Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттарды айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № а-6/166 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 маусымда № 23177 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттар айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ерейментау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі А.Альжанов


  Әкімдіктің 2021 жылғы
"18" маусымдағы
№ а-6/166 қаулысына
қосымша

Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрлері

1

Коммуналдық мүлікті одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделілігі болмауы

Сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу

2

Коммуналдық мүлікті сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі

Сауда-саттықты тендер нысанында өткізу

3

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау

Тікелей атаулы сату


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады