Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 маусымда № 17041 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.09.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12664 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);

      2) "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15350 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 шілдеде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам министрі
Д. Кәлетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және
азаматтық қоғам министрінің
2018 жылғы 25 мамырдағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 09.09.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;

      2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға үміткер (бұдан әрі – сыйлықақыға үміткер) – үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өтінім берген үкіметтік емес ұйым;

      3) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

      4) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – Сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;

      5) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру тәртібі

      3. Уәкілетті орган бюджет қаражаты есебiнен жыл сайын Сыйлықақылар беруді жүзегі асырады.

      4. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

      5. Үкіметтік емес ұйым Cыйлықақыны алғаннан кейін үш жыл ішінде оның сыйлықақыға үміткер болуға қайта ұсынылуына жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым бір салада ғана Сыйлықақы алуға ұсынылады.

      6. Бір сала бойынша Сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше сыйлықақы үміткеріне берілуі мүмкін. Бұл жағдайда Сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.

      7. Сыйлықақы алуға конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылғы 1 шілдеден кешіктірмей интернет-ресурсқа орналастырады. Хабарландыру Сыйлықақы алу конкурсына (бұдан әрі – конкурс) қатысуға қажетті құжаттар тізбесін және Сыйлықақылар беру салаларын қамтиды.

      8. Өтінімдер үкіметтік емес ұйымдармен (филиалдар мен өкілдіктерден басқа) уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін қоса алғанда мынадай тәсілдердің бірімен береді:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматында СD-дискілерде немесе USB-флеш- жинақтаушыларда);

      2) хабарламада көрсетілген уәкілетті органның электрондық мекенжайына (PDF форматында) және (немесе) веб-порталда электрондық түрде жолданады.

      9. Сыйлықақыға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

      4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (2 (екіден) кем емес);

      5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

      7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда);

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерінің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткер уәкілетті органға жоқ құжаттарды береді.

      Өтінім осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерге конкурсқа қатысуға өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжді жауап жібереді.

      Сыйлықақыға үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді, егер:

      1) Заңның 6-3-бабының 1-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтер болмаса;

      2) өтінімді үкіметтік емес ұйымның филиалы немесе өкілдігі берсе;

      3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақыға үміткер Сыйлықақы алса.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде үміткерге өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжді жауап жібереді.

      11. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында сыйлықақыға үміткерлердің тізбесін орналастырады.

      12. Сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдері 2 (екі) кезеңде қаралады.

      13. 1 (бірінші) кезеңде уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін жұмыс тобының құрамын қалыптастырады және бекітеді.

      Жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдарынан, үкіметтік емес ұйымдарынан, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, Сыйлықақылар берудің тиісті салалары жөніндегі сарапшылардан тұрады.

      14. Сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін жан-жақты зерделеу және бағалау мақсатында жұмыс тобы шеңберінде Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген салаларға сәйкес 16 секция құрылады.

      15. Әр секциядағы жұмыс тобы мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды құрайды.

      16. Жұмыс тобының құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      17. Уәкілетті орган жұмыс тобының құрамы бекітілген күннен бастап жұмыс тобы мүшелеріне электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін және бағалау парақтарды жолдайды.

      18. Жұмыс тобының мүшелері уәкілетті органнан өтінімдерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімдерді зерделейді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырып, өтінімдерді төмендегі өлшемшарттар бойынша 0 бастап 5 балға дейін бағалайды:

      1) республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі;

      2) ұсынып отырған сала бойынша жұмыс тәжірибесі;

      3) қызметтегі инновация.

      Балдар әрбір өлшемшарт бойынша жинақталады және жалпы балл қойылады.

      19. Жұмыс тобының мүшелері сыйлықақыға үміткерлерге ұсынымдар берген үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдеріне ұсынымдардағы көрсетілген мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салу жібереді.

      20. Уәкілетті орган электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы жолданған жұмыс тобы мүшелерінің бағалау парақтарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалау парақтарын тексереді және әр секция бойынша жеке бағалаудың жалпы қорытындысын шығарады.

      Бағалаудың жалпы қорытындысын шығарған кезде уәкілетті орган мынадай көрсеткіштер бойынша сыйлықақыға ұсынылатын үміткерлердің өтінімдерінің жалпы орташа балын айқындайды:

      0-ден 7,5-ке дейін – төмен;

      7,5-тен 12-ге дейін – орташа;

      12-ден 15-ке дейін – жоғары.

      21. 2 (екінші) кезеңде уәкілетті орган бағалау парақтарын тексеру және бағалаудың жалпы қорытындысын шығару рәсімдері аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Сыйлықақы беруге сыйлықақыға үміткерлерді бекіту туралы шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамын қалыптастырады және бекітеді.

      Комиссияның құрамы және ережесі уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      22. Жұмыс тобының және Комиссияның мүшелері уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берген үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы хабарламаны ұсынады.

      23. Уәкілетті орган Комиссия құрамын бекіткен күннен бастап, әр сала бойынша жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындысын Комиссияның қарауына жолдайды.

      24. Комиссияның құрамына уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Сыйлықақылар берудің тиісті сала жөніндегі сарапшылар кіреді.

      25. Комиссия құрамына сыйлықақыға үміткерлер мен жұмыс тобының мүшелері кірмейді.

      26. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады.

      Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.

      27. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы және 15 (он бес) адамнан аспауы керек. Комиссия мүшелері Комиссияның қызметіне ауысу құқығынсыз қатысады.

      28. Комиссияның сыйлықақыға үміткерлерге Сыйлықақылар беру туралы шешімі жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындыларын алған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде Комиссияның отырысында әрбір сала бойынша жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындылары негізінде қарапайым көпшілік дауыспен жеке ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия өтінімдерді қараған кезде Сыйлықақы жалпы орташа балының жоғары көрсеткіші бар сыйлықақыға үміткерлерге беріледі. Жалпы орташа балының деңгейі жоғары өтінімдер болмаған кезде Сыйлықақыны беруге арналған Комиссия жалпы орташа балының орташа көрсеткіші бар өтінімдерді қарайды. Жалпы орташа балының көрсеткіші төмен өтінімдер Сыйлықақы беруге жатпайды.

      Жалпы орташа балдың жоғары көрсеткіші және жалпы орташа балдың орташа көрсеткіші бар өтінімдер болмаған кезде, тиісті сала бойынша Сыйлықақы берілмейді және қаражат ең көп өтінім саны бар басқа салалар бойынша қайта бөлінеді.

      Сыйлықақыға ұсынылатын үміткерлерден бір сала бойынша 2 (екі) және одан кем өтінім келіп түскен және жалпы орташа балдың жоғары көрсеткішін және жалпы орташа балдың орташа көрсеткішін алған жағдайда, Сыйлықақыны беру немесе бермеу жөніндегі шешімді Комиссия қабылдайды.

      29. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      Уәкілетті орган хаттаманың алдын ала жобасын Комиссияның шешіміне қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыйлықақыға үміткерінің өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.

      Сыйлықақыға үміткер хаттаманың алдын ала жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарландыруда көрсетілген уәкілетті органның электрондық мекенжайына хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.

      Қарсылықтар келіп түскен жағдайда, олар қаралғаннан кейін Комиссияның төрағасы мен мүшелері конкурс хаттамасына қол қояды.

      Хаттамада Сыйлықақы беруге сыйлықақыға үміткерлер және себептерін көрсете отырып, Сыйлықақы берілмейтін сыйлықақыға үміткерлер көрсетіледі.

      30. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде Сыйлықақылар беруді жүзеге асырады.

      Сыйлықақыларды беру уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.

      31. Сыйлықақы берілген Сыйлықақыға ұсынылған үміткерлердің тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей жарияланады.

      Сыйлықақы берілген Сыйлықақыға ұсынылған үміткерлер тізбесі жарияланғаннан кейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын уәкілетті органға Сыйлықақыны аудару үшін банктік шоттың бар екендігі туралы анықтаманы (түпнұсқа) береді.

      32. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде банктік шоттың бар екендігі туралы анықтамада көрсетілген үкіметтік емес ұйымның банк шотына тиісті жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде Сыйлықақыны аударады.

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге: Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
Кімнен:
___________________________
(өтініш берушінің толық
атауын көрсету)

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру конкурсына қатысуға өтініш

      Осы өтінішпен

      _______________________________________________________________________

                        (өтініш берушінің толық атауын көрсету)

      үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді

      "_________________________________________________________"

      саласы бойынша ("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс,

      стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес

      ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 5-бабына сәйкес cаланы көрсету)

      Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы "___"__________.

      ________________________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
2-қосымша

Сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы

Р/с №

Атауы

Ақпарат (сыйлықақыға үміткер толтырады)

1.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үміткердің атауы


2.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні


3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі


4.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы


5.

Нақты мекенжайы


6.

Қызмет нысаны (Жарғыға сәйкес)


7.

Қызметтің мақсаттары (Жарғыға сәйкес)


8.

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық мекенжайы


      Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.

      ________________________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама

      ________________________________________________________________

      (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету)

      1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді

      шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      2."_______________________________________________________" саласы бойынша

      (ұсынып отырған саланың толық атауын көрсету) жұмыс тәжірибесі.

р/с №

Әлеуметтік жобаның атауы (негізгі қызметтің қысқа сипаттамасы)

Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері

Әлеуметтік жобаның нәтижелері





      *Ағымдағы жобаларды қоса алғанда, үкіметтік емес ұйым ұсынатын саланың тақырыбына сәйкес келетін, соңғы 3 (үш) жылда іске асырылған әлеуметтік жобаларды көрсету қажет (ұйым мамандары жеке негізде немесе басқа ұйымдар арқылы орындаған жобалар мен қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды).

      3. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің ұйымыңыз қандай қызмет инновацияларын қолданғанын сипаттаңыз.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.

      _________________________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

  Жұмыс тобы мүшесінің тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)
____________________________
Толтыру күні__________

      Іріктеу өлшемшарттары

      1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі (әсері жоқ – 0 балл, әлсіз әсер – 1-2 балл, қанағаттанарлық әсер – 3 балл, жақсы әсер – 4 балл, өте жақсы әсер – 5 балл);

      2. Ұсынып отырған сала бойынша жұмыс тәжірибесі (тәжірибесі жоқ – 0 балл, бір жылдан кем – 1 балл, 1 жылдан 2 жылға дейін – 3 балл, 2 жылдан 3 жылға дейін және одан жоғары – 5 балл);

      3. Қызмет инновациялары (инновация жоқ – 0 балл, жобалардағы шешімдердің жаңалығы – 1-2 балл, жұмыста жаңа технологиялар мен әдістерді әзірлеу және пайдалану – 3-4 балл, зияткерлік меншіктің болуы – 5 балл).

  ________(Қолы)

Үкіметтік емес ұйымның атауы

Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі

Ұсынып отырған сала бойынша жұмыс тәжірибесі

Қызметтегі инновация

Балл сомасы

Түсіндірме

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













      ____________

      (қолы)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  Кімге:
____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен:
____________________________
____________________________
(сарапшының (тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны алуға өтінім беретін үкіметтік емес ұйымдармен арадағы мүдделер қақтығысының болуы/болмауы туралы хабарлама (керегінің астын сызу)

      Мен ____________________________________________________ хабардар етемін (сарапшының (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін берілетін үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болмауы туралы тәуелсіз сарапшы ретінде өз қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстанамын.

      үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін үкіметтік емес ұйымдармен мүдделер қақтығысының болуы туралы (керегінің астын сызу).

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің астын сызу) болып табыласыз ба (егер болсаңыз, онда үкіметтік емес ұйымның атауын көрсету керек):

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыласыз ба (егер болсаңыз, басқару органының, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын лауазымын көрсету):

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ____________.

      Соңғы үш жыл ішінде Сіз үкіметтік емес ұйымнан көрсетілген қызметтер немесе тікелей қаржылық қолдау үшін төлем алдыңыз ба (егер алсаңыз, онда қандай қызметтер және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ________________________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның қызметкерлерімен жақын туыстық байланыстар бар ма (егер бар болса, онда қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық дәрежесін көрсету):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________.

      Сізде басқа ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (егер болса, көрсету керек):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________.

      Мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді және осы хабарламаны толтыру кезінде сенімді ақпарат беретінімді осымен растаймын.

      20___жылғы "____" ______________

      Қолы _________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады