БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Ақпарат және қоғамдық | |
даму министрі | |
2021 жылғы 30 желтоқсандағы | |
№ 425 Бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 20.08.2024 № 364-НҚ (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3 Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 05.09.2024 № 408-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4."Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17041 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру тәртібін айқындайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйлықақыны ізденушінің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыйлықақыны ізденуші Уәкілетті органға жоқ құжаттарды береді, өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйлықақыны ізденушіге конкурсқа қатысуға өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжді жауап жібереді.
Өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерге конкурсқа қатысуға өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.";
28-30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Комиссияның сыйлықақыға үміткерлерге сыйлықақы беру туралы шешімі жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындыларын алған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде Комиссияның отырысында жұмыс тобы мүшелері бағалаудың жалпы қорытындысы негізінде әр бағыт бойынша жеке көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Егер конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, конкурстық комиссияның отырысы заңды деп саналады.
Өтінімдерді қарау кезінде Комиссия сыйлықақыны жалпы орта балының көрсеткіші жоғары болған сыйлықақыға ұсынылған ізденушіге береді. Жалпы орта балы жоғары өтінімдер болмаған жағдайда, Комиссия сыйлықақыны беру үшін жалпы орта балы орташа өтінімдерді қарайды. Жалпы орта балының көрсеткіші төмен өтінімдер сыйлықақы беруге жатпайды.
Жалпы орта балының көрсеткіштері жоғары және жалпы орта балының көрсеткіштері орташа кандидаттар болмаған жағдайда, тиісті бағыттар бойынша сыйлықақы берілмейді және қаражат өтініш берушілердің неғұрлым көп саны бар басқа бағыттар бойынша қайта бөлінеді.
Сыйлықақыға ұсынылатын ізденушілерден бір бағыт бойынша 2 (екі) және одан кем өтінім келіп түскен және жалпы орта балдың жоғары көрсеткішін және жалпы орта балдың орта көрсеткішін алған жағдайда, беру немесе бермеу жөніндегі шешімді Конкурстық комиссия қабылдайды.
29. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Уәкілетті орган хаттаманың алдын ала жобасын Комиссияның шешіміне қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыйлықақыны ізденушінің өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.
Сыйлықақыны ізденуші хаттаманың алдын ала жобасына қарсылықты хаттаманың алдын ала жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде электрондық ueu_syilygy@qogam.gov.kz мекенжайына беруге құқылы.
Қарсылықтар келіп түскен жағдайда, олар қаралғаннан кейін Комиссияның төрағасы мен мүшелері конкурс хаттамасына қол қояды.
Хаттамада сыйлықақы беруге кандидатуралар және себептерін көрсете отырып, сыйлықақы берілмейтін ізденушілер көрсетіледі.
30. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлықақылар беруді жүзеге асырады.
Сыйлықақы беру Уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.";
1-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5."Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19319 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға беріледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық болуын және олардың осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарына сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге жоқ құжаттарды беру қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтырылған құжаттар топтамасын ұсынады.
Хабарламада көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қайтарады.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беруден жазбаша түрде бас тартады.
Өтініш берушіге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беруден бас тарту туралы алдын ала хат қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберіледі.
Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беруден бас тарту туралы алдын ала хатты алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық береді.";
қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
6. "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21420 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ережесінің 16-тармағы орталық аппаратының функцияларының 124) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ережесінің 16-тармағы орталық аппаратының функцияларының 124) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру тәртібін айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ сыйлықақы алуға арналған өтінімнің осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыйлықақыны алуға арналған өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткер уәкілетті органға ескертулерді ескере отырып, құжаттарды және сыйлықақы алуға талаптарға сәйкес келтірілген өтінімді ұсынады.
Сыйлықақы алуға арналған өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде үміткерге сыйлық алуға өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжді жауап жібереді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Сыйлыққа үміткерлердің тізбесін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында орналастырады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Үміткерге хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама жобасы мен бағалау парағы қоса беріле отырып, хабарлама жіберіледі.
Үміткер хаттаманың алдын ала жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.
Үміткерлердің хаттама жобасына қарсылықтары келіп түскен жағдайда, олар қаралғаннан кейін Комиссия төрағасы мен оның мүшелері Комиссия хаттамасына қол қояды және волонтерлердің qazvolunteer.kz. бірыңғай онлайн-платформасында орналастырылады.";
1-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Өзгерістер мен толықтырулар | |
енгізілетін кейбір | |
бұйрықтардың тізбесіне | |
1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар | |
енгізілетін кейбір | |
бұйрықтардың тізбесіне | |
2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 20.08.2024 № 364-НҚ (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер мен толықтырулар | |
енгізілетін кейбір | |
бұйрықтардың тізбесіне | |
3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 05.09.2024 № 408-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға өтініш
Осы өтінішпен ____________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
"_________________________________________________________"
бағыты бойынша ("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс,
үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес бағытты көрсету) үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді.
Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
__________________________________________________________________________
Лауазымы (қолы)
Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)
Өзгерістер мен толықтырулар | |
енгізілетін кейбір | |
бұйрықтардың тізбесіне | |
5-қосымша | |
Үкіметтік емес ұйымдарға | |
арналған сыйлықақыларды | |
беру қағидаларына | |
2-қосымша |
Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы
Р/с № | Атауы | Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады) |
1. | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы | |
2. | Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні | |
3. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
4. | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы | |
5. | Нақты мекенжайы | |
6. | Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес) | |
7. | Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес) | |
8. | Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық мекенжайы |
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
_________________________________________________________________________
Лауазымы (қолы)
Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)
(ұялы байланыстың абоненттік
нөмірі, электрондық мекенжайы)
Өтініш
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беруді сұраймын.
Менің және менімен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің аталған
елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің
болуы немесе болмауы туралы ақпараттық жүйелерде қамтылған
мәліметтерді тексеруге қарсылық білдірмеймін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша:
_________________ | |
(күні) (қолы) |
Құжаттар қабылданды:
20 __ жылғы "__" _____________
_____________ __________________________________________________
құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның қолы, Т.А.Ә.
__________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азаматтың(шаның) қоса беріліп отырған _____________________ құжаттары бар
өтініші _______ данада 20 __ жылғы "__" __________ қабылданды. _____________
_______________________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 7-қосымша "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларына № 1 қосымша |
Сыйлық алуға үміткердің тіркелу өтінімі
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін)/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
(жеке тұлғалар үшін) ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
2. Номинациясы ___________________________________________________________
3. Әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесін
сипаттаңыз _______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Байланыс телефоны ______________________________________________________
5. Электрондық мекенжайы _________________________________________________
Толтырылған күні: 20___ жылғы "____" __________.
_________________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)