Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1244 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификаттары азаматтардың мына санаттарына айқындалсын:
1) Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін:
білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне;
арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарындағы қызметкерлерге;
мәдениет және спорттық ұйымдарының бейіндік қызметкерлеріне;
2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;
3) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайға мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың мынадай халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
қандастар;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар арасында.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |