"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
С.Максимец |
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы | Р.Калишев |
Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № С-6/11 шешіміне қосымша |
Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Краснояр селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген) шешімі;
2. Көкшетау қалалық мәслихатының "Станционный кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5963 болып тіркелген) шешімі;
3. Көкшетау қалалық мәслихатының "Станционный кентінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 12 маусымдағы № С -21/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6701 болып тіркелген) шешімі;
4. Көкшетау қалалық мәслихатының "Краснояр ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 12 маусымдағы № С-21/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6702 болып тіркелген) шешімі.