Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/6 "Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № С-6/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 8476 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6500 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық
мәслихаты сессиясының төрағасы
С.Максимец
      Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Р.Калишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады