Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С 2/2 "Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С 9/7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25269 болып тіркелді

      Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 19 қаңтардағы №7С 2/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8333 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелер туралы";

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық
мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
Н.Рахимов


  Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 7С 9/7 шешіміне
1 қосымша
  Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қантардағы
№ 7С 2/2 шешіміне
1 қосымша

Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Орталық алаң, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9.

      2. Жеңіс скверінің алаңы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесіндегі орталық алаңнан Ақан Құрманов атындағы көшесінің қиылысына дейін, Ақан Құрманов атындағы көшемен С.Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін, Жеңіс скверіне дейін.

      4. Мариновка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Мариновка ауылы, Жеңіс көшесі, 65.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мариновка ауылы, Парковая және Жеңіс көшелерінің қиылысынан Мариновка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      6. Шуйское ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Шуйское ауылы, Стадионная көшесі, 2.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шуйское ауылы, Оразбек Қуанышев және Михаил Довжик көшелерінің қиылысынан Шуйское ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      8. Орталық алаң, Бастау ауылы, Байғара көшесі, 26а.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бастау ауылы, Достар және Сыбағат Боранбаев атындағы көшелерінің қиылысынан Байғара көшесіндегі орталық алаңға дейін.

      10. Сергеевка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Сергеевка ауылы, Абылайхан атындағы көшесі, 17.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сергеевка ауылы, Қазақстан және Абылайхан атындағы көшелерінің қиылысынан Сергеевка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      12. Сочинское ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Сочинское ауылы, Бейбітшілік көшесі, 18.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сочинское ауылы, Жастар және Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан Сочинское ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      14. Ақан Құрманов ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Ақан Құрманов ауылы, Бәйтерек көшесі, 6.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақан Құрманов ауылы, Мәдениет және Бәйтерек көшелерінің қиылысынан Ақан Құрманов ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      16. Тельман ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Тельман ауылы, Ынтымақ көшесі, 1.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тельман ауылы, Достық және Ынтымақ көшелерінің қиылысынан Тельман ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      18. "Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Тимашевка ауылы, Орталық көшесі, 49/1.

      19. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тимашевка ауылы, Гагарин және Орталық көшелерінің қиылысынан "Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      20. Орталық алаң, Сепе ауылы, Орталық көшесі, 9.

      21. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сепе ауылы, Болашақ және Орталық көшелерінің қиылысынан орталық алаңға дейін.

      22. Новоселькое ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Новосельское ауылы, Мәдениет көшесі, 25.

      23. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новосельское ауылы, Жеңіс және Мәдениет көшелерінің қиылысынан Новоселькое ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      24. Полтавка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Полтавка ауылы, СемҰн Петренко көшесі, 41.

      25. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Полтавка ауылы, Абай және СемҰн Петренко көшелерінің қиылысынан Полтавка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      26. "Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Покровка ауылы, Жастар көшесі, 9.

      27. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Покровка ауылы, Мәдениет және Жастар көшелерінің қиылысынан "Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      28. Орталық алаң, Борисовка ауылы, Бейбітшілік көшесі, 40.

      29. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Борисовка ауылы, СемҰн Клименко атындағы және Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан орталық алаңға дейін.


  Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 7С 9/7 шешіміне
2 қосымша
  Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қантардағы
№ 7С 2/2 шешіміне
2 қосымша

Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) орталық алаң, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9, шекті толу нормасы 200 адам;

      2) жеңіс скверінің алаңы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесіндегі орталық алаңнан Ақан Құрманов атындағы көшесінің қиылысына дейін, Ақан Құрманов атындағы көшемен С.Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін, Жеңіс скверіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      4) Мариновка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Мариновка ауылы, Жеңіс көшесі, 65, шекті толу нормасы 70 адам;

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мариновка ауылы, Парковая және Жеңіс көшелерінің қиылысынан Мариновка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      6) Шуйское ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Шуйское ауылы, Стадионная көшесі, 2, шекті толу нормасы 50 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шуйское ауылы, Оразбек Қуанышев және Михаил Довжик көшелерінің қиылысынан Шуйское ауылдық округінің Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      8) орталық алаң, Бастау ауылы, Байғара көшесі, 26а, шекті толу нормасы 50 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бастау ауылы, Достар және Сыбағат Боранбаев атындағы көшелерінің қиылысынан Байғара көшесіндегі орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      10) Сергеевка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Сергеевка ауылы, Абылайхан атындағы көшесі, 17, шекті толу нормасы 50 адам;

      11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сергеевка ауылы, Қазақстан және Абылайхан атындағы көшелерінің қиылысынан Сергеевка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      12) Сочинское ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Сочинское ауылы, Бейбітшілік көшесі, 18, шекті толу нормасы 50 адам;

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сочинское ауылы, Жастар және Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан Сочинское ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      14) Ақан Құрманов ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Ақан Құрманов ауылы, Бәйтерек көшесі, 6, шекті толу нормасы 50 адам;

      15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақан Құрманов ауылы, Мәдениет және Бәйтерек көшелерінің қиылысынан Ақан Құрманов ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      16) Тельман ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Тельман ауылы, Ынтымақ көшесі, 1, шекті толу нормасы 50 адам;

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тельман ауылы, Достық және Ынтымақ көшелерінің қиылысынан Тельман ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      18) "Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Тимашевка ауылы, Орталық көшесі, 49/1, шекті толу нормасы 50 адам;

      19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тимашевка ауылы, Гагарин және Орталық көшелерінің қиылысынан "Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      20) орталық алаң, Сепе ауылы, Орталық көшесі, 9, шекті толу нормасы 50 адам;

      21) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сепе ауылы, Болашақ және Орталық көшелерінің қиылысынан орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      22) Новоселькое ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Новосельское ауылы, Мәдениет көшесі, 25, шекті толу нормасы 50 адам;

      23) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новосельское ауылы, Жеңіс және Мәдениет көшелерінің қиылысынан Новоселькое ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      24) Полтавка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Полтавка ауылы, СемҰн Петренко көшесі, 41, шекті толу нормасы 50 адам;

      25) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Полтавка ауылы, Абай және СемҰн Петренко көшелерінің қиылысынан Полтавка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      26) "Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Покровка ауылы, Жастар көшесі, 9, шекті толу нормасы 50 адам;

      27) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Покровка ауылы, Мәдениет және Жастар көшелерінің қиылысынан "Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      28) орталық алаң, Борисовка ауылы, Бейбітшілік көшесі, 40, шекті толу нормасы 50 адам;

      29) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Борисовка ауылы, СемҰн Клименко атындағы және Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайларын орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Атбасар ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 7С 9/7 шешіміне
3 қосымша
  Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қантардағы
№ 7С 2/2 шешіміне
3 қосымша

Атбасар ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Атбасар ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарында, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады