Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № А-8/377 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 194-1-жолмен толықтырылсын:
"
194-1 | Ілияс Есенберлин ескерткіші | монументтік өнер құрылысы | Атбасар қ., әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда |
";
реттік нөмірі 278-жол алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 556-1-жолмен толықтырылсын:
"
556-1 | "Құмай" археологиялық-этнографиялық кешені, біздің дәуіріміздің VI-VII ғасыр | археология |
Қарағайлы а. солтүстігіне қарай 5 км. |
";
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 924-1-жолмен толықтырылсын:
"
924-1 | Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің ескерткіші | монументтік өнер құрылысы | Көкшетау қ., Абай көшесіндегі қалалық саябақ |
";
реттік нөмірі 1017-жол алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 1033-жолмен толықтырылсын:
"
1033 | Қажымұқан Мұңайтпасов ескерткіші | монументтік өнер құрылысы | Степногорск қ., Спорт сарайы алдындағы алаң |
".
2. "Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |