БҰЙЫРАМЫН:
1. "Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4725 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
№ ____ Тапсыру актісі
Осы акт " " ___________ 20 __ жылы _____________________________________ _______________________________________________________________ __________ (музейдің бас қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
_______________________________________________________________ ___________ (музейдің қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
құрамымен төмендегі музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын: " " ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ________________________
_______________________________________________________________ ___________ (аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) қолы
уақытша пайдалануға ______________________________________ мақсатында қабылдағаны туралы жасалды:
№ р/с | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының атауы және олардың қысқаша сипаттамасы | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының саны | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының шифрі | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының сақталуы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мен,________________________________________________________________ (көрсетілген музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдаған ____________________________________________________________________ тұлғаның аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, лауазымы)
көрсетілген музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдаймын, және олардың сақталуын қамтамасыз етемін және осы актіде белгіленген мерзімде қайтарамын.
№ ____ Қайтару актісі
Осы акт " " ___________ 20 __ жылы _____________________________________
_______________________________________________________________ ___________ (музейдің бас қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
_______________________________________________________________ ___________ (музейдің қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
құрамымен төмендегі музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын:
" " ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ________________________
_______________________________________________________________ ___________ (аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) қолы
" " ________ 20 __ жылы қайтарғаны туралы жасалды:
№ р/с | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының атауы және олардың қысқаша сипаттамасы | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының саны | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының шифрі | Музей затының және (немесе) музей коллекциясының сақталуы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |