"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26303 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мыналарды:

      1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге бергенге дейін;

      2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;

      3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

      5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

      6) қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының балансына бекітілген объектілерді беру;

      7) заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және оның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларға, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына беру;

      8) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға беру;

      9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың мемлекеттік акциялар пакетін беру;

      10) опера және балет өнерін дамыту үшін құрылған, жалпы алаңы кемінде 40 000 шаршы метр ғимараттарды, құрылыс-жайларды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі мәдениет объектілерін беру;

      11) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға беру;

      12) денсаулық сақтау объектілерін салуды, күтіп-ұстауды және пайдалануды ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікті Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторға беру;

      13) "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағында тіркелген заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамына беру;

      14) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерін ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;

      15) білім беру саласындағы уәкілетті органмен және сенімгерлік басқарушымен келісу бойынша мемлекеттің жүз пайыз қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) беру;

      16) ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және өзге де мүлікті қамтитын кешендер түріндегі республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерін беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.";

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам өтініш берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады.

      Объектіні осы Қағидалардың 5-тармағы 15) тармақшасында көзделгендей, тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам өтініш берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады.";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басқару органы (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегіндегі қатысу үлестеріне қатысты) және (немесе) баланс ұстаушы (жылжымалы және жылжымайтын мемлекеттік мүлікке қатысты) объектіні сенімгерлік басқаруға беру үшін құрылтайшыға мынадай ақпаратты ұсынады:";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, жергілікті өкілді органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (Жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді".";

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде сыйақының 50%-дан аспайтын шекті мөлшерін белгілейді (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріске пайыздық арақатынаста);";

      14-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшы тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарлама жариялайды, онда мынадай мәліметтер қамтылады:";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде объектінің алғашқы және (немесе) бастапқы бағасын;";

      19-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын, ал орысша мәтіні өзгеріссіз қалады:

      "19. Тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін объекті:

      оның алғашқы бағасының он бес пайызы мөлшерінде кейіннен сатып алу құқығымен берген жағдайда;

      оның баланстық құнының үш пайызы мөлшерінде кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда кепілдік жарна әрбір объект үшін жеке белгіленеді.";

      23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) республикалық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, коммуналдық меншіктен – тиісті жергілікті бюджетке аударады және осы төлем шарт бойынша (объект сатып алу құқығымен берілген жағдайда) тиісті аванстық төлем шотына есептеледі;";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тендер немесе жабық тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығында тізілімнің веб-порталында өткізіледі. Тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де басталып, 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіліп, тендер өткізілген күні аяқталады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес сауда-саттық ашық болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тендер жабық болуы мүмкін.";

      39-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-1. Тендерді немесе жабық тендерді ұйымдастыруды және өткізуді құрылтайшы жүзеге асырады.

      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін бірінші тендерге немесе жабық тендерге қойған кезде объектінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.

      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін екінші және үшінші сауда-саттыққа қойған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасынан елу пайызға төмендетіледі.

      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін төртінші және кейінгі сауда-саттыққа шығарған кезде бастапқы баға үшінші сауда-саттықтың бастапқы бағасына тең болады.

      Тендер немесе кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісі бойынша жабық тендер басталған кезде тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, тендер немесе жабық тендер өтпеді деп танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем болмайтын құн ұсынса, бір ғана қатысушы қатысқан тендер немесе жабық тендер өтті деп танылады.

      Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі әрбір келесі тендер немесе жабық тендер алдыңғы тендер немесе жабық тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.";

      44-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер тендердің немесе жабық тендердің жалғыз қатысушысы бастапқы бағадан кем болатын құнды ұсынған;";

      мынадай мазмұндағы 50-2-тармақпен толықтырылсын:

      "50-2. Сенімгерлік басқару объектісін сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметі "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 101-105-баптарына сәйкес бекіткен Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 107 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

__________қаласы

20__ жылғы "___"________

      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________ атынан

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе

      жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті

      атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 __ жылғы "___" ____________ № ____

      бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

      және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы

      министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20 ____ жылғы "___"

      _____________ № __ бұйрығымен бекітілген

      ___________________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы

      орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық

      меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін

      басшы

      ___________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын

      ________________________________________________________________ атынан

      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _______________________________________________________________________

      20__ жылғы "__" ______ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, 20 __ жылғы "___" ________ № ____

      шешімі негізінде (тендер өткізбестен объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде

      құрылтайшының бұйрығы/тендер өткізу кезінде объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде

      электрондық сауда-саттық нәтижелерінің хаттамасы)

      төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

      1. Шарттың мәні

      1.1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға бұдан әрі "Объект" деп аталатын

      ___________________________________________________________________________

      (мүліктің атауы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Қазақстан Республикасының немесе

      әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Құрылтайшы ретінде әрекет ететін Пайда алушының

      мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. Объектінің нарықтық

      құны ____________ теңгені құрайды, оның ішінде Шарт жасалған кезде кепілдік жарна ретінде

      ______________ теңге төленді.

      Объектінің нарықтық құны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Жекешелендіру

      объектілерін сату қағидаларына сәйкес "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының

      101-105-баптарына сәйкес индекстеледі (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік

      басқаруға беру кезінде қолданылады).

      1.2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және

      осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

      1.3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты

      бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында,

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен

      шығарады немесе кепілге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлік

      басқарушы жылжымалы мүлікке билік етуге құқылы.

      1.4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге

      асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      1.5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын / салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      1.6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік

      басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері

      Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап

      алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің,

      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу

      немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) __________________

      жолымен осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _____________ жұмыс күні ішінде

      жүргізіледі.

      2. Тараптардың құқықтары

      2.1. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік

      басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Сенімгерлік

      басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің

      мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі сенімгерлік

      басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға

      құқығы бар.

      2.2. Сенімгерлік басқарушының:

      1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты

      заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі жүргізген қажетті шығыстарды:

      кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша

      осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сенімгерлік басқару объектісі бойынша

      шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер

      есебінен немесе тиісті қаржы жылына арналған бюджетте бюджеттік бағдарламаның тиісті

      әкімшісінің

      ____________________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)

      ағымдағы ___________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)

      бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен өтеуге;

      кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша

      сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеуге (объектіні тендерлік негізде

      сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған

      кезде/объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде басқару

      органның/баланс ұстаушының ұсынысы болған кезінде қолданылады);

      3) кейіннен сатып алу құқығынсыз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде бар

      болған жағдайда және құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза пайданың

      есебінен ______ мөлшерінде (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне

      қатысты пайыздық арақатынаста, бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті

      мөлшерден аспайтын) сыйақы алуға(объектіні тендерлік негізде сенімгерлік басқаруға беру

      кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/объектіні тендер өткізбестен

      сенімгерлік басқаруға беру кезінде басқару органның/баланс ұстаушының ұсынысы болған

      кезде қолданылады);

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға

      берілген Объектіні сатып алуға (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік

      басқаруға беру кезінде қолданылады );

      5) өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні мерзімінен бұрын сатып алуға

      (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      6) осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында

      көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Тараптардың міндеттері

      3.1. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін

      қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей,

      Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші

      тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға

      міндетті.

      3.2. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік

      басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық

      рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге

      асыруға;

      6) осы Шарттың 1.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Объектіні іс

      жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді

      жасамауға;

      7) сенімгерлік басқаруға алған Объектіні өз меншігіндегі мүліктен оқшаулауға

      міндетті. Объект сенімгерлік басқарушының бөлек балансында көрсетіледі және ол бойынша

      дербес есеп жүргізіледі;

      8) Объектіні сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу үшін

      бөлек банк шотын ашуға (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін

      сенімгерлік басқаруға беру кезінде осындай есеп айырысуларды жүргізу қажет болған

      жағдайда қолданылады);

      9) __________ бюджет кірісіне_________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті

      мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете

      отырып, мынадай деректемелер бойынша: ____________________________________

      құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісін (объектіні кейіннен сатып алу

      құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақыны шегере отырып) аударуды

      қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда,

      объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      9-1) Заңның 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті

      атқарушы орган) пайыздық арақатынаста белгіленген мөлшерде акционерлік қоғамның

      (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін дивидендтер (кіріс)

      төлеуге бюджет кірісіне ___________ жіберуді қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және

      жарғылық капиталға қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      10) мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық

      мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді қоспағанда, мүлік

      салығы, Объект бойынша жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді

      орындауға;

      11) Құрылтайшыға оның Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген

      залалды өтеуге;

      12) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша іс-қимылдар

      нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

      13) Құрылтайшыға жылдық есепті жазбаша түрде _____________________

      (ұсыну мерзімдері)

      беруге;

      14) Құрылтайшыға _______________________________________ шарттың

      (ұсыну мерзімдері)

      барлық қолданылу мерзімінің есебін жазбаша түрде беруге;

      15) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген

      мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті

      басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың

      мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық

      қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан

      Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысында (бұдан әрі - Қаулы)

      айқындалған тәртіппен беруге;

      16) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы

      мәмілені жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық

      мәмілелер туралы есепті Қаулыда айқындалған тәртіппен _____________________ беруге;

      (ұсыну мерзімдері)

      17) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы

      Шартты мемлекеттік тіркеу бойынша шараларды қабылдауға (жылжымайтын мүлікті

      сенімгерлік басқаруға берген кезінде қолданылады);

      18) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі

      аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) он жұмыс күні ішінде беруге;

      19) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге

      байланысты) міндетті.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті

      келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез

      келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

      4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе

      тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты

      болады.

      5. Форс-мажор

      5.1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы

      еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери

      қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе

      қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса,

      бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың

      кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін

      жауапкершіліктен босатылады.

      5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш

      жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге

      кейінге қалдырылады.

      5.3. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші

      Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде

      хабарлауға міндетті.

      5.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда

      көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме

      ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      5.5. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін

      еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

      6. Құпиялылық

      6.1. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және

      Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      6.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға

      міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей

      көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша

      келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

      7. Дауларды шешу

      7.1. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер

      жолымен шешіледі.

      7.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған

      жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот

      органдарында қаралуы тиіс.

      8. Шарттың қолданылу мерзімі

      8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және

      _____________________________________________ дейін қолданылады.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.

      9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      9.1. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.

      Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен

      комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті

      құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

      10. Өзге де талаптар

      10.1. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан

      Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      10.2. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша

      келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      10.3. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады

      және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды.

      10.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар

      міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын

      орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен

      босатпайды.

      10.5. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда

      Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде Объектіні

      Құрылтайшыға қайтарады.

      10.6. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) данада,

      Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

      11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

Құрылтайшы

Сенімгерлік басқарушы

__________
(қолы)

________________________
(басшының немесе оны
алмастыратын тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

__________
(қолы)

___________________
(тегі, аты, әкесінің
(болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады