"Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26347 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылады.

      Қаржылық есептілік аудитіне республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржылық есептілігі және республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларында белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктері жатады.

      3. Аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға және мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит жүргізуге басшылық, оны бақылау мерзімі және оның сапасы үшін Заңның 36-бабы 3-тармағына сәйкес жауапты болады.

      Мемлекеттік аудитордың ассистенті аудит барысында өзі жасаған және қол қойған құжаттар үшін Заңның 36-1-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезеңдері:

      жоспарлау (ішкі бақылау жүйесін тестілеу; зерттеу әдістерін айқындау (тұтас немесе іріктеулі), аудит жоспарын және бағдарламасын жасау және бекіту);

      аудитті мәні бойынша жүргізу (аудиторлық дәлелдерді, аудиторлық рәсімдерді, аудиторлық іріктеуді жинау);

      аудитті аяқтау (аудит нәтижелерін қорыту және оларды құжаттық рәсімдеу).";

      мынадай редакциядағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      аудиторлық тәуекел – аудиторлық пікірді тиісінше білдірмеу және аудиторлық тексерудің тиімсіздігі туралы мемлекеттік аудитордың тәуекелі;

      аудиторлық файл – аудиторлық іс-шараның барлық кезеңдері бойынша, оның ішінде аудит объектісінен және басқа да сыртқы ақпарат көздерінен алынған мемлекеттік аудит тобының мүшелері жасаған жүйелендірілген және хронологиялық тәртіппен топтастырылған құжаттар пакеті;

      қайталап орындау – бұл мемлекеттік аудитордың олармен қолданылатын бақылау құралдары бойынша аудит объектісінің басшылығына және қызметкерлеріне қатысты бақылау іс-қимылдары;

      сыртқы растау – мемлекеттік аудитор үшінші тараптың (растаушы тараптың) қағаз, электрондық тасығыштарда тікелей жазбаша жауап түрінде алған аудиторлық дәлелдеме;

      тәуекелді бағалау жөніндегі рәсімдер – қаржылық есептілік және жазбаша растау деңгейінде алаяқтық немесе қате себептері бойынша ақпаратты айтарлықтай бұрмалау тәуекелдерін анықтау және бағалау мақсатында ұйымның ішкі бақылау жүйесін қоса алғанда, ұйым және оның қызметінің шарттары туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік аудитор орындайтын аудиторлық іс-әрекеттер.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Заңның 2-бабы 3-тармағына сәйкес осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі жоспар әзірлейді, онда мемлекеттік аудиттің үлгісі мен мерзімдері, мемлекеттік аудит объектілері мен жүру маршруттары, қажетті кадрлық ресурстар, аудиторлық іс-шарада қамтылатын қаражат және (немесе) активтер көлемі көрсетіледі.";

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау жөніндегі жұмыстардың сипаты мен ауқымы аудит объектісінің ұйымдық құрылымының мөлшері мен күрделілігіне, белгілі бір аудиторлық тапсырмада айқындалған мақсаттарына, мемлекеттік аудитордың аудиттелетін объект қызметінің ерекшеліктерін түсінуге байланысты.

      13. Жоспарлау кезінде елеулі бұрмалану тәуекелдерін анықтау мен бағалауға дейін:

      1) аудит объектісінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін зерделеу;

      2) тәуекелдерді бағалау шеңберінде талдамалық рәсімдерді орындау;

      3) маңыздылық деңгейін анықтау;

      4) шоғырландырылған қаржылық есептіліктің компоненттеріне қатысты талдамалық рәсімдерді орындау қажет.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің компоненттері – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржылық есептілігі, сондай-ақ оның ведомстволарының шоғырландырылған қаржылық есептілігі.

      14. Жоспарлау процесінде үздіксіз ақпарат жинау және өңдеу процесінің жолымен мемлекеттік аудитор аудит объектісі қызметі туралы алынған мәліметтерді ескереді. Бұл ретте алдыңғы сатыларда алынатын ақпарат бұдан алдыңғы сатыларда алынған деректерді толықтырады.

      Аудит жоспары мен бағдарламасы Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының талаптарын есепке ала отырып жасалады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің қаржылық операциялары мен қаржылық есептілігіне (шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) әсер ететін факторларды бағалайды:

      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін;

      2) аудит объектісінің құрылымын, құрылымдық бөлімшелер арасында міндеттерді бөлуді;

      3) бухгалтерлік есеп жүйесін;

      4) ішкі бақылау жүйесін;

      5) қорытындылары қаржылық есептілікке әсер еткен не әсер еткен құқықтық даулар мен сот талқылауларының болуын;

      6) тәуекелдерді бағалауды, оның ішінде алдыңғы қаржылық есептілік аудиттерінің нәтижелерін (алдыңғы аудиттердің нәтижелерін зерделеу, аудиторлық құжаттаманы (аудиторлық файлдарды) қамтитын сақтау папкаларымен танысу, ұсынымдардың орындалуын бақылау және алдыңғы аудиттер барысында анықталған бұзушылықтарды жою);

      7) шоғырландырылған қаржылық есептілік компоненттерін, оның ішінде жекелеген компоненттердің немесе олардың қаржылық есептілік баптарының маңыздылығын талдау.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Аудиторлық тәуекел мыналардан тұрады:

      ажырамайтын тәуекел;

      бақылау құралдарының тәуекелін;

      тәуекел кездеспеген.

      Аудиторлық тәуекел жоспарланған аудиторлық іс-шаралар көлемінің 5%-ы мөлшерінде айқындалады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Аудиторлық тәуекел елеулі бұрмалаулар тәуекелі мен анықталмау тәуекелінен тұрады.

      Елеулі бұрмалау тәуекелі ажырамас тәуекел мен бақылау құралдарының тәуекелінен тұрады.

      Мемлекеттік аудитор ажырамас тәуекелдің шамасына әсер ететін факторларды бағалау үшін кәсіби пайымын қаржылық есептіліктегі ақпаратты көрсету деңгейінде де, сол сияқты шоттар сальдосы мен шаруашылық операциялардың сыныбы деңгейінде де пайдаланады.

      Бақылау құралдарын бағалау бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерімен танысқаннан және бақылау құралдарына тестілеу жүргізу жолымен аудиторлық дәлелдемелерді алғаннан кейін жүргізіледі.

      Аудиторлық тәуекелді бағалау үшін сандық және сапалық әдістер қолданылады.

      Сандық әдіс кезінде аудиторлық тәуекелді есептеу мынадай формуламен жүргізіледі:

      АТ = АжТ х БТ х АнТ, мұнда АТ - аудиторлық тәуекел, АжТ - ажырамас тәуекел, БТ - бақылау құралдарының тәуекелі, АнТ - анықталмау тәуекелі.

      Аудиторлық тәуекелді сапалық бағалау әдісі, мемлекеттік аудитордың тәжірибесі мен оның аудит объектісінің қызмет саласын білуіне сүйене отырып, қаржылық есептілік деңгейіндегі аудиторлық тәуекелді тұтастай немесе жоғары, орташа, төмен ретінде операциялардың жекелеген сыныптарын айқындауымен және осы бағалауды жоспарлау кезінде пайдалануымен тұжырымдалады.

      Елеулі бұрмалаулар тәуекелін бағалау "ЖҚ - Елеулі бұрмалаулар тәуекелін бағалау (ЖҚ-ЕБТ)" деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Анықталмау тәуекелі, аудит аяқталғаннан және аудиторлық қорытындыны ескертулерсіз қалыптастырғаннан кейін қаржылық есептілікте елеулі қателердің қамтылуы ықтималдығын мойындауға мемлекеттік аудитордың дайындық деңгейін білдіреді.

      Анықталмау тәуекелінің көлемі мынадай формуламен айқындалады:

      АнТ = АТ/АжТ х БТ, мұнда АнТ - анықталмау тәуекелі, АТ - аудиторлық тәуекел, АжТ - ажырамас тәуекел, БТ - бақылау тәуекелі.

      Анықталмау тәуекелі аудиторлық рәсімдерді қолданудың тиімділігіне байланысты болады және олар келесідей жіктеледі:

      ішкі бақылау жүйесі тиімді ретінде бағаланған, бірақ, ықтимал елеулі қателерді анықтау үшін егжей-тегжейлі рәсімдер жоспарлай отырып, мемлекеттік аудитор оған толығымен сенбеген кезде, анықталмау тәуекелі төмен деп анықталады;

      ішкі бақылау жүйесі тиімсіз ретінде бағаланған және мемлекеттік аудитор егжей-тегжейлі рәсімдер жоспарлаған кезде, анықталмау тәуекелі орташа деп анықталады;

      ішкі бақылау жүйесі жоқ болған кезде және мемлекеттік аудитор тұтас тексеру жоспарлаған кезде, анықталмау тәуекелі жоғары деп анықталады.

      Қаржылық есептілікте бұрмалаулар анықталуының күтілетін тәуекелінің шамасы қаншалықты жоғары болуына қарай, анықталмау тәуекелі де соншалықты төмен болады.

      Анықталмау тәуекелі нөлге дейін төмендеуі мүмкін емес, өйткені мемлекеттік аудитор операциялардың барлық сыныбтарын, шоттар сальдосы немесе ашулардың барлығын егжей-тегжейлі тексеруге алуы мүмкін емес.

      Тәуекелді бағалау бағалау кезінде мемлекеттік аудитор жұмысының тиімділік тәуекелі мен сапасының негізгі құрамдастарын сипаттайтын факторларды анықтау қажет.

      Мысал үшін:

      аудиторлық топ мүшелерінің жұмысын бақылау;

      аудиторлық топ мамандарының біліктілігі;

      бухгалтерлік қызметпен тікелей байланыс мүмкіндігі;

      осыған ұқсас бейіндегі объектілерде жұмыс өтілінің болуы.

      Жұмыс нәтижелері "ЖҚ - Бақылау құралдарының тәуекелін бағалау (ЖҚ - БҚТБ)" деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, "ЖҚ - Ажырамас тәуекелді бағалау (ЖҚ - АТБ)" деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, "ЖҚ - Анықталмау тәуекелін бағалау (ЖҚ - АнТБ)" деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Аудиторлық дәлелдерді жинау келесі кезеңдерден тұрады:

      нақты деректер мен ақпаратты жинау толықтығы, дұрыстығы және сәйкестігі, жеткіліктілігі қағидаттарында жүргізіледі;

      жиналған нақты деректер мен ақпаратты жеткіліктілік тұрғысынан талдау;

      аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастыру үшін олар жеткіліксіз болған жағдайда қосымша нақты деректер мен ақпаратты жинау.

      Аудиторлық дәлелдемелерді жинау дәйексіз нақты деректерге негізделмейді.

      Аудитті орындау кезінде алынған аудиторлық дәлелдемелерді аудиторлық құжаттамаға енгізу қажет.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Бақылау құралдарын тестілеу бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі туралы аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін жүргізіледі.

      Мәні бойынша тексеру рәсімдері қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың болуы туралы немесе болмауы туралы аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында жүргізіледі.

      Жеткілікті және тиісті түрдегі аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мәні бойынша тексеру рәсімдерін операциялардың елеулі сыныптары, шоттар сальдосы және ашулар бойынша орындау қажет.

      Мәні бойынша тексеру рәсімдері егжей-тегжейлі тестілеуді және талдамалық рәсімдерді қамтиды.

      Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін аудиторлық рәсімдердің мынадай әдістері қолданылады:

      зерделеу (инспекциялау);

      қадағалау және қарап тексеру;

      сұрау салу және растау;

      қайта есептеу;

      талдамалық рәсімдер;

      сыртқы растау;

      қайталап орындау.

      Инспекциялау, қағаз немесе электрондық нысанда немесе басқа да ақпарат тасығыштардағы ішкі немесе сыртқы жазбаларды немесе құжаттарды тексерумен тұжырымдалады, бұл әртүрлі сенімділік дәрежесіндегі аудиторлық дәлелдемелерді (сипаты мен ақпарат көзіне байланысты) қамтамасыз етеді.

      Қадағалау және қарап тексеру басқа тұлғалар орындап жатқан процесті немесе рәсімді қадағалау барысында алынған аудиторлық дәлелдемелерді білдіреді. Мысалы, құжаттарды (ережелері, құрылтай құжаттары, стратегиялық жоспар, операциялық жоспар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үкіметтік бағдарламалары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму бағдарламалары, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары, инвестициялық және концессиялық жобалар, қайтарымсыз гранттар, ішкі кредит беру, қарыздар және өзге де) зерделеу жолымен аудиттелетін объектінің қызметін қадағалау.

      Сұрау салу және растау басқа аудиторлық рәсімдерге қосымша ретінде қолданылады. Сұрау салулар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Сұрау салуларға жауаптар бұрын алынған ақпараттан айтарлықтай басқаша ақпаратты білдіруі мүмкін. Кейде сұрау салуларға жауаптар жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін қосымша аудиторлық рәсімдерді орындауға негіз болып табылады.

      Қайта есептеу құжаттардың немесе жазбалардың арифметикалық дәлдігін тексеруді қамтиды. Мысалы, еңбекақы немесе пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервтер бойынша есеп айырысуларды тексеру.

      Талдамалық рәсімдер алынған ақпаратты талдау және бағалау болып табылады.

      Талдамалық рәсімдер кейіннен қаржылық есептілікке әсер етуі мүмкін ерекше операциялар немесе оқиғалардың ақпаратын ашуды жоспарлау кезінде тәуекелдерді анықтау үшін жүргізіледі.

      Талдамалық рәсімдер мыналарды қамтуы мүмкін:

      алдыңғы кезеңдердегі ақпаратты салыстыру;

      қаржылық есептілік элементтерінің көрсеткіштерін салыстыру;

      аудиттелетін кезеңдегі қаржылық және қаржылық емес ақпарат көрсеткіштерінің деректері арасындағы өзара байланысты зерделеу;

      қаржылық есептілік элементтерінің арасындағы өзара байланысты зерделеу;

      шоттар бойынша сальдоны талдау;

      ерекше операцияларды талдау.

      Сыртқы растауды маңызды шоттарға қатысты пайдаланады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Аудиторлық іріктеу қаржылық есептіліктің бір топ операцияларының элементтерін, баптарын және шоғырландырылған қаржылық есептілік компоненттерін іріктеу рәсімін білдіреді.";

      мынадай редакциядағы 56-1 және 56-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "56-1. Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің компоненттерін іріктеу шоғырландырылатын топтың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жекелеген қаржылық есептіліктері бойынша жүргізіледі.

      Іріктеу элементтеріне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі немесе олардың қаржылық есептілігінің жекелеген баптары жатады.

      56-2. Элементтерді іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:

      шоғырландырылған топтағы компоненттер балансы валютасының ең көп сомасы;

      шоғырландырылған топтағы компоненттердің бухгалтерлік балансы шоттары сальдосының ең көп сомасы (тексеруге компоненттің қаржылық есептілігінің жекелеген баптары жатады);

      шоғырландырылған топтың компоненттеріндегі кірістердің және (немесе) шығыстардың ең көп сомалары (тексеруге компоненттің қаржылық есептілігінің кірістері және (немесе) шығыстары жатады);

      негізгі мәндер, осы өлшемшарттарды қолдану кезінде мемлекеттік аудитор шоғырландырылған қаржылық есептілікте олардың қаржылық есептілігінің елеулі компоненттерін немесе баптарын айқындау үшін кәсіби пайымдауды пайдаланады.

      Мемлекеттік аудитор компоненттерді іріктеуді мемлекеттік аудиттің тиімділігі мен сапасы тәуекелінің негізгі құрауыштарын сипаттайтын факторларды (еңбек, уақытша ресурстар) ескере отырып жүргізеді.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесін тестілеу жолымен ақшалай қаражат пен олардың баламаларын есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесі мен бухгалтерлік есепке бастапқы бағалауды растау рәсімін жүргізуі қажет.

      Ішкі бақылау жүйесін тестілеу кезінде мемлекеттік аудитор тәуекелді бағалау бойынша рәсімдерді орындау арқылы аудиторлық пікірге негізделетін ақылға қонымды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін дәлелдемені алуы қажет.

      Ішкі бақылау жүйесін анықталмау тәуекелін бағалау ұсынылған сұрақтар тізбесінен шартты теріс жауаптардың пайыздық үлесін айқындау жолымен жүргізіледі және осы Стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЖҚ – Ақшалай қаражат пен олардың баламалары бойынша ішкі бақылау құралы тәуекелдерін бағалау тесті (ЖҚ – АҚБТ)" деген жұмыс құжатымен ресімделеді.

      Бұрмалаулардың ішкі бақылау жүйесінің анықталмау тәуекелін бағалаудың жоғары деңгейі бақылау құралының нашар әзірленгені туралы куәландырады. Мемлекеттік аудитор мәні бойынша тексерудің аудиторлық рәсімдерінің көлемін ұлғайтуы қажет.

      Бұрмалаулардың ішкі бақылау жүйесінің анықталмау тәуекелін бағалаудың орташа немесе төмен деңгейлері қолданылатын аудиторлық рәсімдер көлемінің ықтимал азаюы туралы куәландырады.

      Мемлекеттік аудитор қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету үшін бақылау құралдарына қосымша тестілеу жүргізу қажет.

      Ақшалай операциялар жосықсыз әрекеттерді жасауға бейім екенін ескеру қажет.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Мемлекеттік аудитор қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелердің аудитін жүргізген кезде:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай:

      "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659;

      "Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 қаулыларын;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10545 болып тіркелген) бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін, сондай-ақ осы Стандарттың 76-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарын;

      мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын басшылыққа алады.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Мемлекеттік аудитор тестілеу өткізу арқылы қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелерді ішкі бақылау және бухгалтерлік есепке алу жүйесін бастапқы бағалауды растау рәсімін жүргізуі қажет.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Дебиторлық және кредиторлық берешекке, қызметкерлермен есеп айырысуына аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі);

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының мынадай заңдарын:

      "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы";

      "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай:

      "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп;

      "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428;

      "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 29 тамыз № 1127;

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларын, сондай-ақ осы Стандарттың 94-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да қаулыларын;

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген) Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12731 болып тіркелген);

      осы Стандарттың 76 және 94-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасы қаржы және ұлттық экономика министрлерінің бұйрықтарын;

      жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мекемелердің таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері жөніндегі қаулыларын басшылыққа алады.

      Аудиторлық дәлелдемелердің көздері мыналар болып табылады:

      тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелер, мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы хаттамалары, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері, төлем құжаттар, өзара есептесуді салыстыру актілері, түгендеу актілері, дебиторлармен және кредиторлармен есептесуді түгендеу актісіне анықтама;

      жеке салық шоттары, міндетті зейнетақы жарналары бойынша және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар бойынша жеке шоттар;

      аванстық есептер;

      таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы бұйрықтар мен хаттамалардың, бюджет кірісіне таза табыстың бір бөлігін аударуға төлем тапсырмаларының көшірмелері;

      көрсетілген ақылы қызметтер және жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай қаражаттың өндірілген сомалары жөніндегі ақпарат, төлем тапсырмалары мен төлеу туралы түбіртектер және қызмет көрсету фактісін растайтын басқа да құжаттар;

      сот органының атқару парақтары, сот талқылаулары мен кінәраттар туралы ақпарат, мемлекет кірісіне тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы сот шешімі, тұрақсыздық айыбын төлеу туралы хабарлама;

      мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша және төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 56-қосымшасына сәйкес 405-нысан бойынша 5-мемориалды ордер – "Еңбекақы мен стипендиялар бойынша есептеу ведомостерінің жиынтығы";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 89-қосымшасына сәйкес 408-нысан бойынша 6-мемориалды ордер – "Ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 90-қосымшасына сәйкес 408-нысан бойынша 7-мемориалды ордер – "Аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 87-қосымшасына сәйкес 406-нысан бойынша 8-мемориалды ордер – "Есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 94-қосымшасына сәйкес 409-нысан бойынша 15-мемориалды ордер – "Айырбасталмайтын операциялардан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 95-қосымшасына сәйкес 409-а нысан бойынша 16-мемориалды ордер – "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 96-қосымшасына сәйкес 409-б нысаны бойынша 17-мемориалды ордер – "Активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 97-қосымшасына сәйкес 409-в нысан бойынша 18-мемориалды ордер – "Өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 98-қосымшасына сәйкес 458-нысан бойынша 19-мемориалды ордер – "Операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 99-қосымшасына сәйкес 458-а нысаны бойынша 20-мемориалды ордер – "Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомынның 100-қосымшасына сәйкес 458-б нысаны бойынша 21-мемориалды ордер – "Активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 101-қосымшасына сәйкес 458-в нысаны бойынша 22-мемориалды ордер – "Өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 107-қосымшасына сәйкес 283-нысаны бойынша көп бағанды карточка;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 84-қосымшасына сәйкес 292-а нысаны бойынша карточка;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 72-қосымшасына сәйкес 294-нысаны бойынша жоспарлы тағайындауларды және шығыстарды есепке алу кітабы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 109-қосымшасына сәйкес 308-нысаны бойынша "Басты журнал" кітабы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 58-қосымшасына сәйкес 417-нысаны бойынша карточка-анықтамасы (жеке шот);

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 113-қосымшасына сәйкес 437-нысан бойынша алимент өндіріп алу туралы орындау парақтарын есепке алу кітабы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 78-қосымшасына сәйкес 450-нысаны бойынша күнкөрісі төмен отбасыларының балаларына жәрдемақы төлеуге ведомость;

      Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларының 4-КБ-Б, 4-КБ-П нысандары бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;

      Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларының 5-ДБ-Б, 5-ДБ-П нысандары бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;

      бюджет қаражатының есебінен кредиторлық берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат;

      бюджет қаражатының есебінен дебиторлық берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат;

      өзге қаражат есебінен, сондай-ақ жетіспеушіліктер мен талан-таражға салу нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен пайда болған кредиторлық берешек;

      аудит объектісінің бұйрықтары;

      аудит объектісі бекіткен штат кестесі;

      аудит объектісі мен қызметкер арасында жасалған еңбек шарттары;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 54-қосымшасына сәйкес 49 нысаны бойынша есеп айырысу-төлеу ведомосі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 82-қосымшасына сәйкес 286 нысаны бойынша аванстық есеп;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 107-қосымшасына сәйкес 283 нысаны бойынша көп бағанды карточка;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 50-қосымшасына сәйкес 292-а нысаны бойынша карточка;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 55-қосымшасына сәйкес 389 нысаны бойынша төлем ведомосі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 57-қосымшасына сәйкес 407 нысаны бойынша кредитке сатып алынған тауарлар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысынан ақша ұстап қалу тізілімі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 50-қосымшасына сәйкес 417 нысаны бойынша карточка-анықтамасы (жеке шот);

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 59-қосымшасына сәйкес 421 нысаны бойынша пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу және жалақыны есептеу табелі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 60-қосымшасына сәйкес 423 нысаны бойынша жұмыс нормаларын есептеу картасы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 61-қосымшасына сәйкес 424 нысаны бойынша наряд;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 62-қосымшасына сәйкес 425 нысаны бойынша демалыс беру (жұмыстан босату) туралы есеп айырысу;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 63-қосымшасына сәйкес 441 нысаны бойынша депонантталған еңбекақы мен стипендияның талдамалы есебі кітабы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 116-қосымшасына сәйкес 449 нысаны бойынша еңбек кітапшалары бланкілерін есепке алудың кіріс-шығыс кітабы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 64-қосымшасына сәйкес 451 нысаны бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу кітабы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 65-қосымшасына сәйкес 455 нысаны бойынша салымдар бойынша жеке шоттарға тиесілі жалақыны есептеуге арналған тізім;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 66-қосымшасына сәйкес 456 нысаны бойынша ағымдағы шоттарға тиесілі ақша төлемдерін есептеуге арналған тізім;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 67-қосымшасына сәйкес 463 нысаны бойынша пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервті есептеу;

      мүліктік жалдауға (жалға алуға) қабылдап алу-беру актілері;

      мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары;

      аудиторлық дәлелдемелердің басқа көздері.";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Мемлекеттік аудитор олардың жұмыс істеу тиімділігіне қатысты жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдер алу үшін тестілеу жүргізу арқылы ішкі бақылау және дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу жүйелерін бастапқы бағалауды растау рәсімін жүргізуі қажет.

      Ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін айқындау үшін мемлекеттік аудитор тексеру рәсімдерінің сипатын, орындалу мерзімін және ауқымын мәні бойынша жоспарлайды.

      Ішкі бақылау жүйесін зерттеу ақпаратты жинау, жаңарту және талдаудың үздіксіз процесі болып табылады және келесі процедуралар арқылы қол жеткізіледі:

      аудит объектісін бақылау құралдарын қадағалау, ықтимал қателер мен жосықсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында аудит объектісі белгілеген бақылау рәсімдерін талдау;

      сұхбат жүргізу арқылы дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алуды қамтамасыз ететін мамандардың біліктілік деңгейін айқындау;

      дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу бойынша құжаттарды тиісінше ресімдеуді бағалау;

      алдыңғы бақылау материалдарына шолу;

      ішкі құжаттарды инспекциялау:

      лауазымдық нұсқаулық;

      тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясын құруға бұйрық;

      түгендеу тізімдемелері;

      толық материалдық жауапкершілік туралы;

      түгендеу жүргізу қорытындылары бойынша аудит объектісі басшылығының шешімдері.

      Ішкі бақылау жүйесін бағалау осы Стандартқа 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЖҚ - Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша ішкі бақылау құралдарының тәуекелдерін бағалау тесті (ЖҚ – ДБКББТ)" жұмыс құжатында ресімделеді.

      Әрбір жауап ішкі аудит қызметінің жұмыс құжаттарын міндетті түрде қоса бере отырып, қысқаша ескертпемен беріледі.";

      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "194. Ұзақ мерзімді активтерге аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларын:

      2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы";

      осы Стандарттың 138-тармағындағы көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген);

      осы Стандарттың 76-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарын басшылыққа алады.

      Аудиторлық дәлелдемелер көздері мыналар болып табылады:

      мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспары;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 1-қосымшасына сәйкес НҚ-1 нысаны бойынша негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 5-қосымшасына сәйкес НҚ-3 нысаны бойынша негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару актісі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 6-қосымшасына сәйкес НҚ-4 нысаны бойынша автокөлік құралдарын есептен шығару актісі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 9-қосымшасына сәйкес НҚ-6 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алудың түгендеу карточкасы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 10-қосымшасына сәйкес НҚ-8 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты емес жануарларды (жұмыс малын), өсімдіктерді есепке алудың түгендеу карточкасы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 11-қосымшасына сәйкес НҚ-9 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті топтық есепке алудың түгендеу карточкасы;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 15-қосымшасына сәйкес ҰА-10 нысаны бойынша мемлекеттік мекемелерде ұзақ мерзімді активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 16-қосымшасына сәйкес ҰА-13 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді түгендеу тізімі (олардың тұрған және пайдалану орны бойынша);

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 25-қосымшасына сәйкес 459 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау сомасын есептейтін әзірлеме кестесі;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 23-қосымшасына сәйкес 443 нысаны бойынша "Құралдарды, өндірістік және шаруашылық мүкәммалды теңгерімнен есептен шығару актісі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 24-қосымшасына сәйкес 444 нысаны бойынша "Мемлекеттік мекемелерде кітапханадан әдебиеттерді есептен шығару актісі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 17-қосымшасына сәйкес 326-НҚ нысаны бойынша "Негізгі құралдар бойынша айналым ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 19-қосымшасына сәйкес 326-ИЖ нысаны бойынша "Инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша айналым ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 20-қосымшасына сәйкес 326-БА нысаны бойынша "Биологиялық активтер бойынша айналым ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 18-қосымшасына сәйкес 326-МА нысаны бойынша "Материалдық емес активтер бойынша айналым ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 21-қосымшасына сәйкес 434 нысаны бойынша "Ұзақ мерзімді активтерді ішкі орналастыруға жүкқұжат";

      жобалау-сметалық құжаттама;

      ұзақ мерзімді активтерді жеткізуге, ғылыми-зерттеу және тәжірібие-конструкторлық жұмыстарға шарттар;

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 2-қосымшасына сәйкес БА-1 нысаны бойынша "Биологиялық активтерді (жануарларды) қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 3-қосымшасына сәйкес БА-1А нысаны бойынша "Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 7-қосымшасына сәйкес БА-2 нысаны бойынша "Биологиялық активтерді (жануарларды) есептен шығару актісі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 12-қосымшасына сәйкес БА-3 нысаны бойынша "Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (жануарларды) есепке алудың түгендеу карточкасы";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 13-қосымшасына сәйкес БА-3А нысаны бойынша "Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есепке алудың түгендеу карточкасы";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 4-қосымшасына сәйкес НОС-1 нысаны бойынша "Материалдық емес активтерді кабылдау-тапсыру актісі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 121-қосымшасына сәйкес НОС-3 нысаны бойынша "Материалдық емес активтерді есептен шығару актісі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 14-қосымшасына сәйкес НОС-6 нысаны бойынша "Материалдық емес активтерді есепке алудың түгендеу карточкасы";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 89-қосымшасына сәйкес 408 нысаны бойынша 6-мемориалды ордер "Ұйымдармен есеп бойынша жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 22-қосымшасына сәйкес 438 нысаны бойынша 9-мемориалды ордер "Ұзақ мерзімді активтерді шығару және орналастыру бойынша жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 98-қосымшасына сәйкес 458 нысаны бойынша 19-мемориалды ордер "Операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі";

      Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомының 109-қосымшасына сәйкес 308 нысаны бойынша "Бас журнал" кітабы.".

      201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "201. Тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік аудитор бақылау құралдарының тәуекелдерін анықтайды.

      Бұрмалаулардың анықталмау тәуекелін бағалаудың жоғары деңгейі ішкі бақылау жүйесінің әлсіз жұмыс істеуін білдіреді және тиісінше мәні бойынша аудиторлық рәсімдердің көлемін ұлғайту қажет.

      Бұрмалануды анықтамау тәуекелін бағалаудың орташа және төмен деңгейі ішкі бақылау жүйесінің қанағаттанарлық жұмыс істеуін білдіреді, осыған байланысты қолданылатын аудиторлық рәсімдердің көлемін азайтуға болады.

      Егер мемлекеттік аудитор тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін төмендетуді ұйғарса, онда ішкі бақылау құралдарын қосымша тестілеуді орындау талап етіледі.";

      250-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "250. Өзге де активтер мен міндеттемелерді есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесін бағалау осы Стандартқа 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЖҚ – Өзге де активтер мен міндеттемелер бойынша ішкі бақылау құралдарының тәуекелдерін бағалауын тестілеу (ЖҚ – АМБТ)" жұмыс құжатымен ресімделеді.

      Әрбір жауап жұмыс құжаттарын міндетті түрде қоса беріле отырып, қысқаша ескертулерімен бірге жүреді.";

      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. Мемлекеттік аудитор таза активтерді/капиталды есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін бағалауды жүзеге асыру үшін ақпаратты қамтамасыз ететін құжаттарды сұратады.

      Таза активтерді/капиталды есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесін бағалау осы Стандартқа 56-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЖҚ – Таза активтер/капитал бойынша ішкі бақылау құралдарының тәуекелін бағалау тестісі (ЖҚ – ТАКТ)" жұмыс құжатымен ресімделеді.";

      көрсетілген Рәсімдік стандарттарға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     

      "КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2021 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 1340
  Бұйрығына қосымша
  "Қаржылық есептілік аудиті"
  рәсімдік стандартына
  5-қосымша
  Нысан

ЖҚ – елеулік деңгейін есептеу (ЖҚ-ЕДЕ)

      Аудит объектісі ___________________________________________________________________

      Аудит кезеңі _____________________________________________________________________

      Аудитті жүргізу мерзімі ____________________________________________________________

      Мемлекеттік аудитор ______________________________________________________________

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі _______________________________________________

1. Қаржылық есептілік үшін елеулікдеңгейі

Көрсеткіштер

Базалық көрсеткіш (есепті жыл соңындағы сальдо) мың теңге

Елеуліктің пайыздық мәні

Жалпы қаржылық есептілік үшін елеулік деңгейі, мың теңге (2– баған х3–баған)

Бұрмалаулар мөлшері

1

2

3

4

5

...





2. Елеулік шегі


1

2

Қысқарту пайызын анықтайтын факторлар:
Елеулі бұрмалаулардың төменгі тәуекелі – жалпы қаржылық есептілік үшін елеулік деңгейінің 10 %
Елеулі бұрмалаулардың орташа тәуекелі - жалпы қаржылық есептілік үшін елеулік деңгейінің 25 %
Елеулі бұрмалаулардың орташа тәуекелі - жалпы қаржылық есептілік үшін елеулік деңгейінің 50 %

Елеулік шегі (жалпы қаржылық есептілік үшін елеулік деңгейі, тәуекелге байланысты 10%, 25% немесе 50% азайтылғаны), мың теңге

      Ескертпе. Елеуліктің есептелген деңгейі елеулі бұрмалаудың есептелген тәуекел деңгейіне байланысты түзетуге жатады. Елеулі бұрмалаулардың төменгі деңгейі кезінде елеулік деңгейі 10%-ға, елеулі бұрмалаулар тәуекелінің орташа деңгейінде 25%-ға, елеулі бұрмалаулардың жоғары деңгейі кезінде 50% азайтуға жатады.

      Осы есептеу тәуекел деңгейіне байланысты аудиттелетін баптар мен операциялар көлемін есептеу қажеттігімен түсіндіріледі. Тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, қаржылық есептіліктің көп элементтерін аудиттеу қажет.

      Есеуліктің есептелген шегі аудитті жоспарлау мен жүргізу және аудит кезінде тандалуы тиіс қандай шоттар, операциялар сыныбы анықталатын және ашылатын кезде қолданылады (есептелген елеулік шегінен асып кететін теңгерім баптарының сомасы аудит жоспарына енгізіледі).

      Мемлекеттік аудитор: ________________________________________________________

      ________ ____________________________ қолы (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі:_________________________________________

      ________ _____________________________ қолы (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      "__" _______________ 20 ___ жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады