"Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 12/2-VII шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 наурызда № 1316 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 тамыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімінің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 55-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібінде (бұдан әрі – Тәртіп):
      Тәртіптің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Осы Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес әзірленді.";
      4-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "5. Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
      2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар жасына байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
      3) көп балалы аналарға;
      4) көп балалы отбасыларға;
      5) мүгедектерге;
      6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, оның ішінде ата-анасының (заңды өкiлдерінің) біреуіне ұсынылады.";
      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату үшін электрондық атаулы картасының түпнұсқасы негіз болып табылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының сессия төрағасы А. Табулдина
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Е. Каналимов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады