Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2024 № 8С-11-12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6124 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
бүкіл мәтін бойынша "оралмандарды", "оралмандардың" және "оралмандар" деген сөздерді "қандастарды", "қандастардың" және "қандастар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ж.Амиржанов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | М.Балпан |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемеcі |