Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 7С-10-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қарашада № 25309 болып тіркелді

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Экологиялық Кодекс), "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) басқарушы компания – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      4) контейнер алаңдары – тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы бейімделген көлікке арналған кірме жолдары бар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар;

      5) көп пәтерлі тұрғын үй мүлкі меншік иелерінің бірлестігі – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      6) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      7) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      8) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      9) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі (бұдан әрі – орталықтандырылған жүйе) – меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) тұратын (орналасқан) және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын және меншік құқығында контейнер алаңдары мен контейнерлері жоқ, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жерде орналасқан, меншік құқығындағы контейнер алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жүйе;

      10) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын аудан және қала жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

      11) ұйым – абаттандыру саласында мамандандырылған жеке немесе заңды тұлға;

      12) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;

      13) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      14) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.";

      келесі мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар өздерiнiң меншiгi болып табылмайтын анықталған өндiрiс пен тұтыну қалдықтары туралы жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлайды.";

      келесі мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-5, 18-6-тармақтармен толықтырылсын:

      18-1. Тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жария шарттар негізінде орталықтандырылған жүйені пайдаланады және жергілікті өкілетті орган бекіткен тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдағаны үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлейді.

      Орталықтандырылған жүйе жергілікті атқарушы органмен Экологиялық Кодекстің талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады.

      18-2. Тұрғын үйлерде немесе жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйені пайдалану кезінде Экологиялық Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындаған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға шарт жасайды.

      Жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің орталықтандырылған жүйеге жатпайтын көрсетілетін қызметтерін пайдалану кезінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар және хабарламалар тізіліміне енгізілген қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға шарт жасайды.

      18-3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларында өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай қағидаларға сәйкес келетін және қалдықтардың басқа түрлерін тасымалдауға арналмаған, арнайы жабдықталған көлік құралдарын ғана пайдаланады.

      18-4. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өз бетінше әкету кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер Экологиялық Кодекстің талаптарын сақтайды, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуді және (немесе) көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасайды.

      18-5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері немесе тұрмыстық қатты қалдықтарды өз бетінше әкетуді жүзеге асыратын қалдықтардың меншік иесі мұндай қалдықтардың тұрмыстық қатты қалдықтарды қалпына келтіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді.

      18-6. Экологиялық Кодекстің 351-бабында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигонына қалдықтарды тікелей әкету тұрмыстық қатты қалдықтарды қалпына келтіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері болмаған немесе осы елді мекендегі осындай субъектілердің өндірістік қуаты жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі.";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын өз бетінше арнайы орындарға немесе Экологиялық Кодекске сәйкес қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығарады.";

      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады