Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 8332 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 24.11.2021 № 16/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Аршалы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Анюхина
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Казбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының әкімдігі

  Аршалы аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 2/2 шешіміне
1 қосымша

Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 24.11.2021 № 16/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Орталық саябақтың алдында орналасқан алаң, Аршалы кенті, Жұмабек Тәшенов көшесі, 47 Д.

      2. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының қасында орналасқан алаң, Аршалы кенті, Жұмабек Тәшенов көшесі, 22 А.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Аршалы кенті, Жұмабек Тәшенов көшесі бойымен Республика көшесінің қиылысына дейін.

      4. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Анар станциясының клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Тәшенов көшесі, 18.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Тәшенов көшесі бойымен.

      6. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Арнасай ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Арнасай ауылдық округі, Арнасай ауылы, Мира көшесі, 2.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Арнасай ауылдық округі, Арнасай ауылы, Рождественский көшесі бойымен 9 май көшесінің қиылысына дейін.

      8. "Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Достық көшесі, 54.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойымен Достық көшесінің қиылысына дейін.

      10. "Колос" шаруа қожалығы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Берсуат ауылдық округі, Берсуат ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Берсуат ауылдық округі, Берсуат ауылы, Жеңіс көшесі бойымен Республика көшесінің қиылысына дейін.

      12. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Бұлақсай ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Бұлақсай ауылдық округі, Бұлақсай ауылы, Оқжетпес көшесі, 6.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бұлақсай ауылдық округі, Бұлақсай ауылы, Тыңигерушілер көшесі бойымен Оқжетпес көшесінің қиылысына дейін.

      14. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Волгодонов ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Волгодонов ауылдық округі, Волгодонов ауылы, Центральная көшесі, 3.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Волгодонов ауылдық округі, Волгодонов ауылы, Достық көшесі бойымен Центральная көшесіне дейін.

      16. "Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, Құрылыс шағын ауданы, 4.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, Мәншүк Мәметова және Сарыарқа көшелерінің қиылысынан Құрылыс шағын ауданына дейін.

      18. "Ижевск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Ижевск ауылдық округі, Ижевск ауылы, Мир көшесі, 17.

      19. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ижевск ауылдық округі, Ижевск ауылы, Мир көшесі бойымен.

      20. "Еңбек–1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Константинов ауылдық округі, Константинов ауылы, Центральная көшесі, 47.

      21. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Константинов ауылдық округі, Константинов ауылы, Центральная көшесі бойымен.

      22. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Михайлов ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Михайлов ауылдық округі, Михайлов ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 15.

      23. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Михайлов ауылдық округі, Михайлов ауылы, Заводская көшесі бойымен Абай Құнанбаев көшесіне дейін.

      24. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Түрген ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Жеңіс көшесі, 21.

      25. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Жеңіс көшесі бойымен.

      26. Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Сараба ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Сараба ауылдық округі, Сараба ауылы, Абай көшесі, 23.

      27. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сараба ауылдық округі, Сараба ауылы, Достық көшесі бойымен Абай көшесіне дейін.

  Аршалы аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 2/2 шешіміне
2 қосымша

Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 24.11.2021 № 16/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      1. Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) орталық саябақтың алдында орналасқан алаң, Аршалы кенті, Жұмабек Тәшенов көшесі, 47 Д, шекті толу нормасы 50 адам;

      2) Аршалы ауданы әкімділігінің "Аршалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының қасында орналасқан алаң, Аршалы кенті, Жұмабек Тәшенов көшесі, 22 А, шекті толу нормасы 30 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Аршалы кенті, Жұмабек Тәшенов көшесі бойымен Республика көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      4) Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Анар станциясының клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Тәшенов көшесі, 18, шекті толу нормасы 30 адам;

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Анар ауылдық округі, Анар станциясы, Тәшенов көшесі бойымен, шекті толу нормасы 30 адам;

      6) Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Арнасай ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Арнасай ауылдық округі, Арнасай ауылы, Мира көшесі, 2, шекті толу нормасы 30 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Арнасай ауылдық округі, Арнасай ауылы, Рождественский көшесі бойымен 9 май көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      8) "Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Достық көшесі, 54, шекті толу нормасы 30 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойымен Достық көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      10) "Колос" шаруа қожалығы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Берсуат ауылдық округі, Берсуат ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3, шекті толу нормасы 30 адам;

      11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Берсуат ауылдық округі, Берсуат ауылы, Жеңіс көшесі бойымен Республика көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      12) Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Бұлақсай ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Бұлақсай ауылдық округі, Бұлақсай ауылы, Оқжетпес көшесі, 6, шекті толу нормасы 30 адам;

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бұлақсай ауылдық округі, Бұлақсай ауылы, Тыңигерушілер көшесі бойымен Оқжетпес көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      14) Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Волгодонов ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Волгодонов ауылдық округі, Волгодонов ауылы, Центральная көшесі, 3, шекті толу нормасы 30 адам;

      15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Волгодонов ауылдық округі, Волгодонов ауылы, Достық көшесі бойымен Центральная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      16) "Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, Құрылыс шағын ауданы, 4, шекті толу нормасы 40 адам;

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, Мәншүк Мәметова және Сарыарқа көшелерінің қиылысынан Құрылыс шағын ауданына дейін, шекті толу нормасы 40 адам;

      18) "Ижевск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Ижевск ауылдық округі, Ижевск ауылы, Мир көшесі, 17, шекті толу нормасы 30 адам;

      19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ижевск ауылдық округі, Ижевск ауылы, Мир көшесі бойымен, шекті толу нормасы 30 адам;

      20) "Еңбек–1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Константинов ауылдық округі, Константинов ауылы, Центральная көшесі, 47, шекті толу нормасы 30 адам;

      21) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Константинов ауылдық округі, Константинов ауылы, Центральная көшесі бойымен, шекті толу нормасы 30 адам;

      22) Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Михайлов ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Михайлов ауылдық округі, Михайлов ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 15, шекті толу нормасы 30 адам;

      23) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Михайлов ауылдық округі, Михайлов ауылы, Заводская көшесі бойымен Абай Құнанбаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      24) Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Түрген ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қасында орналасқан алаң, Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Жеңіс көшесі, 21, шекті толу нормасы 30 адам;

      25) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Жеңіс көшесі бойымен, шекті толу нормасы 30 адам;

      26) Аршалы ауданы әкімдігінің "Аршалы ауданы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Сарыоба ауылының ауылдық клубы ғимаратының қасында орналасқан алаң, Сарыоба ауылдық округі, Сараба ауылы, Абай көшесі, 23, шекті толу нормасы 30 адам;

      27) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сараба ауылдық округі, Сараба ауылы, Достық көшесі бойымен Абай көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Аршалы ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

 
  Аршалы аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 2/2 шешіміне
3 қосымша

Аршалы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 24.11.2021 № 16/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Аршалы ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады