Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Ерейментау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 6С-17/5-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6241 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Абжиков |