Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константиновка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 7323 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Константиновка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Константиновка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константиновка ауылдық округі Константиновка ауылының Куйбышев кошесі Достық көшесіне, Советская көшесі А.М. Михедько көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Константиновка ауылдық округі әкімі Е. Таласов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады