) үшін салыстырып тексеруге түпнұсқасы жоқ болса, нотариалды куәландырылған көшірмесі).
Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Ведомство тіркелушінің (өтінім берушінің) (Қазақстан Республикасы резидентінің) мемлекеттік қайта тіркелуі туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға арналған негіздер

1) уәкілетті мемлекеттік органның пестицидті мемлекеттік тіркеуге келісу туралы сұранымға теріс жауабы;
2) тіркелушінің (өтінім берушінің) мемлекеттік қызметті алу үшін осы Стандарттың мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
3) тіркелушінің (өтінім берушінің) және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті оның ұсынған материалдарының, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарды жүргізу үшін мәлімделген пестицидтің химиялық құрамының, пестицидті өндіру рецептурасының және технологиясының мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің химиялық құрамына, өндіру рецептурасына және технологиясына сәйкес келмеуі;
5) пестицидтерге қатысты өнертабыстарға патент иеленушілердің құқықтарының бұзылуы;
6) тіркелушіге (өтінім берушіге) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлеріне тыйым салатын соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
7) тіркелушінің (өтінім берушінің) мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
Ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтардан өткізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге шарттың болмауы ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтардан өткізуге және (немесе) ғылыми-зерттеулерді жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуге уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 378 бұйрығына
2-қосымша
  Пестицидтерді тіркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік)
сынақтарынан өткізу және
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
14-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
______________________
(Ведомство)



 

Министерство сельского
хозяйства Республики
Казахстан
_____________________
(Ведомство)

      № ________

Пестицидтерге арналған тіркеу куәлігі Регистрационное удостоверение на пестицид

      Осы куәлік ______________________________________________

      Настоящее удостоверение выдано

      __________________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаны атауы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі /

      наименование юридического или фамилия, имя, отчество

      (при его наличии физического лица)

      __________________________________________________ берілді, себебі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес/ в том, что в соответствии с Правилами проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и государственной регистрации пестицидов, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 4-4/61 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11687),

      _______________________________________________________________

      (пестицидтің сауда атауы/ торговое название пестицида)

      _______________________________________________________________

      (препаративтік нысаны/ препаративная форма)

      _______________________________________________________________

      пестицидті өндіруші/ производитель пестицида

      20___ жылғы "____" ____________дейін __________мерзімге №___________ мемлекеттік тіркеуді алды және мынадай регламенттермен Қазақстан Республикасының аумағына пестицидтерді өндіруге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат беріледі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________

      получил государственную регистрацию за №____________ сроком на ___________ до "____" _________20___ года и разрешается к производству (формуляции), ввозу, хранению, транспортировке, реализации и применению на территории Республики Казахстан со следующими регламентами:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________

      __________________________________________            ____________

      (Ведомство басшысы, лауазымы/ (Электрондық цифрлық қолтаңбасы/

      Руководитель ведомства, должность) Электронная цифровая подпись)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады