Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/216 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 8461 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      Ақмола облысы әкімдігінің "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 10 маусымдағы № А-7/269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 болып тіркелген);

      Ақмола облысы әкімдігінің "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № А-7/269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 30 қазандағы № А-11/520 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7465 болып тіркелген).

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады