Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 26.11.2021 № 17 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 6 хаттамасының негізінде, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж. Амиржанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж. Амиржановқа жүктелсін.
4. Осы шешімнің әрекеті 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшінен енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Байманов |