БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын ұйымдар экономикалық қызмет түрлеріне және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан қолданады және олар белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігін, жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу және тарифтік-біліктілік сипаттамаларға сәйкес біліктілік разрядтарын беру, жұмысшы кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының дұрыс атауларын айқындау үшін, сондай-ақ экономикалық қызметтің тиісті салаларында жұмысшыларды даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын жасау үшін арналған.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Нақты жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшының оған берілген разрядтың біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа осы кәсіптің бұдан біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамаларында көзделген жұмыстарды атқаруы үшін қажетті білімдері, дағдылары мен машықтары болуы ескеріле отырып әзірленген.
Жекелеген кәсіптердің ең төменгі разрядтағы жұмыстарының сипаттамаларына сәйкес технологиялық процесті жүргізу біліктілігі одан жоғары жұмысшының басшылығымен жүргізіледі. Мұндай жағдайларда анағұрлым жоғары разрядтары бар жұмысшылар осы кәсіптегі разрядтары анағұрлым төмен жұмысшылардың технологиялық процестерді жүргізуін немесе жекелеген жұмыстарды орындауын ұйымдастыра білуге тиіс.
Анағұрлым төмен разрядтардың тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар, неғұрлым жоғары разрядтардың сипаттамаларында көрсетілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |