Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2682,1 гектар Астрахан ауданы Астрахан ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.
2. Астрахан ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі |
Н.Сеилов |
Астрахан аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Мальков |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |
Бірлескен Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы № 32 қаулысына және |
|
Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 7С-3-3 шешіміне қосымша |
Астрахан ауданы Астрахан ауылы жерлерінің экспликациясы
Гектар |
Жалпы алаңы | Ауыл шаруашылық алқаптарының барлығы | Оның ішінде | Су астында | Жолдар астында | Құрылыстар астында | Басқалар | |
Жайылымдар | Егістік | ||||||
2682,1 | 1795,0 | 1795,0 | 0 | 3,0 | 10,0 | 516,0 | 358,1 |