"Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 7С-3-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 8452 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2024 № 8С-11-9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Е.Мащинская
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
М.Балпан


  Ақмола облыстық мәслихатының
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 7С-3-4 шешіміне
қосымша
  Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 6С-50-7 шешіміне
1 қосымша

Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу
кезінде тегін қосымша ұсынылатын медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі,
оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

Аурудың атауы

Халық санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ауырлық ағымы)

Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің,медициналық бұйымдардың атауы (шығарылу нысаны)

1

2

3

4

5

1.

Ювенилді идиопатиялық артрит

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді жасауға арналған концентрат

2.

Буллалы эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлығының барлық сатылары мен дәрежесі

Таңу материалдары, медициналық бұйымдар

Декспантенол, сыртқа қолдануға арналған крем, сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Арнайы емдік өнімдер

3.

Өкпелік гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлығының барлық сатылары мен дәрежесі

Риоцигуат, таблетка

4.

Цитомегаловирустық инфекция

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Алдын алу және емдеу, оның ішінде ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейін

Ганцикловир, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді

Валганцикловир, таблетка

Цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

5.

Бехчет ауруы, CAPS синдромы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда

Канакинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді

6.

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Ауырлығының барлық сатылары мен дәрежесі

Вигабатрин, таблетка

Осполот, таблетка

Клобазам, таблетка

7.

Созылмалы С вирусты гепатиті, бауыр циррозы сатысын қоса алғанда

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда

Пегинтерферон альфа-2b, тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішімен бір жиынтықта

8.

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Белсенді фазада гистологиялық немесе генетикалық расталған тіндік трансглютаминазаға антиденелер бар

Арнайы емдік өнімдер (глютенсіз өнімдер)

9.

Орфандық (сирек кездесетін) аурулар

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәрігердің тағайындауымен

Иммуноглобулин G (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді

10.

Шашыранды склероз

Диспансерлік есепте тұрған ересек науқастар

Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған немесе тиімділік болмаған жағдайда

Диметилфумарат, капсула


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады