Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілері туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің "Бұланды ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы № а-06/197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6015 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданы әкімі | Т.Ерсеитов |