"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 5 сәуірдегі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мыналарға:
Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
жобалық атауы А20 көшеге – Қалижан Бекхожин көшесі;
жобалық атауы А33 көшеге – Әбубәкір Тыныбаев көшесі;
жобалық атауы А41 көшеге – Ұзақбай Қараманов көшесі;
жобалық атауы А349 көшеге – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы Е30 көшеге – Күлтегін көшесі;
жобалық атауы Е109 көшеге – Ғабдолла Тоқай көшесі деп атау берілсін.
2. Мыналар:
Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:
Күлтегін орамы – Биші қайың орамы деп қайта аталсын.
3. Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл" аудандарының әкімдері, "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан мәслихаты қаласы сессиясының төрағасы |
Н. Купешов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |