"Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26348 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмыскерлерді міндетті алдын ала (жұмысқа қабылдану кезінде) және мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексеруден өткізу және кәсіптік ауруға шалдығу белгілері танылған кезінде іс-шаралар қабылдау;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Архивте еңбек тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес сақталады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жұмыскер, өндірістік құрал-жабдықпен жұмысқа кіріскенде, құрал-жабдық пен жұмыс орнын қарап шығады, құрал-жабдықтың, қосылатын құралдардың дұрыстығын, қоршаулардың бекітілуінің болуы мен беріктігін, сақтандырғыш құрылғылардың, бұғаттағыштардың жұмысын, қорғағыш жерлендірудің болуын тексереді. Құрал-жабдықтарда ақаулар анықталған жағдайда жұмыскер жұмысқа оларды реттеуші немесе электрик түзеткеннен кейін кіріседі. Ақаулар түзетілгеннен кейін құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының журналына реттеуші немесе электрик оларды түзету туралы жазба енгізеді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Құжаттарды кез келген жеткізгіштерде ұзақ уақыт сақтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының 109-тармағына сәйкес ауаның температуралық-ылғалдылық параметрлері қолданылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Күнделікті жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген тәртіпте жасалатын еңбек және ұжымдық шарттармен анықталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады