Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С 65-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы | Д.Салыбекова |
Ақкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № С 8-2 шешіміне 1-қосымша |
|
Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С 65-2 шешіміне 1-қосымша |
Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Орталық алаң, Азат ауылы, Алаш көшесі, 4 Б.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Азат ауылы, Алаш көшесі, № 2 үйден № 25 үйге дейін.
3. Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71.
4. Қалалық стадион, Ақкөл қаласы, Пушкин көшесі.
5. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, № 1 үйден орталық алаңға дейін.
6. Ескерткіш-обелискінің алдындағы алаң, Домбыралы ауылы, Алаш көшесі.
7. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Домбыралы ауылы, Алаш көшесі, № 2 үйден ескерткіш-обелиск алдындағы алаңға дейін.
8. Мәдени-спорттық кешеннің алдындағы алаң, Еңбек ауылы, Бейбітшілік көшесі, 37.
9. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Еңбек ауылы, Студенттер көшесі, "Светлана" дүкенінен "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов атындағы мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына дейін.
10. Обелискінің алдындағы алаң, Жалғызқарағай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі.
11. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Жалғызқарағай ауылы, Орталық көшесі, № 1 үйден № 35 үйге дейін.
12. "Сембаев" жеке кәсіпкердің әкімшілік ғимаратының алдындағы алаң, Қына ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 2.
13. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Қына ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 1 үйден "Айгуль" дүкеніне дейін.
14. Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Наумов ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, 19.
15. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Наумов ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, № 1 үйден ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін.
16. Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Новорыбин ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, 12.
17. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Новорыбин ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, № 2 үйден ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін.
18. Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Урюпин ауылы, Кенесары атындағы көшесі, 66.
19. Бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Урюпин ауылы, Абылайхан атындағы көшесі, № 78 үйден Мұхтар Әуезов атындағы көшесінің қиылысына дейін.
Ақкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № С 8-2 шешіміне 2-қосымша |
|
Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С 65-2 шешіміне 2-қосымша |
Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) орталық алаң, Азат ауылы, Алаш көшесі, 4 Б, шекті толу нормасы 40 адам;
2) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Азат ауылы, Алаш көшесі, № 2 үйден № 25 үйге дейін, шекті толу нормасы 40 адам;
3) аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71, шекті толу нормасы 100 адам;
4) қалалық стадион, Ақкөл қаласы, Пушкин көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;
5) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, № 1 үйден орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
6) ескерткіш-обелискінің алдындағы алаң, Домбыралы ауылы, Алаш көшесі, шекті толу нормасы 40 адам;
7) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Домбыралы ауылы, Алаш көшесі, № 2 үйден ескерткіш-обелиск алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
8) мәдени-спорттық кешеннің алдындағы алаң, Еңбек ауылы, Бейбітшілік көшесі, 37, шекті толу нормасы 30 адам;
9) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Еңбек ауылы, Студенттер көшесі, "Светлана" дүкенінен "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов атындағы мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
10) обелискінің алдындағы алаң, Жалғызқарағай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, шекті толу нормасы 40 адам;
11) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Жалғызқарағай ауылы, Орталық көшесі, № 1 үйден № 35 үйге дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
12) "Сембаев" жеке кәсіпкердің әкімшілік ғимаратының алдындағы алаң, Қына ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 2, шекті толу нормасы 40 адам;
13) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Қына ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 1 үйден "Айгуль" дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
14) ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Наумов ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, 19, шекті толу нормасы 50 адам;
15) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Наумов ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, № 1 үйден ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
16) ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Новорыбин ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, 12, шекті толу нормасы 30 адам;
17) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Новорыбин ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, № 2 үйден ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
18) ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Урюпин ауылы, Кенесары атындағы көшесі, 66, шекті толу нормасы 40 адам;
19) бейбіт жиналыстарды өткізу және жүру бағыты: Урюпин ауылы, Абылайхан атындағы көшесі, № 78 үйден Мұхтар Әуезов атындағы көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 30 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ақкөл ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Ақкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № С 8-2 шешіміне 3-қосымша |
|
Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С 65-2 шешіміне 3-қосымша |
Ақкөл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Ақкөл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.